Delegation of the European Union to Nepal

Брюссельде ЕО-Қазақстан ынтымақтастық комитетінің 17-ші отырысы болып өтті

Брюссель, 30/01/2019 - 17:07, UNIQUE ID: 190130_6
Press releases

Брюссельде ЕО-Қазақстан ынтымақтастық комитетінің 17-ші отырысы болып өтті

Еуропалық Одақ (ЕО) пен Қазақстан 2019 жылдың 30 қаңтарында Брюссельде ынтымақтастық комитетінің 17-ші отырысын өткізді.

ЕО Қазақстан сыртқы саудасының үштен бір бөлігін және Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жартысынан астамын құрайтын Қазақстанның жетекші сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. Қазақстан 2015 жылы ЕО-мен Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге (КӘЫК) қол қойған Орталық Азиядағы алғашқы ел.

Ынтымақтастық жөніндегі комитет ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген өзара міндеттеме мен мүдделілікті растады. Еуропалық Одақ пен Қазақстан өздерінің ынтымақтастығын КӘЫК қамтылған келесі салаларда қарастырды: заң үстемдігі, тиімді басқару, адам құқықтарын қорғау, экономикалық даму және реформалар, энергетика, көлік, қоршаған орта, климаттың өзгеруі, мобильділік және гуманитарлық ынтымақтастық, білім беру, ғылым, азаматтық қоғам қоғам және өңірлік ынтымақтастық.

ЕО мен Қазақстан үкіметтік емес ұйымдарға, адвокаттар мен журналистерге қолайлы ортаны және осы саладағы одан әрі ілгерілеу қажеттігін атап өтті. Жақында қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңдарға енгізілген түзетулер жағымды өзгерістер болғанымен, ЕО тәуелсіз және бейтарап сот жүйесінің маңыздылығын растады.

Соңғы экономикалық оқиғалар, атап айтқанда, инвестициялық ахуалды жақсарту және жоғары деңгейдегі іскерлік диалог платформасының іске қосылуы жөніндегі бастамалар да талқыланды. ЕО заң үстемдігі, тиімді басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және халықаралық арбитраждық шешімдердің барлық институционалдық деңгейлерде орындалуының маңыздылығын еске салып, аталған салалардың қосымша шетелдік инвестицияларды тарту жолында маңызды екеніне назар аударды.

Қазақстан ЕО Эразмус+ бағдарламасына белсене қатысады және ЕО-Орталық Азия білім беру тұғырнамасына мығым бейілділігін көрсетуде. Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанның жоғары оқу орындары жоғары білім беру саласындағы 40 әлеуетті дамыту бағдарламасына қатысып, Еуропалық Одақ пен Қазақстандағы жоғары оқу орындарының арасында 430-ға жуық мобильділік жобалары басталды, осы науқан барысында 2000-нан астам қазақстандық студенттер мен қызметкерлер Еуропаға жолдама алды.

Ынтымақтастық комитеті сондай-ақ ЕО мен Орталық Азия арасындағы қауіпсіздік, оның ішінде өңірлік қауіпсіздік, терроризмге қарсы күрес, есірткі айналымына қарсы күрес және шекараны басқару салаларындағы өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады. Қатысушылар ішінара өңірде, сондай-ақ 23 қарашада Брюссельде өткен ЕО-Орталық Азия министрлерінің соңғы кездесуінде көрсетілгендей, ЕО мен Орталық Азия арасында да жақсы қарым-қатынастар жағдай құрудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ЕО биыл Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясын жариялайды.

Бүгінгі ынтымақтастық комитеті жылдың аяғына дейін өтетін ЕО-Қазақстан министрлер деңгейіндегі ынтымақтастық кеңесіне өз үлесін қосады. Еуропалық Одақ пен Қазақстан КӘЫК және Орталық Азиядағы жаңа ЕО стратегиясы аясында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

Отырысты Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Еуропалық сыртқы істер қызметінің Еуропа және Орталық Азия бойынша басқарушы директорының орынбасары Люк Девинь басқарды.

 

Қосымша ақпарат:

EU-Kazakhstan relations factsheet

EU Delegation to Kazakhstan