44 қазақстандық студент Еуропалық Одақтың Erasmus+ шәкіртақысын иеленді

2020 жылы Erasmus Mundus бірлескен шәкіртақылы магистрлік бағдарламалары аясында Қазақстанның 44 студенті келесі мамандықтар бойынша магистратурада білім алу мүмкіндігіне ие болады: менеджмент, ақпараттық технологиялар, инженерлік іс, қоғамдық денсаулық сақтау, журналистика, шарап туризмі және үлкен деректерді басқару.
Студенттер 14 әртүрлі мемлекетте, соның ішінде Аустрия, Бельгия, Болгария, Дания, Чехия, Эстония, Франция, Германия, Грекия, Мажарстан мен Испанияда орналасқан екі әртүрлі университетте білім алмақ.
«Білім беруге инвестиция – бұл ортақ болашағымыз бен өркендеуімізге тиімді инвестиция жасағанымыз. Көп жылдар бойы Erasmus+ бағдарламасы студенттер ұтқырлығын қолдап, Қазақстанның мыңдаған студенттеріне бірегей білім алып, дағды қалыптастыру, мәдени құндылықтармен танысуға көмектесуде. Сондай-ақ, осы бағдарлама студенттерге Қазақстан Елшілері атануға, өздерінің ерекше тәжірибелері, идеяларымен болашақ топтастары және профессорлармен бөлісуге керемет мүмкіндік береді», -деді Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон.
Онлайн кездесуге Қазақстандағы Еуропалық Одақтың бірқатар мүше мемлекеттері дипломатиялық өкілдіктерінің өкілдері және Erasmus+ бағдарламасының түлектері қосылып, студенттерге сәттілік тілеп, сұрақтарына жауап берді.
Ақпараттық анықтама
Erasmus Mundus біріккен магистрлік дәрежелер (EMJMD)- бұл Еуропалық Одақтың Erasmus+ бағдарламасының бір компоненті. 2014-2020 жылдарға арналған Erasmus+ бағдарламасы білім беру, оқыту, жастар мен спортты қолдауға бағытталған. Бұл, кем дегенде, үш әртүрлі мемлекеттің ЖОО-ның консорциумы ұсынатын магистратурада оқудың жоғары сапалы кешенді бағдарламасы. Қазақстан-ЕО ынтымақтастығы аясында қазақстандық студенттер мен оқытушылар Еуропада білім алу үшін шамамен 2000 шәкіртақы ұтып алса, 800-ге жуық еуропалық студент Қазақстанда оқу шәкіртақысына ие болды.
Толығырақ ақпарат алу үшін Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Саясат, баспасөз және ақпарат бөлімінің қызметкері Еркежан Амриева ханымға хабарласуыңызды сұраймыз, эл.пошта: Yerkezhan.Amriyeva@eeas.europa.eu