Азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының әлеуетін арттыру арқылы Қазақстанда азаптаумен күресуде халықаралық стандарттарды және озық тәжірибені енгізуге жәрдемдесу

21.07.2022

Жоба Қазақстанда азаптау мен қатыгез іс-әрекетті түбімен жоюға қолдау көрсетуге және азаптауға қарсы халықаралық стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаның мақсаты азаптауды бақылау және құжаттау, құрбандарға көмек көрсету және азаптаудың алдын алу жөніндегі реформаларды насихаттау саласында  азаматтық қоғамның әлеуетін нығайту; азаптаудан еркінр қоғамды құру бойынша азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты жақсарту; азаптау мәселелерін шешуде тиісті ұлттық және халықаралық органдардың хабардар болуын жақсартуға және жұмыс тиімділігін арттыруға көмектесу болып табылады.

Жобаны атқарушы-ұйымның аты: Өтініш беруші: Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюро (АҚҚХБ)

Бірлесіп өтініш беруші: Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (АҚХС)

Ұзақтығы: 1 ақпан 2020 – 31 қаңтар 2023

Жалпы бюджет: €315,800

ЕО салымы: €300,000

Жобаның серіктестері: Қазақстанның Азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы, мемлекеттік органдар

Аумағы: Қазақстан

Түйінді сөздер: Жобаны интернетте іздеуді жеңілдететін 3 түйінді сөз: Қазақстан; азаптаумен күрес; Азаптауға қарсы коалиция

Келісім-шарт:  EIDHR/2019/ 412-757

Негізгі мақсатты топтар

- Қазақстанда азаптау және қатыгез іс-әрекеттерге қарсы күреспен айналысатын ҮЕҰ, атап айтқанда Азаптауға қарсы ҮЕҰ коалиция мүшелері;

- болжалды құрбандар және азаптау мен қатыгез іс-әрекет құрбандары, соның ішінде тұтқынға алынған тұлғалар және әйелдер, балалар және мүгедектер, оның ішінде олардың отбасы мүшелері секілді әлсіз топтар өкілдері;

- Ұлттық алдын алу тетігінің мүшелері;

- мемлекеттік органдардың өкілдері; және

- халықаралық институттар және мүдделі тараптар.

Күтілетін нәтижелер

- азаптауларға қарсы әрекет ету үшін Азаптауға қарсы ҮЕҰ коалицияның әлеуетін және ресурстарын арттыру;

- азаптаумен күресуде азаматтық қоғам және мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және Ұлттық алдын алу тетігінің тиімдірек жұмыс істеуі;

- азаптау құрбандары үшін теңбе-тең құқықтық, медициналық және психологиялық көмектің қолжетімділігін жақсарту;

- құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаптау туралы арыздарын тергеудегі және кінәлі адамдарды жауапқа тартуда білім деңгейлері мен дағдыларын арттыру

- Қазақстанда азаптарды қолдану мәселелерін толығырақ айқындап баяндау және ұлттық және халықаралық мақсатты институттар үшін осындай ақпараттың қолжетімділігін жеңілдету.