European Union External Action

Еуропалық сыртқы істер қызметінің тендеріне қатысу үшін өтінім беру жолдары

28/02/2017 - 08:33
Overview

Тендерлердің біріне қызығушылығыңыз бар ма? Еуропалық сыртқы істер қызметінің тендеріне қатысу үшін өтінім беру жолдарын біліңіз.

Төмен және орташа санатты тендерлер

Төмен және орташа санатты тендерлердің біріне мүдделі болсаңыз, әр тендер үшін көрсетілген электрондық пошта мекенжайына мына байланыс ақпаратыңызды жіберу арқылы:

  • ұйым атауы,
  • пошта мекенжайы,
  • байланысушы тұлға,
  • электрондық пошта мекенжайы

қызығушылығыңызды білдіре аласыз. Электрондық хатыңыздың «тақырыбына» өзіңіз мүдделі тендердің тақырыбын жазыңыз.

Тіркеу (қызығушылық білдіру) мерзімі біткеннен кейін, сіз экономикалық қызмет субъектілерінің тізіміне қосыласыз да, оған тендерлік өтінімді беру жолдарын сипаттайтын ақпаратпен бірге шақыру жіберіледі.

Жоғары санатты тендерлер

Жоғары санатты тендерлердің біріне мүдделі болсаңыз, келісім туралы ескертпе жарияланатын Еуропалық Одақтың ресми журналы сілтемесіне өтіңіз. Тендер басталғанда тендерге қатысуға өтінім беру жолдары туралы ақпарат келісім ескертпесінде жарияланады. 

Бұл жерде сізге бағаланған келісімшарт құнына қарай, келісімшарт санаттары туралы маңызды ақпарат ұсынылады

Еуропалық сыртқы істер қызметі (EEAS) және ЕО өкілдіктері мемлекеттік келісімшарттарды орындауға қатысты ЕО бюджеті, оны пайдалану ережелері және ЕО Директиваларына қолданылатын қаржы ережелеріне бағынады.

Құны 1000 еуродан жоғары тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға арналған келісімшарттар тендер өткізу арқылы жасалады. Бағаланған келісімшарт құнына қарай, келісімшарттың келесі санаттары бар:

  • Өте төмен санатты келісімшарттар: құны 1000 және 15 000 еуро аралығындағы жұмыс, қызмет және тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу туралы келісімшарттар;
  • Төмен санатты келісімшарттар: құны 15 000 және 60 000 еуро аралығындағы жұмыс, қызмет және тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу туралы келісімшарттар;
  • Орташа санатты келісімшарттар: құны 60 000 еуродан жоғары, бірақ қызметтер мен тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу туралы келісімшарттар үшін 144 000 еуродан төмен және жұмыстарды орындау туралы келісімшарттар үшін 5 548 000 еуродан төмен жұмыс, қызмет және тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу туралы келісімшарттар;
  • Жоғары санатты келісімшарттар: құны 144 000 еуродан жоғары қызметтер мен тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу туралы келісімшарттар және 5 548 000 еуродан жоғары жұмыстарды орындау туралы келісімшарттар.

Төмен және орташа санатты тендерлерге қатысуға өтінімдер туралы ақпарат EEAS немесе ЕО өкілдіктерінің веб-сайттарындағы Тендерлер бөлімінде алдын ала жарияланады. Тендерге тікелей EEAS немесе ЕО өкілдіктері шақырған экономикалық қызмет субъектілерінің алған тендерге қатысуға шақырулары ғана (электрондық пошта немесе курьерлік пошта арқылы) бағаланатынын ескеріңіз.

Жоғары санатты тендерлерге қатысуға өтінімдер туралы ақпарат Еуропалық Одақтың ресми журналында жарияланады. Тендер басталғанда тендерге қатысуға өтінім беру жолдары туралы ақпарат келісім ескертпесінде жарияланады.

Editorial Sections: