European Union External Action

Еуропалық Одақ Қазақстанда "Тоталитаризм құрбандарын еске алу – Еуропа мен Қазақстан арасында жаңа ынтымақтастық көпірін орнату" пікір алмасуын өткізді

01/06/2021 - 08:32
News stories

2021 ж. 31 мамырда, жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні "Алжир" саяси қуғын – сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешенінде Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі "Тоталитаризм құрбандарын еске алу - Еуропа мен Қазақстан арасында жаңа ынтымақтастық көпірін орнату" атты пікір алмасу ұйымдастырды.

Пікірталастың мақсаты - тоталитаризм құрбандарын еске алу, жер аударған елдер мен ұлттық азшылық топтарының өкілдеріне сөз беру, сондай-ақ қарапайым қазақстандықтардың мыңдаған тұтқындарды аштық пен өлімнен құтқарудағы жасампаз рөлін атап көрсету.

Пікірталасқа Қазақстанның мемлекеттік лауазымды тұлғалары, Еуропалық Одаққа мүше елдердің елшілері мен өкілдері, Қазақстандағы Еуропалық халықтар диаспораларының қауымдастықтары мен қорлары қатысты.

1930 жылдардың басынан бастап 20 ғасырдың ортасындағы белгілі қайғылы тарихи оқиғалар аясында миллиондаған адамдар Орталық Азия аумағына, атап айтқанда, Қазақстанға мәжбүрлі түрде қоныс аударғанын атап өту өте маңызды. Олардың арасында еуропалық халықтардың өкілдері де болды. Қазақ халқы мүшкіл жағдайына, тіпті, кейде өмір сүру үшін күресуіне мәжбүр болғанына қарамастан, жер аударған адамдарға жомарттық танытып, кейде өз өмірін қатерге тіге отырып, аштық пен өлімнен құтқарды.

ЕО-ның Қазақстандағы Елшісі Ж. М. Свен-Олов Карлссон атап өтті: "Біз бұл іс-шараны шынымен инклюзивті еткіміз келді, өйткені адамның азабы мен қайғы-қасіреті ұлтқа бөлінбейді. Қуғын-сүргін жылдарында Қазақ жері сирек кездесетін жомарттық пен қонақжайлылықтарын көрсете отырып, депортацияланған халықтар үшін екінші үйге айналды. Аштық азабына, кейде өмір сүру қаупіне қарамастан, қазақ халқы биліктің кесірінен «халық жауы» атағын алғандарға көмектесті.Тоталитарлық режимнің салдарын адал және ымырасыз талдау оның құрбандарын еске алу үшін ғана емес, сонымен бірге тоталитаризмнің қалдырған қасіретті мұрасына, адам құқықтарының бұзылуына қарсы тұру мүмкіндігі ретінде де маңызды. Өткен шақ жайлы айту халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға және ЕО елдері мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастықтың жаңа көпірлерін орнатуға түрткі болады".

Іс-шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Zoom платформасында және Facebook-ЕО-ның Қазақстандағы парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Қосымша ақпарат алу үшін ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігіндегі коммуникациялар бойынша басқарушы Эльнура Абаканова ханымға хабаралсыңыз, e-mail: elnura.abakanova@eeas.europa.eu. @EuinKazakhstan