Бұл парақшада ЕО және Қазақстан арасында саяхаттау, сонымен қатар оқу сапарлары мен ЕО туралы ақпаратқа қол жеткізу бойынша ақпарат берілген. 

  • Image
    Computer and information of travelling in Europe

    Еуропаға саяхат 

    Copyright: Aurore Martignoni, European Union, 2020 (AV service).

Визалар

ЕО-ға бару үшін Қазақстан азаматтары виза рәсімдеуі қажет. Баратын жеріне байланысты Шенген немесе ұлттық виза қажет болады. 

ШЕНГЕН ВИЗАСЫ ҚАНДАЙ ЕЛДЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ? 

Бүгін Шенген келісімінің ережелері толыққанды түрде Шенгенаймағының 27 елінде (Шенген ел) : Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Дания, Греция, Исландия  Италия  Латвия, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция және Эстонияда қолданылады. Бұл елдер қысқа мерзімді визаға қатысты бірыңғай саясатты ұстанады. Шенген визасын алып, Сіз Шенген аймағының бүкіл аумағында  кедергісіз жүре аласыз. 

ҰЛТТЫҚ ВИЗА ҚАНДАЙ ЕЛДЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ? 

Кипр, Болгария, Румыния мен Ирландия бұрынғыдай ұлттық виза ресімдеуде. Осындай визалар қысқа уақыт ішінде және оларды берген мемлекеттер аумағында ғана қолданылатынын білдіреді. 

ВИЗА АЛУ ҮШІН ҚАЙДА БАРУ КЕРЕК? 

Егер Сіз Шенген аймағына кіретін тек бір мемлекетке баратын болсаңыз, онда осы мемлекеттің елшілігіне немесе консулдығына өтінішпен баруыңыз керек. Егер Сіз Шенген аймағына кіретін бірнеше мемлекетке баратын болсаңыз, онда Сіздің барып тұратын негізгі орныңыз болатын елдің елшілігіне немесе консулдығына өтінішпен баруыңыз керек. Егер Сіз Шенген аймағына кіретін бірнеше мемлекетке баратын болсаңыз, бірақ негізгі бағытыңыз болмаса, онда визаға өтінішті бірінші кезекте баратын елдің елшілігіне немесе консулдығына тапсыруыңыз қажет.   

Қосымша ақпарат үшін жиі қойылатын сұрақтарды 

"Шекарасыз Еуропа: Шенген аймағы" кітапшасы 

ЕО визалық саясаты туралы қосымша ақпаратты Сіз Бостандық, қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бас басқармасының сайтынан ала аласыз. 

Визаға өтініш беру рәсімі туралы қосымша ақпарат алу үшін ЕО мүше-мемлекеттер елшілігіне немесе консулдығына хабарласуыңызды өтінеміз (Елшіліктер бөлімін қараңыз). 

Елшіліктер

Австрия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтар көшесі, 62,
РЕНКО үйі, 9 қабат 
Тел.: +7 (7172) 97 78 69   
+7 (7172) 97 78 78  
Факс: +7 (7172) 97 78 50  
E-mail: astana-ob@bmeia.gv.at  

Website: www.bmeia.gv.at/oeb-astana   

Бельгия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтар көшесі,
62a, 13 қабат 
Тел.: +7 (7172) 97 44 85  
+7 (7172) 97 44 86  
Факс: +7 (7172) 97 78 49  
E-mail:  astana@diplobel.fed.be
Website: www.diplomatie.be/astana

Болгария 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Иманова көшесі, 11
"Нұрсәулет" бизнес-үйі  
Тел.: +7 (7172) 90 15 15  
Факс: +7 (7172) 90 18 19  
E-mail: astanabulemb@mail.ru
astanabulemb@mail.bg

Хорватия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтов көшесі, 62,
РЕНКО үйі, 3 қабат 
Тел.: +7 (7172) 79 29 46   
E-mail: croemb.astana@mvep.hr

Кипр  

Ресей 121069 
Мәскеу қаласы, 
Поварская көшесі, 9 
Tel.: + 7 499 575 03 10,
+35722651500 
Fax: + 7 499 575 03 11 
E-mail: 
moscowembassy@mfa.gov.cy

Чех Республикасы 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы, 
Қабанбай батыр даңғылы, 15/1
"Q2" бизнес-үйі
Тел.: +7 (7172) 99 51 01    
+7 (7172) 99 51 61  
E-mail: astana@embassy.mzv.cz  
Сайт: www.mzv.cz/astana

Дания 

Дания сауда комиссия 
және консулдық  

Қазақстан Республикасы 
050051 
Алматы қаласы, 
Бегалин көшесі, 130 
Тел..: +7 727 291 77 54  
Факс: +7 727 293 82 62  
E-mail: alahkt@um.dk   
Сайт: www.dtcalmaty.um.dk

Дания 

РФ-да орналасқан 
Дания елшілігі  

Ресей 119034 
Мәскеу қаласы, 
Пречистеский тас көшесі, 9 
Тел.: +7 (495) 642 68 00  
Факс: +7 (495) 775 01 91 
E-mail: mowamb@um.dk  
Сайт : www.ambmoskva.um.dk

Эстония 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Қабанбай Батыр даңғылы,28   
Тел.: +7 (7172) 24 02 80  
+7 (7172) 24 03 10  
E-mail: embassy.astana@mfa.ee

consular.astana@mfa.ee  

Website: https://astana.mfa.ee/   

Финляндия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы, 
Самал шағын ауданы,
12  
"Astana Tower", 17 қабат  
Тел.: +7 (7172) 44 21 21   
E-mail: sanomat.ast@formin.fi

Website: https://finlandabroad.fi/web/kaz/

frontpage

Франция 

Қазақстан Республикасы 
010000 Астана  қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтов көшесі, 62,
РЕНКО үйі, 4 қабат  
Тел.: +7 (7172) 79 51 00  
Факс: +7 (7172) 79 51 01  
E-mail:

cad.astana-amba@diplomatie.gouv.fr  

admin-francais.astana-amba@

diplomatie.gouv.fr 
Сайт:http://www.ambafrance-kz.org

Франция 

Бас консулдық

Қазақстан Республикасы 
050000  Алматы қаласы,
Қонаев көшесі, 77

Park View Office Tower

Тел.: + 7 (7273) 21 09 14
 + 7 (7273) 21 09 15

E-mail:

info.almaty-cslt@diplomatie.gouv.fr  

Германия 

Қазақстан Республикасы 010000 
Астана қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтар көшесі, 62,
РЕНКО үйі,  2 қабат  
Тел.: +7 (7172) 79 12 00  
Факс: +7 (7172) 79 12 13  
E-mail: 

l-vz@asta.auswaertiges-amt.de

l-vz@astana.diplo.de

Website: https://kasachstan.diplo.de/ 

Германия 

Алматы қаласы бас 
консулдық  

Қазақстан Республикасы 
050051 Алматы қаласы,
Иванилов көшесі, 2  
Тел.: + 7 (7272) 62 83 41/46/49;  
+ 7 (7272) 71 69 28
(Visa section)  
E-mail: info@almaty.diplo.de

Греция 

Қазақстан Республикасы 
010000 Астана қаласы,
Қараөткел-2 шағын ауданы, 109  
Тел.: + 7 (7172) 56 37 14  
+ 7 (7172) 56 37 84  
Факс: + 7 (7172) 56 38 26  
E-mail: gremb.ast@mfa.gr

Венгрия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтар көшесі, 62,
РЕНКО үйі, 9 қабат 
Тел.:: +7 (7172) 55 03 23  
Факс: + 7 (7172) 55 03 24  
E-mail: mission.ast@mfa.gov.hu

Website:https://nurszultan.mfa.gov.hu  

Венгрия 

Алматы қаласы бас консулдық  

Қазақстан Республикасы 
050000  Алматы қаласы,
Мусабаев көшесі, 4  
Тел.: +7 (7272) 47 25 57,
+7 (7172) 47 25 70  
E-mail: mission.ala@mfa.gov.hu

Website: https://almati.mfa.gov.hu/  

Ирландия 

Ресей 129010  
Мәскеу қаласы, Грохольский 
тас көшесі, 5   
Тел.: +7 (495) 937 59 11  
Факс: +7 (495) 680 06 23  
E-mail: moscowembassy@dfa.ie

Италия 

Қазақстан Республикасы 010000 
Астана  қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтар көшесі, 62,
РЕНКО үйі, 8 қабат 
Тел.: +7 (7172) 24 33 90,  
+7 (7172) 24 38 68  
Факс: +7 (7172) 24 36 86  
E-mail:astana.ambasciata@esteri.it
 

 

Латвия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Самал шағын ауданы,12 
Астана Тауэр 18 қабат 
Тел.: +7 (7172) 92 53 16  
+7 (7172) 92 53 17  
Факс: +7 (7172) 92 53 19  
E-mail:
embassy.kazakhstan@mfa.gov.lv

Consulate.Kazakhstan@mfa.gov.lv 

Website: https://www2.mfa.gov.lv/ru/kazakhstan 

Литва 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтар көшесі, 62А,
16 қабат 
Тел.: +7 (7172) 79 27 47
Факс +7 (7172) 79 29 02
E-mail: amb.kz@urm.lt

Website: https://kz.mfa.lt/kz   

 

Литва

Бас консулдық

Қазақстан Республикасы, Астана

050059

Горный гигант, Искендеров көшесі 15

Tel: +77272631040, 632505

E-mail: kons.almata@urm.lt  

Website: consulate-almaty.mfa.lt   

Люксембург 

Ресей 119034  
Мәскеу қаласы, 
Хрущовский тас көшесі, 3  
Тел.: +7 (495) 786 66 63  
Факс: +7 495 786 66 69  
E-mail: 
moscou.consulat@mae.etat.ln
Сайт: 
: https://moscou.mae.lu/en 

Мальта 

Ресей  
Мәскеу қаласы,
Коровий вал 7, 219 офисі  
Тел.: +7 (495) 237 19 39/81 
Факс: +7 (495) 237 21 58  
E-mail: 
maltaembassy.moscow@gov.mt

Website: https://foreign.gov.mt/en/embassies

/me_moscow/Pages/ME_Moscow.aspx

Нидерланды 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтов көшесі,
62, РЕНКО үйі, 3 қабат 
Тел.: +7 (7172) 55 54 50  
Факс: +7 (7172) 55 54 74 
E-mail: ast@minbuza.nl 

Website: https://www.netherlandsandyou.nl

/your-country-and-the-netherlands/kazakhstan

Польша 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы,
Сары Арқа көшесі, 15 
"Іскер" бизнес-үйі  
Тел.: +7 (7172) 94 44 00/10
Факс: +7 (7172) 94 44 01
E-mail: 
astana.amb.sekretariat@msz.gov.pl 

Website: https://www.gov.pl/web/kazahstan/embassy

Польша 

Бас консулдық  

Қазақстан Республикасы 
050059  
Алматы қаласы,
Горный Гигант ауданы 
Джаркентская/
Искандеров көшесі,
9-11/13  
Тел.: +7 (7272) 63 35 87   
Факс: +7 (7272) 63 37 68   
E-mail: 
almaty.kg.sekretariat@msz.gov.pl  

Португалия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Сарыарқа көшесі, 6

"Арман" бизнес орталығы
Тел.: +77172 76 83 02
E-mail: astana@mne.pt

 

 

 

Румыния 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Сарайшық көшесі, 28  
Тел.: +7 (7172) 28 62 01  
Факс: +7 (7172) 28 62 03  
E-mail: amb@romania.kz

astana.consul@mae.ro  

Website: http://astana.mae.ro/ 

Словакия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы, 
Самал шағын ауданы,12 
Астана Тауэр 5 қабат
Тел.: +7 (7172) 79 06 88 
Факс: +7 (7172) 79 06 88 

Email: emb.astana@mzv.sk
Website: www.mzv.sk/astana

 

 

 

Словения 

Ресей 127006  
Мәскеу қаласы,
Малая Дмитровка көшесі,
14/1  
Тел.: + 7 (495) 737 63 55/98  
Факс: +7 (495) 694 15 68  
E-mail: vmo@gov.si

 

 

 

 

Испания 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтов көшесі,
62А, 10 қабат 
Тел.: +7 (7172) 95 88 08   
Факс: +7 (7172) 95 88 09
E-mail: emb.astana@maec.es

emb.astana.sc@maec.es​

Website: https://www.exteriores.gob.es/

Embajadas/astana/es/Paginas/index.aspx 

Швеция 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы, 
Самал шағын ауданы,12 
Астана Тауэр 17 қабат 
Тел.: +7 (7172) 59 18 08
Факс: +7 (7172)59 18 06  
E-mail: 
ambassaden.nur-sultan@gov.se 

 

 

 

  

  • Image
    Flags of the European Union Countries

    ЕО елдерінің тулары

    Copyright: Georges Boulougouris, European Union 2019.

  • Image
    Erasmus+ student

    Еуропада білім алу 

    Copyright: Dati Bendo, European Union 2019 

Оқу

Erasmus+ 

Erasmus+ – Еуропалық Одақтың оқуға, жаттығуға, жастарға және спортқа арналған бағдарламасы. Ол Erasmus Mundus деп аталатын халықаралық алмасу бағдарламасын қоса бірнеше ескі бағдарламаның орнын басады. 

2021-2027 жылдарға арналған бағдарлама әлеуметтік инклюзия, жасыл және цифрлық технологияларға көшу, жастардың демократия үрдістерінде қатысуын арттыру мәселелеріне басымдық береді. 

Лингвистикалық қолдау, өтініш берушілерге арналған құжаттар және ұсыныстарды өңдеу туралы қосымша ақпаратты Erasmus+ веб порталының Ресурстар бөлімінен көріңіз. 

Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесі Эразмус + бағдарламасының жоғарғы білім алу бойынша халықаралық тәжірибені жергілікті енгізу бойынша қолдау көрсетеді. 

Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесі 

Қазақстан, 050059, Алматы қаласы, 

әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza, 

9-шы блок, 225-226 кеңсе,. 

Тел.: +7 727 3118643  +7 727 3118645 

E-mail: neo@erasmusplus.kz  

Вебсайт: https://erasmusplus.kz 

Еуропалық Одаққа келіп кетушілер бағдарламасы 

Қазақстанның жас кәсіби мамандары Еуропаға Еуропалық Одаққа келіп кетушілер бағдарламасы (EUVP) арқылы оқу курстарына бара алады. Бұл бағдарлама ЕО құндылықтары, қызметтері, іс-шаралары және саясаттары туралы білу мүмкіндігін береді. 

EUVP бағдарламасы мемлекет өкілдері, журналисттер, мұғалімдер және қайырымдылық қорлары мен мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері үшін ашық. 

Өтініштер мына мекенжайға жіберілуі керек:  

EUVP координаторы 
Еуропалық Одақ делегациясы 
62, Космонавттар көшесі 
Астана, Қазақстан 010000 

Хат қысқа, ағылшын тілінде болуы және мынаны қамтуы керек:  

  • Өтініш берушінің ағымдағы лауазымы. 
  • Өтініш берушінің қызмет саласы.
  • Еуропада оқитын сала туралы ақпаратты, әсіресе оның өтініш беруші қызметінің мақсаттарына не қатысы бар екенін көрсетіңіз. 
  • Толтырылған өтініш формасы.
  • Егжей-тегжейлі түйіндеме. 

Өтініш қабылдаудың соңғы мерзімі – әр жылдың 1 наурызы. 

Өтініштер 1 наурызға ДЕЙІН делегация кеңсесіне ағылшын тілінде (түпнұсқалардың қағаз көшірмелері қажет)

 

ЕО ақпараттық орталықтары

Еуропалық Одақтың тарихына және ағымдағы оқиғаларына, оның стратегиялары мен интеграциялық үдерістерінің болшағына жұртшылықтың қолжетімдігін кеңейту мақсатында, ЕО бүкіл әлемде қоғамдық Ақпараттық Орталықтар ашуда. Қазіргі уақытта Қазақстанда осындай екi орталық қызмет етуде. 

Бірінші Ақпараттық Орталық 1998 жылы Қазақстанда, Алматы қаласында ашылды.  2007 жылы Астанада Ақпараттық Орталық құрылды. Ақпараттық Орталық Орталық Азия елдерінің ірі университеттерінің жанында жұмыс істейді. 

Орталықтардың міндеттері: 

  • Еуропалық Одақ, оның саясаты мен қызметі туралы ақпаратты кеңінен тарату. 
  • Еуропалық интеграция саласында сабақ беруді және зерттеу қызметін таратуға және жандандыруға көмектесу. 
  • Еуропалық Одақпен, соның ішінде басқа ақпараттық орталықтармен және қажет болса, білім беру желілерімен байланысты мәселелер жөніндегі талқылауларға қатысу. 
  • Еуропалық Одақтың және Еуропалық Комиссия Өкілдігінің Орталық Азиядағы қызметі мен саясаты туралы ақпарат беру болып табылады. 

Басқа сөздермен айтқанда, Еуропалық Ақпараттық Орталықтар университеттердің студенттері мен оқытушыларын Еуропалық Одақ жөніндегі барлық қолжетімді ақпараттық материалдармен (негізінен - әдебиетпен) қамтамасыз етеді. Ақпараттық Орталықтар Еуропалық Бірлестіктің оларға берген жарияланымдарын өңдейді, каталогтайды және индекстейді. Сондай-ақ, бұл Орталықтар  келушілерге Интернет арқылы Еуропалық Одақ туралы ақпаратты іздеуге мүмкіндік береді. 

Байланыстар 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕО АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ 

Астана
Еуразиялық Ұлттық Университет 
Янушкевич көш., 6, 226-офис 
Тел.: 7 7172 372-429 

Алматы  
Қазақ Ұлттық Университеті 
Халықаралық Қатынастар Факультеті 
Әл Фараби даңғ. 71, №8-ғимарат  

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕО БҰРЫШТАРЫ 

Еуропалық Одақ пен Қазақстанның өзара әрекеттестігі туралы қоғамның хабардарлығын көтеру мақсатында, Еуропалық Одақ Өкілдігі университет кітапханаларының иелігіне «ЕО бұрышы» атауымен ақпараттық пакетті береді. Қазақстанда жобаның эксперименттік кезеңі 2008 жылы басталды. Қазіргі уақытта ЕО 15 тұрақты Бұрыштары  Қазақстанның өңірлеріндегі университеттік кітапханаларды Еуроодақ туралы барлық ақпарат көздерімен, негізінен әдебиетпен, брошюралармен, аудиокөру, жарнамалық және басқа материалдармен жабдықтайды.