European Union External Action

 

EEAS content

2016 жылдың 15-16 шілде күндері Моңғолияда өткен 11-ші Азия-Еуропа Саммиті (АСЕМ 11) барысында, АСЕМ елдерінің басшылары АСЕМ үрдісі мен Еуропа мен Азия арасындағы байланыстың барлық саладағы маңыздылығың айқындау мақсатымен 1 наурыз күнің АСЕМ күні деп атап өтуге шешім қабылдады.

АСЕМ  күні - Азия мен Еуропа арасындағы ынтымақтастықты, әріптестікті және байланыстарды дамытуға арналған күн, екі құрлықтың арасындағы өзара құрмет пен тең әріптестікке негізделген байланыстың маңыздылығын  белгілейтін күн.

АСЕМ саммиті алғаш рет 1996 жылы 1 наурыз күні Бангкок қаласында өтті. 22 жыл тарихы бар және 53 әріптесті біріктірген АСЕМ,  саясат, экономика және мәдениет – үш маңызды сала бойынша тең әріптестік, өзара құрмет пен екі жақты ұтыс негізінде Еуропа мен Азияның жетекші саясаткерлерін, бизнес өкілдерін және азаматтық қоғамды біріктірген басты алаң екендігің дәлелдеді. АСЕМ – Еуропа мен Азияны байланыстыратын басты алаң.

АСЕМ жаңа идеяларды шығару мен диалогты құру алаңы ретінде маңызды рөл атқаруда, ол әлем халқының 60 %, әлем ЖӨІ-нің 60% және әлем саудасының 60% құрады. Бүгінгі құбылмалы замаңда, АСЕМ үрдісі ашық және ережелерге орнатылған халықаралық ынтымақтастықтың басты алаңы ретінде жаңа мақсаттар мен сәттің кезі келгенің сезуде.

2017 жылы АСЕМ елдерінің білім министрлері (мамыр, Оңтүстік Корея), экономика министрлері (қыркүйек, Оңтүстік Корея), көлік министрлері (қыркүйек, Индонезия) және Сыртқы істер министрлерінің (қараша, Мьянмар) кездесулері, Еуропа немесе Азия-Тынық мұхит аймағында даму (Тұрақты Даму Мақсаттары )мен  адам құқықтары мәселелерінен бастап, су ресурстарын басқару мен климаттың өзгеруіне дейінгі тақырыптарына арналған бірқатар семинар мен конференциялар өткізілді.

2018 жылы, 1-2 наурыз күндері София қаласында,Болгария, АСЕМ елдерінің Мәдениет министрлерінің 8-ші  кездесу және 26 сәуір күні Қаржы министрлерінің 13-ші кездесуі өтеді.

2018 жылы, 18- 19 қазанда Еуропалық Одақ «Жаһандық сын-қатерлермен күресуде жаһандық әріптестер» атты 12-ші АСЕМ саммитіне төрағалық етеді. Бұл осы жылы Еуропада өткізілетін ең ауқымды саммит, және Азия-Еуропа қатынастарының күнтізбесіндегі маңызды оқиға. 53 мемлекеттің Президенттері пен Премьер-министрлері жаһандық сын-қатерлер мен  оларға ортақ жауапты қайтарудың жолдарын талқылау үшін бас қосады.

Languages: