Алешка Симкич, Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы

  • Image
    EU Del in Astana

    Алешка Симкич, Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың Өкілдігінің басшысы

    Авторлық құқық: Қазақстандағы Еуропалық Одақ

Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы алғы сөзі

Құрметті оқырман,

Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің веб-сайтына қош келдіңіз! Бұл жерде Сіз ЕО-тың ұйымдары мен саясаты туралы толық ақпаратпен, сондай-ақ бар жаңалықтармен таныса аласыз. Біздің сайтқа кіргеніңіз ЕО-тың Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасының даму серпіні, жалпы алғанда, Орталық Азия өңірімен өзара әрекеттестік мәселесі немесе Өкілдігіміздің жұмысы жайлы білгіңіз келетіндігінің белгісі деп түсінеміз. Осының барлығын және басқа да мәліметтерді осы жерден таба аласыз.

Қазақстан тәуелсіздігін алғанынан бастап Еуропалық Одақтың маңызды серіктесі болып келеді. Қазақстан мен ЕО арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды орнату жөніндегі келісімге 1993 жылдың 2 ақпанында қол қойылды. Соңғы онжылдықтарда күш-жігеріміз  ынтымақтастығымызды көптеген салаларда кеңейтіп, тереңдетуге бағытталып отыр. ЕО Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болғандықтан, екіжақты сауда қатынасымызға ерекше назар аударғым келеді. Сонымен қатар көлік, цифрландыру мен азаматтарымыздың арасында байланыс орнатуға қатысты салаларда ескерілетін «жасыл» күн тәртібі, қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі және өзара байланыстылық мәселелері де жеке аталып өтуге тұрарлық. Оның үстіне, ЕО білім беру, ғылыми зерттеу, азаматтық қоғамның дамуы, адам құқықтары мен жастар саясаты бағыттарында бағдарламалар әзірлеу арқылы Қазақстанға инвестиция салады.

2015 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан мен Еуропалық Одақтың қарым-қатынасын айқындайтын негізгі құжат – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (КӘЫК) қол қойылды. Орталық Азиядағы осындай түрдегі бірінші келісім бола тұра, КӘЫК 2020 жылғы 1 наурызда күшіне еніп, Қазақстан мен ЕО арасындағы экономикалық және саяси байланыстардың дамуына елеулі серпін берді. КӘЫК стратегиялық маңызы бар 29 негізгі бағытта ынтымақтастықты дамытудың нақты мүмкіндіктерін белгілейді, оның ішінде экономикалық және қаржылық ынтымақтастық, энергетика мен көлік салалары, қоршаған ортаны қорғау, климат өзгерісімен күрес, жұмыспен қамту мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, мәдениет, білім беру мен зерттеу жұмыстары. 2024 жылдан бастап ЕО КӘЫК аясында Қазақстанмен серіктестік пен ынтымақтастықты қолдау мақсатында қаржылық көмек беруді мүмкін ететін арнайы бағдарламаны – Ынтымақтастық құралын іске қосты.

Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан мен ЕО бейбітшілікті қамтамасыз ету, көпжақтылықты қолдау және барлық мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуді бірге алға тартуда. Осы түбегейлі ұстанымды сақтап қалу бойынша сындарлы диалог жүргізіп, оны жалғастыруда. Қазақстан мен ЕО-тың барлығы үшін бейбіт өмір мен өркендеу туралы көзқарасы бір, сондықтан бірлесе отырып, көпжақты ұйымдар негізінде де, екіжақты байланыс аясында да маңызды үлестерін қоса алады.

Веб-сайтымыз ақпараттың құнды көзі бола алатындығына үміт артамын. Осы сайтта кез келген сұрақтар немесе пікірлерді оқып, оларға жауап беруге қуанышты боламыз. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің қызметі туралы хабардар болуға  шақырамын: X.com; Facebook; Instagram; LinkedIn; YouTube; Telegram.

Шын жүректен,

Алешка СИМКИЧ, Қазақстан Руспубликасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы