Delegation of the European Union to Uzbekistan

EEAS RSS Feeds

Displaying 1 - 10 of 12

26 наурыз күні ЕО Жоғарғы Өкілі/Вице-Президент Федерика Могерини "Бейбітшілік үдерісі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аймақтық ынтымақтастық" атты Ауғанстан жөніндегі Ташкент конференциясы қарсаңында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері мен Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті.

АСТАНА – Қазақстан елордасында екі күндік «Еуропалық Одақ – Орталық Азия қатынастарының 25 жылдығы: өткеннен болашаққа» халықаралық конференциясы болып өтті. Конференцияны Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі ұйымдастырды.

Орталық Азиядағы Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобалар халықтың апаттарға дайындығын арттыру бойынша елеулі өзгерістерге жетті. Гуманитарлық көмек және азаматтық қорғаныс бойынша Еуропалық Комиссия Бас директоратының (ECHO) апаттардың алдын алу бағдарламасы (DipECHO) аймақтағы елдер мен үкіметтерін табиғи апаттардың салдарын болдырмау және азайту бойынша қолдау мақсатында 2003 жылдан бастап 100-ден астам жобаға шамамен 46 млн еуро көлемінде қаржы бөлді. Көмек қабылдаушы мемлекеттер - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан.

Еуропалық Одақ - Орталық Азия Сыртқы істер министрлері кездесуі «ЕО және Орталық Азия: Қауіпсіз әрі өсіп - өркендеген болашақ үшін бірге жұмыс істеу»

ЕО Жоғарғы Өкілі/Вице-президент Федерика Могерини мен Комиссар Невен Мимица Орталық Азияға ресми сапармен келеді

Орталық Азия ғасырлар бойы Еуропа мен Азияны біріктіреді. Ол екі құрлықтың қиылысында орналасқан, және Орталық Азия мемлекеттері - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан тәуелсіздік алғаннан кейін аймақтың осы рөлін жаңғыртуда.

Еуропалық Одақтың Шетел істері және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы Өкілінің және Еуропа Кеңесінің Бас хатшысының Еуропалық және Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы күрес күніне орай бірлескен мәлімдемесі.

Еуропалық Одақ Жоғарғы Өкілі Федерики Могеринидің Халықаралық демократия күніне орай мәлімдемесі

Pages