European Union External Action

ЕО экологиялық кампанияларының аясында Есіл өзені тазартылды

17/09/2021 - 10:56
News stories

Нұр-Сұлтан – Бүгін Нұр-Сұлтандағы Есіл өзенінің жағасында Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі, Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Елшілігі және Қазақстандағы Эстония Елшілігінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өзен тазалау акциясы нәтижесінде 620 киллограм қоқыс жиналды.

Бұл экологиялық бастамаға 70-ке жуық адам қатысты. Олардың арасында Нұр-Cұлтан әкімдігі, ЕО елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, эко-еріктілер, журналистер мен Қазақстан астанасының жанашыр тұрғындары болды. Шыны және пластикалық қалдықтардан тұратын қоқыс "Clean City NC" компаниясының көмегімен әрі қарай өңдеу үшін жиналды.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускас: "ЕО су айдындарындағы ластануды қоса алғанда, пластикпен ластануды азайту және алдын алу жөніндегі жаһандық күш-жігердің бастамашысы болып табылады. Бүгін #EUBeachCleanup науқаны аясында біз Нұр-Сұлтандағы Есіл өзенін тазалауға аз да болса маңызды үлес қостық. Акцияның мақсаты - қоғамның назарын осы мәселеге аудару және адамдарды айналаған ортаға қамқорлық жасауға шақыру. ЕО көптеген өңірлік жобалар мен бағдарламалар шеңберінде өз көмегі мен тәжірибесін ұсына отырып, Қазақстанды "жасыл экономика" моделіне көшуге қолдауын жалғастыруда".

Жыл сайын қыркүйек айында ЕО бүкіл әлем бойынша іс-шаралар өткізілетін #EUBeachCleanup мұхит проблемалары туралы белсенділік пен хабардарлықты арттыру науқанын ұйымдастырады. Ол табиғатты және биоалуантүрлілікті қорғауға бағытталған тұрақты дамудың бірнеше мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді (ТДМ 12, ТДМ 14, ТДМ 15). Қазан айында өтетін БҰҰ конференциясына дайындық аясында биылғы науқан биологиялық әртүрлілікке арналған.

Айта кету керек, таза су планетаның негізгі халқы тұратын қалаларда өте маңызды. Нидерланды Корольдігі NL Waterway Cleanup науқаны аясында осы мәселеге назар аударуға шақырады. Нұр-Сұлтандағы Нидерланд Корольдігінің уақытша сенімді өкілі Наут ван Вауденберг: "Болжамдарға сәйкес, 2050 жылы қалаларда әлем халқының 68%-ы тұратын болады. Бұл су мен қалдықтар мәселелерін шешуді одан әрі өзекті етеді, өйткені қалалар таза сусыз тура алмайды. Бұл Нидерланд елі үшін де өте маңызды мәселе. Біздің ел аумағының үштен бірі теңіз деңгейінен төмен болғандықтан, су Нидерланды тарихы мен мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады. Климаттың өзгеруі және жылдам урбанизация бәріміз үшін жаңа және одан арта жоғары деңгедегі тапсырмалар кояды. Сондықтан Нидерланды Дүниежүзілік тазалық күнінде шаралар қабылдайды және бүкіл әлемде NL Waterway Cleanups акцияларын ұйымдастырады. Нұр-Сұлтанда біз әріптестерімізбен бірге бүгін Есіл өзенін тазартуға көңіл бөлдік. Осылайша, біз тұрақты қалалар үшін таза суды барлық жерде қол жетімді етуге шақырғымыз келеді!"

Тазарту акциясы Эстония бастамашы болған басқа халықаралық экологиялық қозғалыс – Дүниежүзілік тазалық күні қарсаңында өтті. "Дүниежүзілік тазалық күні-бұл біздің заманымыздың ең ірі азаматтық қозғалыстарының бірі, ол бүкіл әлем бойынша 180 елдің адамдарын жер шарын тазалау үшін біріктіреді. Бұл күні бүкіл әлемдегі белсенділер қоршаған ортаны ластанудан тазарту үшін жиналады – жағажайлардан, өзендерден, ормандардан және көшелерден қоқыстан жинайды. Бұл Әлемді өзгертетін идея кішкентай Эстонияда 2008 жылы пайда болды, бес сағат ішінде бүкіл елді тазарту үшін 50 000 адам жиналды. 2019 жылы 21,2 миллион эко белсенділер бүкіл әлем бойынша 36 сағаттық жасыл тазарту толқынына қосылды - ол Жаңа Зеландияда пайда болды және Гавайиде аяқталып, бүкіл әлемді шарлады", – деді Эстонияның Қазақстандағы Елшісі Тоомас Тирс.

Қосымша ақпарат бойынша:
Эльнура Абаканова, коммуникациялар жөніндегі жетекшісі, Қазақстандағы ЕО Өкілдігі: Elnura.abakanova@eeas.europa.eu
#EUBeachCleanup2021 #EU4GreenKZ #WorldCleanupDay #ActNow #cleanwater4resilientcities #doingbettertogether #rivercleanup