European Union External Action

Астанада ЕО-Қазақстан арасындағы Әділсот және ішкі істер мәселелері бойынша кіші комитет пен Адам құқықтары диалогы басқосулары өтті

Астана, 29/11/2017 - 10:19, UNIQUE ID: 171129_5
Press releases

EU and Kazakhstan hold Subcommittee on Justice and Home Affairs and the Human Rights Dialogue

АСТАНА – 28-29 қараша күндері Астана қаласында Еуропалық Одақ пен Қазақстан Әділсот  және ішкі істер мәселелері бойынша кіші комитетінің 15-ші отырысы және Адам құқықтары бойынша 9-шы диалогын өткізді. Қос кездесу сындарлы және ашық түрде өтті, және тараптар мәселелердің кең ауқымын, соның ішінде азаматтық қоғаммен алдынғы консультациялар барысында шығарылған ұсыныстарды талқылады.

Тараптар саяси және институционалды даму мәселелеріне көңіл бөліп, соның ішінде сот жүйесіндегі жаңа реформалар, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жаңа басымдылықтар және Қазақстан мен ЕО арасындағы адам мобильдігін арттыру мақсатындағы қадамдар қарастырылды. Қазақстан бірқатар Гаага Конференциясының Конвенцияларын қабылдап, елеулі жетістікке жетті, бірақ сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша соңғы іс-шаралар мен сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан әрі қарай сот жүйесін және заңнамасын күшейтуді жалғастыруы керек. ЕО құқықтық көмек саласында өткізіліп жатқан реформалар мәселесін талқылауға салды, өйткені оның құқық қызметінің рөлін әлсірету қаупі бар. Сонымен қатар, ЕО және Қазақстан Қазақстанның сот реформасын қолдау бойынша ынтымақтастық бағдарламасы және ЕО-Орталық Азия «Құқық үстемдігі» бастамасына көңіл бөлді.

Адам құқықтары бойынша диалог барысында ЕО азаматтық қоғамның Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің жүзеге асырылуы және Қазақстанда негізгі бостандықтарды қорғау бойынша ұсыныстарын қайталады. ЕО және Қазақстан ақпарат және пікір білдіру бостандықтар саласындағы заңнама мен саясатты, сонымен қатар журналисттер, кәсіподақ қызметкерлері және адам құқықтарын қорғаушы белсенділердің қызмет жағдайларын талқылады.  Тараптар адам құқықтары бойынша ұлттық институттардың және Омбудсменнің рөлін, соның ішінде олардың қамау орындарындағы бақылау жүргізу қызметін қарастырды. ЕО Қазақстанды діни қауымдастықтар туралы заңды БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің ұсыныстарына сәйкес және кәсіподақ туралы заңды Халықаралық еңбек ұйымына (ХЕҰ) сәйкес жетілдіруге шақырды. ЕО Макс Бокаев мырзамен ЕО дипломаттарының жақындағы кездесуі жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар, басқа да жеке жағдайлар қарастырылды.

Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының орынбасары Андрей Лукин мырза, ал ЕО делегациясын  Еуропалық сыртқы істер қызметінің Орталық Азия бөлімшесі басшысының қызметін орындаушы Аудроне Перкаускиене ханым басқарды.

Editorial Sections: