European Union External Action

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ЖӘНЕ ЮНИСЕФ ЖОБАСЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДЕГІ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНА ЫҚПАЛ ЕТУДЕ

21/04/2021 - 16:10
News stories

НҰР-СҰЛТАН, БІШКЕК, 2021 жылғы 21 сәуір - Бүгін Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы үкіметтерінің өкілдері Орталық Азиядағы көші-қон процестеріндегі балаларды қорғау саласындағы ынтымақтастықты талқылап, онлайн-кездесу барысында ақпарат және тәжірибелік зерттеулермен алмасты. Аталмыш кездесу БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арқылы ЕО қаржыландыратын жоба аясында ұйымдастырылды. Талқылауға Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілінің, Еуропалық Одақтың, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің (БЖКБ) аймақтық кеңсесінің және ЮНИСЕФтің өкілдері қатысты.

unicef

НҰР-СҰЛТАН, БІШКЕК, 2021 жылғы 21 сәуір - Бүгін Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы үкіметтерінің өкілдері Орталық Азиядағы көші-қон процестеріндегі балаларды қорғау саласындағы ынтымақтастықты талқылап, онлайн-кездесу барысында ақпарат және тәжірибелік зерттеулермен алмасты. Аталмыш кездесу БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арқылы ЕО қаржыландыратын жоба аясында ұйымдастырылды. Талқылауға Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілінің, Еуропалық Одақтың, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің (БЖКБ) аймақтық кеңсесінің және ЮНИСЕФтің өкілдері қатысты.

Бүгінгі өткен дискуссияның басты тақырыптары: балалардың ең жақсы мүдделерін қамсыздандыру, трансшекаралық ақпарат алмасу және іс жүргізу, негізгі көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік, балалар өміріне қолайлы жағдай жасаукөшіп-қонуға тартылған ілескен адамы жоқ және ажыратылған балалардың жағдайы, шыққан еліне қайтып келгеннен кейін және қайта бірігу процесінде оларға қолдау көрсету, шекарада құжаттарды тексеруді күшейту, сондай-ақ Орта Азиядағы құқықтық база мен саясат.

Миграция көптеген себептер мен жағдайларға негізделген. Орта Азияда экономикалық дамудың әртүрлі болуы жаппай еңбек миграциясын тудыруда.  Ортақ тіл, тарих, мәдени байланыстар мен дәстүрлер халықтың орын ауыстыруына ықпал етеді. 

«Көші-қон процесінде балалар ерекше осалдыққа ие, өйткені ересектердің бұл процесске бейімділігі оларға тәуелді емес. Мемлекеттің міндеті - көші-қон процестерінің криминализациясын болдырмаудың және осындай балалардың адам құқықтарын қолдаудың тиімді тетігін қамтамасыз ету», - деді Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова.

«Қазақстанмен де, Қырғызстанмен де ратификацияланған Бала құқығы туралы конвенцияның             2-бабына сәйкес, мигрант-балалар – бұл, ең алдымен, бала. Онан басқа, олар бала ретінде де, мигрант ретінде де қос осалдыққа душар болатындықтан ерекше қорғалуға мұқтаж болады. Көші-қон әсерін азайту үшін ЕО пен ЮНИСЕФ бірлесіп көші-қоннан зардап шеккен балаларға бағытталған арнайы жобаны жүзеге асыруда», - деп атады Эдуард Ауэр, Қырғыз Республикасындағы Еуропалық одақтың елшісі.

Қазақстан көші-қонды заңнама мен бірқатар бағдарламалар арқасында реттейді. «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының және 2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясатының концепциясы   негізінде адам саудасына қарсы күреске және босқындар мен баспана іздеуші тұлғалармен жұыс жасауға бағытталған көші-қонды реттеудің ұлттық нормативті-құқықтық базасы жасалды. 

Қырғызстан кейс-менеджменттің электрондық жүйесін 2019 жылы іске қосқан болатын және ол  істерді тиісті мамандарға автоматты түрде жолдап отырады, балаларды қорғаудың жеке жоспарын жасап, істің қаралу барысын іс жабылғанға дейін бақылайды.

«Шекаралар арқылы көшіп жүрген балалар, барлық балалар сияқты зорлық-зомбылықтың, қанау мен қаталдықтың барлық түрлерінен қорғалуға құқылы. Баланың ең жақсы мүдделері көшіп-қонушы балаларға қатысты қабылданатын барлық шешімдерде ескерілуі тиіс. Көші-қон халықаралық құбылыс ретінде тығыз трансшекаралық ынтымақтастыққа мұқтаж.  Бүгінде Қазақстан мен Қырғызстан биліктерінің өкілдері көшіп-қонушы балалардың жағдайы туралы ақпаратпен алмасу тәсілдерінде бар ағаттықтарды анықтау, сондай-ақ еріп жүрмейтін және ажыратылған балаларды отбасын іздестіріп, қауыштыруды қоса отырып трансшекаралық кейс-менеджментті күшейту үшін бірге бас қосуда», -деп айтты Артур ван Дизен, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі.

«БҰҰ-ға мүше мемлекеттер 2018 жылы қабылдаған босқындар туралы Жаһандық келісім-шарт көші-қон процестеріне қатысатын балаларды қорғаудың және олардың мүмкіндіктері мен интеграциясын қамтамасыз етудің маңыздылығын көрсетеді. Балалардың ең жақсы мүдделерін қамтамасыз ету осы балалармен кездесетін билік органдарының тарапынан басшылыққа алынуы керек. Барлық балалар, ата-аналарының құқықтық мәртебелеріне қарамастан, азаматтық алуға, құжаттарды алуға, сондай-ақ халықаралық қорғауға жүгінуге құқылы, сондықтан оларды иммиграциялық процедуралар кезінде де ешқашан ұстауға болмайды», - деп атап айтты Ханс Фридрих Шоддер, Орта Азиядағы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары өкілі.

Пікірталасқа қатысушылар сонымен бірге Орта Азиядағы көші-қон ерекшеліктері мен мысалдарын талқылады: Қазақстан мен Қырғызстандағы көші-қон контексінде балаларды қолдау бойынша қызметтерді жеткізушелер үшін практикалық ұсынымдар, сондай-ақ  көші-қон мәселелерін халықаралық-құқықтық реттеу.   

Анықтамалық ақпарат:

Миграциялық үдерістегі балаларды қорғау бағдарламасы Еуропалық Одақпен қаржыландырылады және ЮНИСЕФпен жеті елде, атап айтқанда Бангладештің, Мьянманың, Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Өзбекстанның және Таиландтың үкіметтерімен серіктестікте іске асырылады. Бағдарлама мақсаты миграциялық үдерістегі балаларды тиімді қорғау жүйесін нығайту болып табылады.  Іске асыру мерзімі: 2017-2021 жылдар.

Редакторларға ескерту:

Еуропалық одақ 27 мүше-мемлекеттен құралған, олар өздерінің ноу-хауларын, ресурстары мен тағдырларын бірте-бірте ажырамас етіп байланыстыруды көздейді. Олар 60 жылдан бері бірігіп  тұрақтылық, жариялылық пен тұрақты даму аймағын қалыптастырды және бұл ретте  мәдени алуандылықты, төзім мен жеке бостандықты сақтай алғандарын баса айту қажет. ЕО гуманитарлық көмектің дүниежүзіндегі ірі доноры болып табылады. Жыл сайын ол қақтығыстар мен дүлей апаттардың миллиондаған құрбандарына көмек беруде. 

ЕО-ның Қазақстандағы қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін  Представительства ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің веб-сайтына кіріңіз және олардың Instagram, Facebook , Twitter әлеуметтік желілердегі парақшалары.

ЮНИСЕФ атқаратын барлық істерде әрбір баланың құқығы мен амандығын қолдайды. Осы міндеттемелерді іс жүзінде әрекетке айналдыру үшін біз өз серіктестерімізбен бірге 190 ел мен аймақта, әлемнің түкпір-түкпірінде ең осал және оқшауланған жағдайда қалған балаларға ерекше күш жұмсай отырып, жұмыс жасаймыз. ЮНИСЕФ туралы және оның бала мүддесіне арналған қызметі туралы  қосымша ақпарат алу үшін www.unicef.org/kazakhstan/en. Қазақстандағы ЮНИСЕФ туралы жаңалықтарды бақылап отырыңыз Instagram, Facebook, Twitter.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары, Босқындар істері жөніндегі агенттік, қақтығыстар мен ізіне түсуге байланысты өз үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған адамдарды қорғау бойынша халықаралық іс-әрекетті басқарады. Біз баспана, азық-түлік, ауыз суы сияқты ең зәру көмек көрсетміз, адамның негізгі құқықтарын қорғауға көмектесеміз және адамдарға үйім деп атайтындай қауіпсіз орын, жарқын болашаққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін шешімдер қабылдаймыз. Сондай-ақ біз азаматтығы жоқ адамдарға азаматтық беру бағытында жұмыс жасаймыз. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары туралы қосымша ақпарат алу үшін веб-сайт пен әлеуметтік желілерге (Facebook, Twitter) жазылыңыздар.

БАҚ үшін байланыс:

Эльвира Яушева

Байланыс жөніндегі бөлім басшысы

ЮНИСЕФ

Тел: +7 707 109 8553

Email: eyausheva@unicef.org