Delegation of the European Union to Venezuela

Қазақстан: Елдегі адам құқықтарын қорғау жағдайын талқылауға арналған Еуропарламенттің отырысында Жоғарғы Өкіл/Еуропалық Комиссия Төрағасының орынбасары Жозеп Боррель мырзаның атынан айтылған сөз

Brussels, 11/02/2021 - 15:20, UNIQUE ID: 210211_32
Remarks

ағылшын тілінен бейресми аударма

Ағылшын тілінен бейресми аударма

Сөзді оқыған  - Жұмыспен қамту және әлеуметтік құқықтар мәселелері бойынша ЕО Комиссары Николас Шмит

Төраға ханым, Еуропалық Парламенттің құрметті мүшелері,

2020 жылдың наурыз айында Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім күшіне еніп, адам құқықтары, заң үстемдігі және азаматтық қоғам салаларындағы ынтымақтастығымызды одан әрі дамытудың негізін қалады.
Өткен жылдың қараша айында Қазақстан мен ЕО жыл сайынғы Адам құқықтары жөніндегі диалогы мен Әділсот және ішкі істер мәселелері бойынша кіші комитет басқосуларын өткізді. Әлем бойынша тараған індет көптеген мемлекеттер үшін үлкен сын-қатер болып, қиындықтар туғызғанына карамастан, ЕО  адам құқықтарын шектеуге бағытталған кез келген шаралар заңды, алға қойылған мақсатқа сәйкес, уақыт бойынша шектеулі, кемсітусіз, ашық болып, адам құқықтары мен негізгі бостандықтардың тиімді жүзеге асырлып, қорғалуына кедергі жасамай, олардың болашақта қамтамасыз етілетіндігіне қауіп төндірмеуі керектігін атап өтті.

Сондай-ақ, тәуелсіз сот жүйесі, БАҚ бостандығы, сөз бостандығы, бейбіт жиналыстар мен қауымдастықтар бостандығының, сондай-ақ азаптау әрекеттеріне төзімділік танытпаудың және пенитенциарлық мекемелерге тәуелсіз мониторинг жасаудың маңыздылығы талқыланды.

Еуропалық Одақ оң өзгерістерді, мысалы, жала жабуды декриминализациялау, өлім жазасын жою, сонымен қатар, азаптау әрекеттерімен күресуге және түрмедегі жағдайды жақсартуға бағытталған тұрақты талпыныстарды құптады.
Белсенділерге, блогерлерге және журналистерге жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған «алдын-ала біле тұрып «жалған» ақпарат таратты» деген айып тағылу туралы ақпараттың күннен күнге көбею, сондай-ақ, «қорлау» және «билік өкілін қорлауға» жататын заң бұзушылықтар үшін әлі күнге дейін қылмыстық жазаға тартылатындығы  алаңдаушылық туғызады.

Өткен аптада ЕО Қазақстанның анық емес заңдық негізде айыппұл салынып, жұмысы уақытша тоқтатылған бірқатар адам құқықтарын қорғау жөніндегі ҮЕҰ-ға тағылған барлық айыпты алып тастау туралы шешімін құптады.

ЕО Қазақстан Үкіметін реформалар жолымен дамып келе жатқан мемлекеттің мүдделеріне сәйкес азаматтық қоғамның өркендеуіне септігін тигізетін жағымды ортаны қамтамасыз етуге шақырады.

Қаңтар айында өткен парламенттік сайлаудан кейін ЕО бейбіт шерушілерді ұстау, кейбір жергілікті бақылаушылардың жұмысын тиісті түрде атқаруға кедергі келтірілген арнайы шаралар қолдану сияқты негізгі бостандықтарды шектейтін фактілерге қатысты өзінің өкінішін білдірді.

Қазақстанның азаматтық қоғам, адам құқықтарын қорғаушылар, заңгерлер, кәсіподақ қайраткерлері мен журналисттер үшін қолайлы орта құру бағытындағы талпыныстарын жалғастыруы аса маңызды.

Жоғарғы Өкіл/Еуропалық Комиссия Төрағасының орынбасары Жозеп Боррель Қазақстанның ЕО атап өткен жеке сот істері бойынша қолға алған шараларын құптайды.

Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында ЕО Қазақстанға оның реформалау мен жаңғырту үрдістерінде әрі қарай қолдау көрсетуді жалғастырады.

Рақмет.