British Antarctic Territory and the EU

Еуропалық Одақ Жоғарғы Өкілі Федерики Могеринидің Халықаралық демократия күніне орай мәлімдемесі

Bruxelles, 15/09/2016 - 07:00, UNIQUE ID: 160914_11
Statements by the HR/VP

Еуропалық Одақ Жоғарғы Өкілі Федерики Могеринидің Халықаралық демократия күніне орай мәлімдемесі

Бүгін біз Халықаралық демократия күнін атап өтудеміз.

Демократия Еуропалық Одақтың өзегінде және дәл осы себепті біздің негізімізде жатқан демократиялық құндылықтар, ең алдымен біздің құрлығымызда, күн сайын дәріптелуі тиіс. Демократия азаматтық қатысу, ашықтық, плюрализм мен интеграцияға үнемі дайындықты талап етеді. Азаматтар мен олардың атынан өкілдік етуші сайланбалы мекемелер арасындағы байланыс пен сенім көбінесе қайшылықты сарында болып, әлеуметтік шиеленіс пен саяси бөлінуді тудырады.

Және бүкіл әлемде демократиялық құндылықтар әлі көптеген адамдар үшін шындыққа айналған жоқ. Біз Еуропалық Одақтың мызғымас қуаты мен бүкіл жер шарында демократияны нығайтуды қолдауға ниетін мақтан тұтамыз.

Адам құқықтары мен демократия саласындағы ЕО іс-қимыл жоспарында белгіленген қарқынды міндеттерге сәйкес, Еуропалық Одақ аталған қатерлерге қарсы тұруға, сонымен қатар азаматтарға қызмет ететін және олардың игілігі үшін жұмыс істейтін басқару жүйесі ретінде демократияны бүкіл әлемде белсенді қолдауға дайын.  Осы іске бейілділігі мен қолдауының анық белгісі ретінде ЕО көптеген бастамаларды қаржыландыруда, олардың қатарында өткен жылы жер шарының түрлі түкпіріне жіберілген сайлауды бақылау бойынша 8 миссияларды атап өтуге болады.  

Еуропалық Одақтың жаһандық стратегиясы демократия мен ережелерге негізделген әлемдік тәртіп бойынша бүкіл әлемдегі серіктестерімізбен ынтымақтастыққа біздің ортақ қызығушылымызды білдіреді. Тұрақты демократия, адам құқықтарын құрметтеу, әділет, ынтымақтастық, теңдік, кемсітпеушілік пен плюрализм әлемдегі қауіпсіздік және өркендеуді кепілдендіреді. Олар біз бір жыл бұрын Еуропада және бүкіл әлемде қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің ең маңызды алғышарттары болып табылады.

Біз адамдарды қауіпті көші-қон жолдарына мәжбүрлеуші қақтығыстар мен кедейшіліктің түпкілікті себептерін жою үшін жаһандық әрекетке үлесімізді қосуды жалғастырамыз.  Әрине, бұл себептердің бірі – бұл азаматтардың қажеттіліктеріне қамтамасыз етуге қабілетті тұрақты демократиялық мемлекеттің жоқтығы. Біз демократия әрбір жеке тұлға үшін нақты нәтижелер әкелетіндей үкімет, азаматтық қоғам, әлеуметтік серіктестер және жеке сектормен ынтымақтастығымызды жалғастырамыз.

Editorial Sections: