European Union External Action

Орталық Азия бойынша ЕО Арнайы Өкілі Петер Буриан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті

16/08/2019 - 10:17
News stories

НҰР-СҰЛТАН - 15 тамыз күні жұмыс сапары аясында Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың Арнайы Өкілі Петер Буриан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қабылданды.

Тараптар Еуропалық Одақтың Орталық Азия үшін жаңа Стратегиясы аясында және ЕО мен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім негізінде екіжақты ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Тақырыптар саяси және экономикалық реформалар, заң ұлықтылығы, сауда-экономикалық қатынастар және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді қамтыды. Арнайы Өкіл Буриан сонымен қатар ЕО Жоғарғы Өкілі / Вице-президент Федерика Могеринидің Қ.Тоқаевқа жақында президент болып сайлануымен құттықтауын жолдап, ЕО-ның Қазақстанмен аймақтық және екіжақты деңгейде ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендігін растады.


«ЕО Президент Тоқаевпен тығыз ынтымақтастыққа және біздің қатынастарымызды одан әрі нығайтуға сенім артады. ЕО Қазақстанның реформалары мен модернизациясын және аймақтық, әрі халықаралық деңгейде, соның ішінде Сирия, Иран және Ауғанстанмен ынтымақтастықты барынша қолдайды. Біз Қазақстан бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аймақтық ынтымақтастықта маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз», - деп атап өтті Петер Буриан.


Сондай-ақ, тараптар Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, бұл өз кезегінде Орталық Азияға пайдалы және барлық мүдделі тараптар үшін бірыңғай ойын алаңын құрастырушы тұрақты, ашық және жан-жақты тұғырнаманы қамтамасыз етеді. 

 

Анықтамалық ақпарат

ЕО - Қазақстанның бірінші сауда серіктесі, оның сыртқы саудасының 50% және тікелей шетелдік инвестициялардың жартысынан көбін құрайды. ЕО мен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге 2015 жылы 21 желтоқсанда Астанада қол қойылды. 2016 жылы 1 мамырдан бастап Келісімнің көптеген баптары уақытша қолданысқа енгізілді, атап айтқанда, сауда және бизнес туралы ережелері. Келісім ЕО мен Қазақстан арасындағы экономикалық және саяси қатынастарға айтарлықтай серпін береді, сонымен қатар 29 негізгі салада нақты ынтымақтастықты нығайтады, оның ішінде экономикалық және қаржылық ынтымақтастық, энергетика, көлік, қоршаған орта мен климаттың өзгеруі, жұмыспен қамту, әлеуметтік мәселелер, мәдениет, білім беру және ғылыми зерттеулер.

 

Қосымша ақпарат бойынша Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова ханымға хабарласуыңызды өтінеміз: +7 7172 974567, elnara.bainazarova@eeas.europa.eu.