European Union External Action

Орталық Азия бойынша ЕО Арнайы өкілі Петер Буриан Қазақстанға жұмыс сапармен келуде

21/02/2019 - 07:19
From the blog

АСТАНА – Бүгін Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың Арнайы өкілі Петер Бурианның Қазақстанға екі күндік сапары басталды. Сапардың күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Парламенті мен Сыртқы істер министрлігіндегі екіжақты кездесулер, сондай-ақ жастарға арнайы дәріс жоспарлануда.

Сапар барасында Арнайы өкіл ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясын алдағы уақытта қабылдау және Кеңейтілген әріптестік пене ынтымақтастық туралы келісімді толықтай бекітудің аясында ЕО-Қазақстан ынтымақтастығына қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар тараптар саяси және экономикалық реформалар, заң үстемдігі, сауда-экономикалық қатынастар және халықаралық күн тәртібі мәселелерін қарастырады. ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңартылған стратегиясы 2007 жылғы стратегияның орнын басып, өңірдегі даму үрдістерін назарға алады.

Арнайы Өкіл Петер Буриан: «Біз ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясын жаз мезгіліне дейін қабылдаймыз. Аталған Стратегия аймақтағы бірқатар оң үрдістердің арқасында туындаған ЕО-Орталық Азия ынтымақтастығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл Стратегия Орталық Азияны тұрақты, гүлденген және тығыз өзара байланысты экономикалық және саяси кеңістікке айналдыру үшін аймақпен берік қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді», - деп атап өтті.

Жаңа Стратегия 2018 ж. 18 қазанда қабылданған Еуропа мен Азия өзара ықпалдастығы бойынша ЕО Стратегиясына сәйкес өңір аралық және одан тыс аймақтарда тұрақты байланыстарды ілгерілетіп, сондай-ақ ЕО-ның Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша саясатының өзіндік үйлесімділігін арттырады. Оған қоса ЕО жаңа стратегиясы 2021-2027 жж. арналған ЕО көмек бағдарламаларын дайындауда тұғырнаманы қамтамасыз етеді.

Анықтамалық ақпарат

Орталық Азия бойынша ЕО жаңа стратегиясы ЕО өз мүдделерін қорғап, жобалардың құндылығы мен тәжірибелік нақты нәтиже алуға септігін тигізетіндей басымдықтарға негізделеді. 2014-2020 жж. аралығында Орталық Азияға арналған аймақтық көпжылдық индикативті бағдарлама арқылы ЕО тұрақты даму мен аймақтық қауіпсіздік салаларында өңірлік ықпалдастықты ілгерілету үшін 454,2 млн еуро (соның ішінде 115 миллион еуро Erasmus + бағдарламасына) бөлуде.

ЕО мен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге (КӘЫК) 2015 ж. 21 желтоқсанда Астанада қол қойылды.  КӘЫК-нің негізгі бөлімдері 2016 жылдың 1 мамырынан бастап уақытша күшіне ене бастады. Келісім 29 саладағы ықпалдастық аясын кеңейтіп, ЕО мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, мәдениет, білім және ғылыми зерттеу салаларындағы ықпалдастыққа жол ашады.

Қосымша ақпарат бойынша Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова ханымға хабарласуыңызды өтінеміз: +7 7172 974567, elnara.bainazarova@eeas.europa.eu.