Global Gateway Форумы: ЕО Орталық Азиядағы энергетикалық трансформацияны ынталандыру мақсатында гидроэнергетикаға инвестицияларды ұлғайтады
Халықаралық әріптестік жөніндегі еуропалық комиссар Йозеф Сикела жаңа инвестицияларды құптады: «Таяуда Орталық Азияға жасаған сапарым кезінде мен бүкіл өңірдің тұрақтылығы үшін су мәселесінің маңыздылығын терең түсіну мүмкіндігіне ие болдым. Гидроэлектр станцияларына құйылатын ойластырылған инвестициалар сенімді және бағасы қолайлы электр энергиясына қолжетімділікті жақсартып, жергілікті халыққа табыс әкелуі, сондай-ақ ауыл шаруашылығының орнықты дамуына және адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға ықпал етуі мүмкін. Біз Орталық Азияда энергия өндіру үшін аса маңызды «Қамбарата-1» су электр станциясының болашақ құрылысын қолдайтынымызды мақтан тұтамыз. Біздің жаңа инвестицияларымыз ЕО пен Орталық Азия елдері арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтады».
"Еуропалық Комиссияның берген кепілдіктері арқасында ЕИБ климаттық банк ретінде Орталық Азиядағы энергетика саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтатын инфрақұрылымды қолдау мүмкіндігіне ие. Біздің ойымызша, "Камбарата-1" су электр станциясы жобасы өңірдегі жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясының саудасын кеңейту, экономикалық дамуға жәрдемдесу және энергетикалық қауіпсіздікті нығайту бойынша үлкен әлеуетке ие", - дейді ЕИБ вице-президенті, банктің Орталық Азиядағы қызметіне жетекшілік ететін Кириакос Какурис. Бұл әріптестік қарым-қатынастар Еуропалық Одақтың Орталық Азиямен өзара құрметке негізделген және адамдар мен әлемге ортақ пайда әкелетін стратегиялық әріптестікті тереңдетуге бейілділігін білдіреді".
«Қамбарата-1» су электр станциясы Орталық Азия үшін энергетикалық және су қауіпсіздігін нығайтатын әрі жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейтуге ықпал ететін өңірлік жетекші жоба болып табылады. ЕҚДБ барлық мүше елдерде жетекші инвестор ретінде ЕО және серіктестермен бірге су ресурстарын тиімді басқару мен өңірлік өзара байланысты қолдауға қуанышты", - дейді ЕҚДБ президенті Одиль Рено-Бассо.
Еуропалық Одақты, оның мүше мемлекеттерін, қаржы мекемелері мен жеке секторды біріктіретін «Team Europe» шеңберінде ЕО су ресурстарын басқару саласында өңірлік үйлестіруді жақсарту мақсатында Орталық Азиямен ынтымақтастық орнатқан. Бұл ынтымақтастық сондай-ақ су ресурстары, энергетика және климаттың өзгеруі саласындағы «Team Europe» бастамасы арқылы өңірдің гидроэнергетикалық әлеуетін ашады. Оның мақсаты - су ресурстары мен энергетика саласындағы проблемаларды шешу, өңірлік ынтымақтастықты жақсарту және Орталық Азиядағы «жасыл» және «көк» көшуге жәрдемдесу.
Форумда ЕО Орталық Азиядағы су ресурстары, энергетика және климаттың өзгеруі саласындағы «Team Europe» бастамасы аясында экологиялық таза экономикаға өңірлік көшудің және ұлттық энергетикалық сектордағы реформалардың әсерін көрсетті. Қатысушылар сондай-ақ өңірде жоспарланған екі «Global Gateway» жобасын: «Қамбарата-1» және «Рогун» су электр станцияларын іске асыру бойынша алдағы қадамдарды талқылады.
Ақпараттық анықтама
«Қамбарата-1» су электр станциясы
Бұл трансформациялық энергетикалық мегажоба Қырғызстанның Нарын өзенінде салу үшін әзірленуде. Ол елдегі ірі гидроэнергетикалық нысанға және Орталық Азиядағы маңызды нысандардың біріне айналады. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол Қырғызстанның энергетикалық қауіпсіздігін едәуір нығайтып, өңірлік ынтымақтастыққа ықпал етіп, өңірдің экономикалық дамуына үлес қоса алады. Басынан бастап жасалатын жоба ретінде ол жаңартылатын энергия өндірісі саласындағы орталық серіктес ретінде өз ұстанымын растайтын Team Europe құрамындағы халықаралық донорлардың, оның ішінде ЕО, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі және Италияның Cassa Depositi e Prestiti даму банкінің қызығушылығын тудырды.
«Рогун» су электр станциясы
Таза энергия саласындағы бұл мегажоба - әлемдегі ең биік бөгет - Тәжікстан және бүкіл Орталық Азия өңірі үшін маңызды мәнге ие. Ол 2032 жылға қарай елдегі энергия өндірісін екі есеге арттырып, ішкі тапшылық проблемасын шеше алады, өңірді декарбонизациялауға ықпал етіп, өңірге электр энергиясын экспорттауды қамтамасыз етеді. Дүниежүзілік банктің басшылығымен ЕО және бірнеше донорлар бірлесіп осы жоба үшін орнықты негіз жасайды. Бірнеше еуропалық компаниялар да жобаға белсенді қатысуда.
Global Gateway форумы
Global Gateway форумы орнықты даму, орнықты өсуді қамтамасыз ету және орнықтылықты арттыру саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін инфрақұрылымға жаһандық деңгейде инвестиция тартуға жәрдемдесу мақсатында Еуропалық Одақтың және бүкіл әлемнің көшбасшыларын, сондай-ақ жеке сектор, азаматтық қоғам, беделді сарапшылар, қаржы мекемелер мен халықаралық ұйымдардың негізгі мүдделі тараптарын біріктіреді.
Global Gateway
Global Gateway - бұл ЕО-тың әлемдегі инвестициялық теңсіздікті қысқартуға, цифрлық, энергетикалық және көлік секторларындағы «ақылды», экологиялық таза және қауіпсіз байланыстарды дамытуды ынталандыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және ғылыми зерттеулер жүйелерін нығайтуға бағытталған сындарлы ұсынысы.
«Global Gateway» стратегиясы Еуропалық Одақты, ЕО мүше мемлекеттерін және даму мәселелерімен айналысатын еуропалық қаржы мекемелерін біріктіретін «Team Europe» тәсілінің іске асуы болып табылады. Біз бірігіп 2021-2027 жылдар аралығында 300 млрд. еуроға дейін мемлекеттік және жеке инвестицияларды жұмылдырып, жаһандық инвестициялық алшақтықты қысқартуға тырысамыз.
Толығырақ ақпарат
- 2025 жылғы Global Gateway форумы
- Global Gateway