EU Beach Cleanup 2025: Астанадағы Есіл өзенінің жағалауын тазалау науқанына қосылыңыз

World Cleanup Day және #EUBeachCleanup науқаны аясында Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі және Эстония Елшілігі сіздерді 2025 жылғы 20 қыркүйек күні Астана қаласындағы Есіл өзенінің жағалауын тазалау іс-шарасына қатысуға шақырады. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, елорда қонақтары мен тұрғындары, елшілер мен дипломаттар, халықаралық ұйымдардың өкілдері және студенттер Есіл өзенінің жағасын тазартып, «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасын қолдайды.

Күні мен уақыты: 20 қыркүйек 2025, 10:00-14:00 

Тазалау орны:  https://maps.app.goo.gl/kx6zXcs3dHiS5Uav5

Трансфер: Тіркеу формасы арқылы алдын ала жазылған барлық қатысушыларға арнайы автобустар ұсынылады. 

ЕО Өкілдігі Эстония Елшілігімен серіктестікте Астанада пластикалық қалдықтарды азайту арқылы таза және салауатты болашақты қолдауға бағытталған Plastic-Free Challenge: 3 қадам жаса!  челленджін қуанышпен бастайды. Он жеңімпаз кездейсоқ таңдалып, 18 қыркүйекте ресми @euinkazakhstan және @estemb.astana Instagram арналары арқылы жарияланады да, әрқайсысы арнайы сыйлықтарға ие болады. Сонымен қатар, 20 қыркүйекте Астанада #EUBeachCleanup 2025 науқаны барысында өздерінің челлендж постын көрсеткен қатысушылар да арнайы сыйлықтармен марапатталады. 

Сондай-ақ, Сіздерді Likekomek-пен бірлесіп ұйымдастырған “Waste Less for the Dress” арнайы науқанына қатысуға шақырамыз! Бұл күні тоқыма жинау жәшігіне пайданылмайтын таза киімдерді әкелген алғашқы 50 қатысушы оларды брендтелген мерчке айырбастау мүмкіндігіне ие болады.

БАҚ өкілдеріне арнайы автобуспен трансфер ұсынылады. Кездесу орны мен уақыты туралы ақпарат аккредитациядан өткен соң хабарланады.

БАҚ аккредитациялау және басқа да сұрақтар бойынша: Асем Калыкова, Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің баспасөз және ақпарат бөлімінің ассистенті, delegation-kazakhstan-pic@eeas.europa.eu, + 77772772031 

Анықтама:

World Clean-up Day - миллиондаған еріктілер, үкіметтер мен ұйымдарды біріктіретін ең үлкен жаһандық қозғалыстардың бірі. Өткен жылы 198 ел мен аумақтан 19 068 786 қатысушылардың, сонымен қатар БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің 90%-ның қатысуымен жаңа рекорд орнатылды, әрі World Clean-up Day қозғалысының жыл сайынғы екінші ең жоғарғы көрсеткіштерімен COVID-ке дейінгі қатысу деңгейіне оралды. 2024 жылдан бастап World Clean-up Day БҰҰ-ның ресми күні болып жарияланды, енді жыл сайын 20 қыркүйекте өткізіліп, халықаралық күндер мен апталардың күнтізбесіне енгізілді. Әлемді өзгертетін бұл идея 2008 жылы Эстонияда пайда болды.

#EUBeachCleanup - бұл бүкіл әлемде пластиктің ластануы туралы хабардарлықты арттыру үшін ЕО мен БҰҰ бастаған неғұрлым мақсатты жаһандық науқаны. Аталмыш науқан аясында 2024 жылы 53 елде 12270 еріктілердің қатысумен 367 іс-шара ұйымдастырылды, соның ішіне Қазақстан да қатысты.

#EUKZPlasticFree#EUBeachCleanup2025#WorldCleanupDay2025 #EU4GreenKZ #ActNow