Delegation of the European Union to Montenegro

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күніне қатысты ортақ мәлімдеме

25/11/2020 - 06:21
News stories

Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық – қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығы бұзылуының бірі. Зорлыққа жол бермеуіміз керек. Бұл денсаулық пен өмірге қауіпті мәселе гендерлік теңсіздік, билікті теріс мақсатта пайдалану және жағымсыз нормалардан бастау алады. Зорлық-зомбылық әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіреді. Гендерлік зорлық-зомбылық отбасылар мен қоғамдастық арасындағы байланысты әлсіретіп, елдердің әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамуға қол жеткізуіне жол бермейді.

Гендерлік зорлық-зомбылық жайттары экономикалық дағдарыс, конфликт немесе эпидемия сияқты кез келген төтенше жағдай кезінде өседі. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш COVID-19 пандемиясы кезінде үйдегі зорлық-зомбылық туралы хабарламалар санының күрт өскенін атап өтті. Гутерриш мырза әлем елдерін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты қатаң шараларды қолға алуға шақырды.

25 қарашада біз Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша халықаралық күрес күнін атап өтеміз. Және бұл күні гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттің 16 күндік науқаны басталады. Бұл науқан маңызды мәселелерді көтеру және гендерлік зорлық-зомбылық туралы күрделі пікірталастарды қолдау үшін таптырмас құрал болып табылады.

Біз БҰҰ Бас хатшысының «2030 жылға қарай әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатамыз» науқанына қосыламыз. Біз гендерлік зорлық-зомбылықты Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастық, Орталық Азия елдерімен аймақтық ынтымақтастық және халықаралық ұйымдармен бірлесіп, көпжақты қолдау арқылы тоқтатуға тырысамыз.

Біз Қазақстанмен серіктестікті жалғастыруға және тәжірибе алмасуға ниеттіміз, өйткені біз COVID-19-ға жауап беру және экономиканы қалпына келтіру бойынша жоспарлар мен стратегиялар әзірлеудеміз. Гендерлік зорлық-зомбылыққа және гендерлік теңдікке қарсы күрес кез-келген стратегияның ажырамас бөлігі болуы керек. Біз әйелдер мен қыздардың өз әлеуетін толықтай жүзеге асыруға, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге және, әрине, өз армандарын орындауға ресурстар мен мүмкіндіктерге ие болатын әлемге бірлесіп қол жеткізе аламыз.

Ауғаныстан Елшілігі
Австрия Елшілігі
Бельгия Корольдігінің Елшілігі
Канада Елшілігі
Эстония Елшілігі
Финляндия Елшілігі
Германия Елшілігі
Индонезия Елшілігі
Италия Елшілігі
Латвия Елшілігі
Литва Елшілігі
Нидерланды Корольдігінің Елшілігі
Португалия Елшілігі
Словакия Республикасының Елшілігі
Испания Елшілігі
Швеция Елшілігі
Швейцария Елшілігі

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Елшілігі
Украина Елшілігі
Америка Құрама Штаттарының Елшілігі
Еуропалық Одақ Өкілдігі
БҰҰ Әйелдері

ЮНФПА
ЮНИСЕФ