Қазақстан: Астана қаласында Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі кіші комитеттің 7-ші отырысы өтті

22.04.2024
Астана
EEAS Press Team

16 сәуірде Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі кіші комитеттің отырысы барысында Қазақстан мен ЕО энергетикалық қауіпсіздік, өзара байланыстылық, Транскаспий дәлізі, қоршаған ортаны қорғау, климат өзгеруі, көміртегі бейтараптығы және су ресурстарын басқару сияқты екіжақты негізгі мәселелерді талқылады. Екі тарап Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы энергетикалық қауіпсіздік, «жасыл» көшу және климат өзгеруімен күрес саласындағы әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Тараптар энергетикалық сектордағы жобаларды, оның ішінде жаңартылатын сутегі бойынша жобаны іске асыру, сондай-ақ, 2023-2024 жылдарға арналған бірлескен Жол картасы аясында аса маңызды шикізат секторындағы жобаларды іске асыру арқылы инвестициялық ахуалды жақсарту жолында бірлесіп қол жеткізген жетістіктерді атап өтті.

ЕО Қазақстанның өткен жылы Дубайда ұйымдастырылған Тараптар конференциясының 28-ші саммитінде (COP28) жария етілген Метан шығарындыларын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылуын, және елдің төмен көміртекті дамуға бейілділігін растайтын әрі «жасыл» инвестицияларды тартуға жол ашатын аймақтағы бірінші Әділетті энергетикалық жүйеге көшу жөніндегі серіктестік бағдарламасын жоғары бағалайды. ЕО Қазақстанның осы мәселелер бойынша, сондай-ақ Шекаралық көміртекті реттеу механизмі (CBAM) бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар Транскаспий дәлізі бойынша қол жеткізілген жетістіктерді ерекше ынтамен атап өтіп, Еуропалық Комиссияның Үйлестіру платформасын құру туралы ұсынысын құптады.

ЕО Қазақстан мен ЕО арасында авиация саласындағы екіжақты «көлденең келісімге» қол қоюдың өзектілігін атап өтті.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов мырза бастады. ЕО делегациясын Еуропалық сыртқы істер қызметінің Орталық Азия бөлімінің басшысы Дитмар Крисслер мырза басқарды.

Peter Stano
Lead Spokesperson for Foreign Affairs and Security Policy
+32 (0)460 75 45 53
Pedro FONSECA MONIZ
Press Officer for Foreign Affairs and Security Policy
+32 (0)2 291 38 76
+32 (0)460 76 14 96