«Ғаламторда сақ бол!» комиксінің тұсаукесері

13.06.2023

Қазақстандағы Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында 2023 жылғы 6 маусымда Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігі балалардың цифрлық сауаттылығы тақырыбына арналған жаңа комикстің тұсаукесерін өткізді. Комикс еуропалық тәжірибе негізінде әрі продюсер Қанат Сахарияновпен және қазақстандық жас және дарынды суретшілер мен сценаристер Мәдина Тәжбағамбетова мен Бек-Ата Даниялдың қатысуымен әзірленді.