Еуропалық Одақ жəне ХСО-ның Ready4Trade жобасы Қазақстанның сауда порталын іске қосты

4 шілде 2022, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан – Трансшекаралық сауда рəсімдері туралы қадамдық ақпаратты ұсынатын жəне оны бизнес үшін қолжетімді ететін жаңа онлайн-платформа.
 

Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландыратын жəне Халықаралық сауда орталығы (ХСО) іске асыратын Ready4Trade Орталық Азия жобасы халықаралық сауданы жүргізуге кететін уақыт пен шығындарды қысқарту үшін Қазақстанның сауда порталын іске қосты. Портал қажетті құжаттарды, нысандарды жəне қолданылатын ережелер мен рəсімдерді қоса алғанда, барлық импорттық, экспорттық жəне транзиттік рəсімдердің толық сипаттамасын ұсынады. Ол аграрлық азық-түлік секторына баса назар аудара отырып, шекара арқылы сатылатын 50-ден астам тауарларды қамтиды.

Кестутис Янкаускас, Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Елшісі: «Бүгін, Қазақстанның сауда порталын іске қосумен, Еуропалық Одақ Қазақстанның Орталық Азиядағы тұрақты жəне инклюзивті экономикалық дамуға бейілділігінің куəсі болуға қуанышты, бұған ЕО қаржыландыратын Ready4Trade Орталық  Азия жобасы ықпал етеді. Бұл портал сауда рəсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ететін сауда рəсімдері туралы ақпараттың бірыңғай көзін ұсынатын озық технологиялық құрал болып табылады».

«2020 жылдың тамыз айынан бастап QazTrade «Ready4Trade -Орталық Азия» жобасының институционалдық серіктесі жəне Қазақстанның сауда порталын əзірлеу жəне іске қосу бойынша барлық жұмыстың үйлестірушісі болып табылады. Теңіз көлігімен жеткізілімдерді ұлғайтуға қызығушылықты арттырудың жəне Каспий теңізіндегі порттардың əлеуетін кеңейтудің өзектілігін ескере отырып, алғаш рет теңіз порттарының импорттық жəне экспорттық операцияларының бизнес-процестерін кезең-кезеңімен құжаттау жүргізілді.

Сондай-ақ, біздің сарапшылар Қазақстанның шекаралас елдермен шекарасындағы өткізу пункттерінде сауда рəсімдері бойынша ақпаратты салыстыруды жүзеге асырды. Мен Сауда порталы барлық сауда рəсімдері бойынша гид болатынына сенімдімін, ол бойынша жұмыс кəсіпорындардың сауда рəсімдері мен стандарттарын сақтау мүмкіндігін күшейтуге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады «QazTrade» сауда  саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы.

Қазақстанда платформа «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Сауда жəне интеграция министрлігімен бірлесіп əзірленді, ол порталды іске асыру бойынша ұлттық əріптес болып тағайындалды.

«2017 жылдың ақпан айында ДСҰ-ның Сауда рəсімдерін жеңілдету жөніндегі келісімі күшіне енген сəттен бастап, Қазақстан қолайлы іскерлік ортаны қамтамасыз ету үшін өзінің нормативтік-құқықтық базасы мен саясатын реформалаудың ұзақ жолынан өтті. Бұл біздің елімізге 190 елмен ынтымақтаса отырып, халықаралық саудада жаһандық ойыншы болуға көмектесті. Сауда порталын енгізу арқылы біз Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азия өңірінің тұрақты жəне жан-жақты экономикалық дамуына ықпал ете отырып, одан əрі ілгерілейміз», - деп қорытындылады Қазақстан Республикасы Сауда жəне интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаментінің директоры Əлия Əлімбетова.

Қазақстанға порталды толық бақылауды беру үшін Ready4Trade QazTrade-ді 12 мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жəне бизнес-қауымдастықтардың 23 өкілінен тұратын жұмыс тобын құруда қолдады. Жұмыс тобы порталды жаңартуды қамтамасыз ету үшін үнемі жиналыстар өткізіп тұрды.

Тимоти Брюнето, Халықаралық сауда орталығының сауданы жылжыту жөніндегі аға маманы, платформаны əзірлеуге жауапты: «Саудаға жəрдемдесу жөніндегі порталдың бұл түрі микро, шағын жəне орта кəсіпорындардың шекара маңы саудасының рəсімдеріне қатысты ақпараттық олқылығын жоюға мүмкіндік беретін озық шешім болып табылады. Бұл кəсіпкерлерді айтарлықтай ынталандырады жəне Қазақстанның халықаралық нарықтардағы бəсекеге қабілеттілігін арттырады».

Қазіргі уақытта ХСО ЮНКТАД-пен əріптестікте əзірлеген осындай порталдар əлемнің шамамен 30 елінде табысты пайдаланылады жəне көршілес Тəжікстан мен Қырғызстанда қолжетімді. Портал ДСҰ-ның СРО жөніндегі келісімінде бекітілген сауда рəсімдерін оңайлату мақсатына қол жеткізуге ықпал етеді.

Ready4Trade Орталық Азия

Ready4Trade жобасы Орталық Азияның бес елінде ішкі өңірлік және халықаралық сауданы дамытуды қолдауға бағытталған. 4 жылдық бастама ЕО қаржыландыратын ірі бағдарламаның сауда компоненті болып табылады, ол инвестицияларды, бәсекеге қабілеттілікті және сауданы қолдауға бағытталған, осылайша өңірдегі тұрақты және инклюзивті экономикалық дамуға ықпал етеді. Ready4Trade жобасын Еуропалық Одақ қаржыландырады және Халықаралық сауда орталығы іске асырады.

ХСО туралы БАҚ сұраныстарын Қазақстандағы ХСО ұлттық кеңсесіне жіберу керек:
Мадина Исказина, Байланыс және PR бойынша кеңесші
E-mail: miskazina@intracen.org M: +7 705 377 35 35

немесе Қазақстадағы ЕО Өкілдігіне, эл.пошта: delegation-kazakhstan-pic@eeas.europa.eu хабарласуыңызды сұраймыз.