БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ: Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы Өкілі – Еуропалық Комиссияның Вице-президенті Кая Калластың Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстанға сапары
Кездесу қатысушылары 2025 жылғы 3-4 сәуірде Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін алғашқы ЕО-Орталық Азия саммитіне дайындықпен қатар басқа да кең ауқымды мәселелерді талқылайтын болады, олардың ішінде Ресейдің Украинадағы соғысының аймаққа тигізер салдары, көліктік және цифрлық өзара байланыстылық, аса маңызды шикізат, энергетика және су ресурстары, сауда, адамдар арасындағы байланыс, білім және ғылыми зерттеулер.
Министрлік кездесу алдында Жоғарғы Өкіл Түрікменстан Сыртқы істер министрі – Рашид Мередов және, Тәжікстан Сыртқы істем министрі – Сироджиддин Мухриддин, сондай-ақ Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен екіжақты кездесулер өткізеді.
Министрлік кездесу Жоғарғы Өкіл Каллас ханымның қатысуымен 27 наурызда шамамен сағат 14:45-та (Орталық Еуропа уақыты бойынша 10:45) өтетін баспасөз конференциясымен жалғасады.
Ортақ коммюнике осы сілтеме бойынша жарияланатын болады.
Кейін, Жоғарғы Өкіл Өзбекстан астанасы Ташкентте елдің Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов және Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездеседі. Бұдан кейін, жұма, наурыздың 28-і күні сапар Алматыда жалғасып, мұнда ол Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездеседі. Сондай-ақ, Каллас ханым Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты кездесу өткізеді.
Сапар туралы аудиовизуалды материалдар EbS сайтында қолжетімді болады.
ЕО-Орталық Азия қатынастары туралы қосымша ақпаратты осы сілтеме арқылы алуға болады.
Жоғарғы Өкіл мен Еуропалық сыртқы істер қызметінің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыз.