European Union External Action

CLEANTECH LATVIA және «Қазақстан Су Арнасы» қауымдастығы «Ғимараттар мен құрылыстарды ақпараттық модельдеу технологиялары» пилоттық курсына қатысуға шақырады

Нұр-Сұлтан, 24/08/2021 - 10:43, UNIQUE ID: 210824_5
Press releases

CLEANTECH LATVIA таза технологиялар кластері (жетекші серіктес) «Қазақстан Су Арнасы» қауымдастығы және Өзбекістанның инженер-кеңесшілері Ассоциациясы (UZACE) серіктестерімен бірлесіп, Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен Қазақстан мен Өзбекстанда іске асырылатын «ENGINE» жобасы шеңберіндегі курсқа қатысуға шақырады.

CLEANTECH LATVIA таза технологиялар кластері (жетекші серіктес) «Қазақстан Су Арнасы» қауымдастығы және Өзбекістанның инженер-кеңесшілері Ассоциациясы (UZACE) серіктестерімен бірлесіп, Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен Қазақстан мен Өзбекстанда іске асырылатын «ENGINE» жобасы шеңберіндегі курсқа қатысуға шақырады.

Халықаралық мамандар «Ғимараттар мен құрылыстарды ақпараттық модельдеу технологиялары (BIM)» атты пилоттық курс дайындады және технологияларды теория мен практикада жан-жақты қолданудың еуропалық тәжірибесімен бөліседі.

BIM курсы жоғары және орта буын басшылары мен менеджерлері үшін қарастырылған. Әзірлеуші сарапшылар лицензияланған инжиниринг, жобалау және консалтинг саласында жұмыс істейтін микро, шағын және орта кәсіпорындардың өкілдерін күтеді. Курсқа қатысуға оқу орындарының, министрліктер мен мемлекеттік органдардың мамандары шақырылады. Курс орыс тілінде ұсынылады.

Курстың теориялық және практикалық бөліктері сандық дағдыларды жетілдіре отырып, тыңдаушылардың белсенді қатысуымен онлайн режимінде өтеді. Қашықтан қол жеткізуге қарамастан, мамандар сапаны жоғалтпай пилоттық курстан өтуді қамтамасыз етеді.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар ғимараттар мен құрылыстарды ақпараттық модельдеу технологияларының мүмкіндіктері туралы кең түсінікке ие болады, сонымен қатар BIM-ді өз ұйымдарына енгізу жолы туралы түсінікке ие болады.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар алған білімдерін бағалау жүргізіліп, курстан өткені туралы сертификат тапсырылады.

CLEANTECH LATVIA кластері мен «Қазақстан Су Арнасы» қауымдастығы қатысушыларды асыға күтуде!

Бүкіл курс 21 қыркүйектен 04 қазанға дейін 5 күн қарқынды семинарларды өткізеді. Үміткерлерді іріктеу 2021 жылғы 24 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді, пилоттық/тегін топтағы орындар саны шектеулі.

Тіркелу туралы, сондай-ақ жоба және барлық іс-шаралар туралы толық ақпаратты біздің Telegram каналымыздан таба аласыз.

Анықтама үшін:

Жоба салалық қауымдастықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстан мен Өзбекстандағы инжинирингтік компанияларға жан-жақты қызметтер көрсетуге, сондай-ақ инженерлерді сертификаттау жүйесін құруға бағытталған. Жобаны үш ассоциациядан тұратын консорциум іске асырады – CLEANTECH LATVIA таза технологиялар кластері, Қазақстан Республикасының сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі «Қазақстан Су Арнасы» кәсіпорындары қауымдастығы және Өзбекстанның «UZACE» инженер-консультанттар қауымдастығы.

Қазақстандағы байланыс тұлғасы:

Валерий Сюндюков

«Қазақстан Су Арнасы» Қауымдастығының Президенті

Тел. +7 701 544 59 45

E-mail: kazsu@astanainfo.kz

Editorial Sections: