Кестутис Янкаускас, Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Елшісі

  • Image
    Kestutis Jankauskas, Ambassador of the European Union to Kazakhstan

    Кестутис Янкаускас, Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Елшісі.

    Copyright: Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі 

Елшінің алғы сөзі

Құрметті қонақ, 

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің вебсайтына қош келдіңіз! Осы вебсайт ЕО барлық жаңалықтары және ЕО институттары мен саясаты туралы ақпаратты жылдам қолжетімді етіп, сонымен қатар ЕО пен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастар саласында болып жатқан барлық оқиғаларды, сондай-ақ біздің Өкілдіктің рөлі мен қызметін жариялайды. 

Қазіргі уақытта ЕО-ның әлемдік сахнадағы рөлі, әсіресе 2009 жылы желтоқсанда Лиссабон шартының күшіне енуі және Еуропалық сыртқы істер қызметінің құрылуынан кейін, арта түсті. Аталған өзгерістер арқасында бірауыздан үн қатысып, әлемдік әріптестермен тірлік етіп жатқан әлеміміздегі сын-қатерлерді шешу жолындағы ынтымақтастықты нығайта аламыз. 

Еуропалық Одақ пен Қазақстан өзінің тығыз әріптестігін мемлекет тәуелсіздік алған кезінен бастады. Тараптар 1993 жылы 2 ақпанда Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы келісімге қол қойды. Осыдан бастап сауда, экономика, көлік және қоршаған орта сияқты салалардағы біздің ынтымақтастығымыз жыл сайын кеңеіп, нығаюда. Сондай-ақ, Еуропалық Одақтың Қазақстанның ең ірі шетелдік инвесторы мен сауда әріптесі болуы айрықша маңызды жетістік. Оған қоса, ЕО білім, ғылыми зерттеулер, азаматтық қоғамды дамыту салаларындағы жастарға арналған жобаларды қаржыландыруда. 

2015 жылдың 21 желтоқсанында Астана қаласында қол қойылған Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (КӘЫК) – ЕО мен Қазақстан арасындағы қатынастар негізін айқындайтын негізгі құжат. Келісім 2020 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енді, әрі 29 саладағы ықпалдастық аясын кеңейтіп, ЕО мен Қазақстан арасындағы экономика, қаржы, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, жұмыспен қамту, әлеуметтік қатынастар,  мәдениет, білім және ғылыми зерттеу салаларындағы ықпалдастыққа жол ашты. 

Аталған вебсайт ақпараттың бағалы көзі болатынына және ЕО пен Қазақстан арасындағы қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп сенемін. Сізге вебсайтымызға қызығушылық білдіргеніңіз үшін алғыс білдіре отырып, егер де ескерту немесе сұрақтарыңыз туындаса, біздің Өкілдікпен байланысуыңызды өтінемін. 

Ізгі ниетпен, 

Кестутис Янкаускас, Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Елшісі.