Саяхаттау және білім алу
Саяхаттау және білім алу
Бұл парақшада ЕО және Қазақстан арасында саяхаттау, сонымен қатар оқу сапарлары мен ЕО туралы ақпаратқа қол жеткізу бойынша ақпарат берілген.
On This Page
Визалар
ЕО-ға бару үшін Қазақстан азаматтары виза рәсімдеуі қажет. Баратын жеріне байланысты Шенген немесе ұлттық виза қажет болады.
ШЕНГЕН ВИЗАСЫ ҚАНДАЙ ЕЛДЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ?
Бүгін Шенген келісімінің ережелері толыққанды түрде Шенгенаймағының 27 елінде (Шенген ел) : Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Дания, Греция, Исландия Италия Латвия, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция және Эстонияда қолданылады. Бұл елдер қысқа мерзімді визаға қатысты бірыңғай саясатты ұстанады. Шенген визасын алып, Сіз Шенген аймағының бүкіл аумағында кедергісіз жүре аласыз.
ҰЛТТЫҚ ВИЗА ҚАНДАЙ ЕЛДЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ?
Кипр, Болгария, Румыния мен Ирландия бұрынғыдай ұлттық виза ресімдеуде. Осындай визалар қысқа уақыт ішінде және оларды берген мемлекеттер аумағында ғана қолданылатынын білдіреді.
ВИЗА АЛУ ҮШІН ҚАЙДА БАРУ КЕРЕК?
Егер Сіз Шенген аймағына кіретін тек бір мемлекетке баратын болсаңыз, онда осы мемлекеттің елшілігіне немесе консулдығына өтінішпен баруыңыз керек. Егер Сіз Шенген аймағына кіретін бірнеше мемлекетке баратын болсаңыз, онда Сіздің барып тұратын негізгі орныңыз болатын елдің елшілігіне немесе консулдығына өтінішпен баруыңыз керек. Егер Сіз Шенген аймағына кіретін бірнеше мемлекетке баратын болсаңыз, бірақ негізгі бағытыңыз болмаса, онда визаға өтінішті бірінші кезекте баратын елдің елшілігіне немесе консулдығына тапсыруыңыз қажет.
Қосымша ақпарат үшін жиі қойылатын сұрақтарды
"Шекарасыз Еуропа: Шенген аймағы" кітапшасы
ЕО визалық саясаты туралы қосымша ақпаратты Сіз Бостандық, қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бас басқармасының сайтынан ала аласыз.
Визаға өтініш беру рәсімі туралы қосымша ақпарат алу үшін ЕО мүше-мемлекеттер елшілігіне немесе консулдығына хабарласуыңызды өтінеміз (Елшіліктер бөлімін қараңыз).
Елшіліктер
Австрия Қазақстан Республикасы Website: www.bmeia.gv.at/oeb-astana |
Бельгия Қазақстан Республикасы |
|
Болгария Қазақстан Республикасы |
Хорватия Қазақстан Республикасы |
|
Кипр Ресей 121069 |
Чех Республикасы Қазақстан Республикасы |
|
Дания Дания сауда комиссия Қазақстан Республикасы |
Дания РФ-да орналасқан Ресей 119034 |
|
Эстония Қазақстан Республикасы Website: https://astana.mfa.ee/ |
Финляндия Қазақстан Республикасы Website: https://finlandabroad.fi/web/kaz/ |
|
Франция Қазақстан Республикасы |
Франция Бас консулдық Қазақстан Республикасы Park View Office Tower Тел.: + 7 (7273) 21 09 14 E-mail: |
|
Германия Қазақстан Республикасы 010000 Website: https://kasachstan.diplo.de/ |
Германия Алматы қаласы бас Қазақстан Республикасы |
|
Греция Қазақстан Республикасы |
Венгрия Қазақстан Республикасы Website:https://nurszultan.mfa.gov.hu |
|
Венгрия Алматы қаласы бас консулдық Қазақстан Республикасы Website: https://almati.mfa.gov.hu/ |
Ирландия Ресей 129010 |
|
Италия Қазақстан Республикасы 010000 |
||
Латвия Қазақстан Республикасы |
Литва Қазақстан Республикасы Website: https://kz.mfa.lt/kz
|
|
Литва Бас консулдық Қазақстан Республикасы, Астана 050059 Горный гигант, Искендеров көшесі 15 Tel: +77272631040, 632505 E-mail: kons.almata@urm.lt Website: consulate-almaty.mfa.lt |
Люксембург Ресей 119034 |
|
Мальта Ресей Website: https://foreign.gov.mt/en/embassies /me_moscow/Pages/ME_Moscow.aspx |
Нидерланды Қазақстан Республикасы Website: https://www.netherlandsandyou.nl |
|
Польша Қазақстан Республикасы |
Польша Бас консулдық Қазақстан Республикасы |
|
|
Румыния Қазақстан Республикасы Website: http://astana.mae.ro/ |
|
Словакия Қазақстан Республикасы Email: emb.astana@mzv.sk
|
Словения Ресей 127006
|
|
Испания Қазақстан Республикасы Website: https://www.exteriores.gob.es/ Embajadas/astana/es/Paginas/index.aspx |
Швеция Қазақстан Республикасы
|
Оқу
Erasmus+
Erasmus+ – Еуропалық Одақтың оқуға, жаттығуға, жастарға және спортқа арналған бағдарламасы. Ол Erasmus Mundus деп аталатын халықаралық алмасу бағдарламасын қоса бірнеше ескі бағдарламаның орнын басады.
2021-2027 жылдарға арналған бағдарлама әлеуметтік инклюзия, жасыл және цифрлық технологияларға көшу, жастардың демократия үрдістерінде қатысуын арттыру мәселелеріне басымдық береді.
Лингвистикалық қолдау, өтініш берушілерге арналған құжаттар және ұсыныстарды өңдеу туралы қосымша ақпаратты Erasmus+ веб порталының Ресурстар бөлімінен көріңіз.
Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесі Эразмус + бағдарламасының жоғарғы білім алу бойынша халықаралық тәжірибені жергілікті енгізу бойынша қолдау көрсетеді.
Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесі
Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,
әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,
9-шы блок, 225-226 кеңсе,.
Тел.: +7 727 3118643 +7 727 3118645
E-mail: neo@erasmusplus.kz
Вебсайт: https://erasmusplus.kz
Еуропалық Одаққа келіп кетушілер бағдарламасы
Қазақстанның жас кәсіби мамандары Еуропаға Еуропалық Одаққа келіп кетушілер бағдарламасы (EUVP) арқылы оқу курстарына бара алады. Бұл бағдарлама ЕО құндылықтары, қызметтері, іс-шаралары және саясаттары туралы білу мүмкіндігін береді.
EUVP бағдарламасы мемлекет өкілдері, журналисттер, мұғалімдер және қайырымдылық қорлары мен мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері үшін ашық.
Өтініштер мына мекенжайға жіберілуі керек:
EUVP координаторы
Еуропалық Одақ делегациясы
62, Космонавттар көшесі
Астана, Қазақстан 010000
Хат қысқа, ағылшын тілінде болуы және мынаны қамтуы керек:
- Өтініш берушінің ағымдағы лауазымы.
- Өтініш берушінің қызмет саласы.
- Еуропада оқитын сала туралы ақпаратты, әсіресе оның өтініш беруші қызметінің мақсаттарына не қатысы бар екенін көрсетіңіз.
- Толтырылған өтініш формасы.
- Егжей-тегжейлі түйіндеме.
Өтініш қабылдаудың соңғы мерзімі – әр жылдың 1 наурызы.
Өтініштер 1 наурызға ДЕЙІН делегация кеңсесіне ағылшын тілінде (түпнұсқалардың қағаз көшірмелері қажет).
ЕО ақпараттық орталықтары
Еуропалық Одақтың тарихына және ағымдағы оқиғаларына, оның стратегиялары мен интеграциялық үдерістерінің болшағына жұртшылықтың қолжетімдігін кеңейту мақсатында, ЕО бүкіл әлемде қоғамдық Ақпараттық Орталықтар ашуда. Қазіргі уақытта Қазақстанда осындай екi орталық қызмет етуде.
Бірінші Ақпараттық Орталық 1998 жылы Қазақстанда, Алматы қаласында ашылды. 2007 жылы Астанада Ақпараттық Орталық құрылды. Ақпараттық Орталық Орталық Азия елдерінің ірі университеттерінің жанында жұмыс істейді.
Орталықтардың міндеттері:
- Еуропалық Одақ, оның саясаты мен қызметі туралы ақпаратты кеңінен тарату.
- Еуропалық интеграция саласында сабақ беруді және зерттеу қызметін таратуға және жандандыруға көмектесу.
- Еуропалық Одақпен, соның ішінде басқа ақпараттық орталықтармен және қажет болса, білім беру желілерімен байланысты мәселелер жөніндегі талқылауларға қатысу.
- Еуропалық Одақтың және Еуропалық Комиссия Өкілдігінің Орталық Азиядағы қызметі мен саясаты туралы ақпарат беру болып табылады.
Басқа сөздермен айтқанда, Еуропалық Ақпараттық Орталықтар университеттердің студенттері мен оқытушыларын Еуропалық Одақ жөніндегі барлық қолжетімді ақпараттық материалдармен (негізінен - әдебиетпен) қамтамасыз етеді. Ақпараттық Орталықтар Еуропалық Бірлестіктің оларға берген жарияланымдарын өңдейді, каталогтайды және индекстейді. Сондай-ақ, бұл Орталықтар келушілерге Интернет арқылы Еуропалық Одақ туралы ақпаратты іздеуге мүмкіндік береді.
Байланыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕО АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Астана
Еуразиялық Ұлттық Университет
Янушкевич көш., 6, 226-офис
Тел.: 7 7172 372-429
Алматы
Қазақ Ұлттық Университеті
Халықаралық Қатынастар Факультеті
Әл Фараби даңғ. 71, №8-ғимарат
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕО БҰРЫШТАРЫ
Еуропалық Одақ пен Қазақстанның өзара әрекеттестігі туралы қоғамның хабардарлығын көтеру мақсатында, Еуропалық Одақ Өкілдігі университет кітапханаларының иелігіне «ЕО бұрышы» атауымен ақпараттық пакетті береді. Қазақстанда жобаның эксперименттік кезеңі 2008 жылы басталды. Қазіргі уақытта ЕО 15 тұрақты Бұрыштары Қазақстанның өңірлеріндегі университеттік кітапханаларды Еуроодақ туралы барлық ақпарат көздерімен, негізінен әдебиетпен, брошюралармен, аудиокөру, жарнамалық және басқа материалдармен жабдықтайды.