EuroFest2024 - Еуропа күнін бірге атап өтейік!

Құрметті журналистер!

Сіздерді 2024 жылдың 1 маусымында 12:00-18:00 аралығында Астана қаласының Ғашықтар саябағында  Еуропа күніне орай EuroFest2024 фестиваліне шақыруға қуаныштымыз.

EuroFest2024 – еуропалық халықтар арасындағы бірлік, әртүрлілік және достықты атап өтуге мүмкіндік беретін шара. Фестиваль елорда тұрғындары мен қонақтары үшін көңілді, танысу және мәдени алмасу күні болмақшы.

 

Фестиваль бағдарламасында:

Еуропалық жәрмеңке: Еуропаның әртүрлі мәдениеттері туралы көбірек біліңіз және Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерінің дәмді ұлттық тағамдары мен бірегей қолөнерімен танысыңыз.

ЕО жобалары: Еуропалық Одақ қаржыландыратын түрлі жобалармен танысып, олардың Қазақстан мен Орталық Азияға тигізген оң әсері мен үлестері туралы хабардар болыңыз.

Концерттік бағдарлама: Күні бойы түрлі жанды музыка мен би тамашалаңыз. Испан фламенкосын, француз әндерін, би шеберлік сабақтарын және флешмобтарды тамашалаңыз.

Интерактивті іс-шаралар: Отбасылық іс-шараларға және балаларға арналған кең ауқымды ойындар мен ойын-сауықтарына бүлдіршіндеріңізбен бірге қатысыңыз.

Кулинарлық ләззаттар: Еуропалық Одақ елдерінің тағамдары мен сусындарынан дәм татыңыз.

 

КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ: 2024 жылғы 1 маусым, сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін

ӨТЕТІН ОРНЫ: Ғашықтар саябағы (Хан Шатырдың алдында), Астана, Қазақстан

 

БАҚ өкілдеріне аккредиттациядан өту үшін Асем Калыкова, Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің баспасөз ассистенті, delegation-kazakhstan-pic@eeas.europa.eu, +77772772031 нөмірі бойынша мамырдың 31-і сағат 16:00 дейін хабарласуыңызды сұраймыз.