Delegation of the European Union to the Republic of Moldova

Қазақстан және ЕО

12/05/2016 - 11:31
EU relations with Country

Осында ЕО және Қазақстан арасындағы саясат, сауда-экономикалық байланыстар, энергетика саласы және даму мақсатындағы ынтымақтастық бойынша ақпарат берілген.

Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап әріптес болып табылады және ұдайы кеңейіп тұратын бірлескен диалог жүргізуде. Ынтымақтастықтың бірінші жылдары бұл диалог сауда мен инвестициялар мәселелеріне бағдарланды, ал 2002 жылдан бастап энергетика, көлік, сондай-ақ сот әділдігі мен құқықтық тәртіп сияқты басқа да маңызды салаларды қамти бастады.

1995 жылы қол қойылған және 1999 жылы күшіне енген Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (ӘЫК)PDF icon.

ЕО мен Қазақстанның әріптестігі негізделетін басты құжат болып табылады. 2009 жылғы мамырдан бастап Брюссель мен Нұр-Сұлтанда жаңа жетілдірілген келісімді талқылау басталды.

Өңірлік деңгейде Қазақстан Еуропалық Одақ және Орталық Азия жаңа әріптестік стратегиясы шеңберінде басым ел болып табылады. 2012 жылы маусымда Еуропалық Одақ пен Еуропалық Комиссия Орталық Азия бойынша ЕО стратегиясын іске асыру туралы өзінің Бірлескен Есебін жариялады.

ЕО мен Қазақстан арасындағы жаңа кеңейтілген Әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім бойынша келіссөздер 2011 жылы 27 маусымда Брюссельде басталды.

2011 жылдан бері Еуропалық Одақ және Қазақстан арасындағы кеңейтілген ӘЫК жобасы бойынша келіссөздердің сегіз отырысы болып өтті.

2014 ж. 9 қазанда Брюссельде Еуропалық комиссия Президенті Ж.М. Баррозу және Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Еуропалық Одақ және Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім бойынша келіссөздердің аяқталуы жөніндегі Хаттамаға қол қою рәсімі өтіп, 2015 ж. 20 қаңтар күні Брюссельде ЕО пен Қазақстан арасындағы аталған келісімді дәйектеу рәсімі тамамдалды.

2015 ж. 21 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Кеңейтілген ӘЫК ЕО мен оған кіретін мүше-мемлекеттердің Қазақстанмен қатынастарын одан әрі дамыту және ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды кезең болып табылады.

Cауда-экономикалық байланыстар

Еуропалық одақ (ЕО) пен Қазақстан Республикасының арасында тығыз сауда-экономикалық әріптестік қалыптасты. ЕО Қазақстанның бірінші сауда әріптесі (2015 ж. ел саудасының жалпы көлемінің үштен бірі) және оның ірі инвесторы болып табылады.

Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім (КӘЫК)  

ЕО мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды реттейді.

Астанада, 2015 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ідірісов пен Еуропа одағының шетел істері және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі/Еуропалық комиссияның вице-президенті Федерика Могерини Келісімге қол қойды.

Кейбірін қоспағанда, КӘЫК-тің сауда және кәсіпкерлік туралы бөлімдерінің көбі 2016 жылы 1 мамырдан бастап күшіне енді.

КӘЫК-тің сауда және кәсіпкерлік туралы ережелері сауда және инвестициялық қатынастардың дамуына ықпал ететін болады.

Бұған ынтымақтастықты нығайту және еуропалық пен қазақстандық компаниялар үшін мынадай:   

  • қызметтер саудасы,
  • компанияларды құру және оларды басқару,
  • капитал қозғалысы,
  • шикізат материалдары мен энергетика,
  • мемлекеттік сатып алу,
  • зияткерлік меншік құқығы бағыттарында нормативтік-құқықтық ортаны жетілдіру есебінен қол жеткізіледі.

Қазақстан 2015 жылдың 30 қарашасында Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кірді.

ЕО Қазақстанның кіруіне жүйелі түрде көмек көрсетіп отырды, бұл елге халықаралық сауда қағидалары мен нормаларын қолдана отырып, әлемдік экономикаға кірігуіне көмектеседі.

Жоғары деңгейде талқылау

Сауда-экономикалық байланыстар ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің жыл сайынғы отырыстары шеңберінде жүйелі түрде талқыланады, онда олардың әріптестіктегі шешуші рөлі атап көрсетіледі.

Сондай-ақ сауда, инвестициялар және кеден мәселелері жөніндегі техникалық талқылаулар Ынтымақтастық жөніндегі комитеттердің және Брюссель мен Нұр-Сұлтанда арнайы құрылған кіші комитеттердің отырыстарында тұрақты өткізіледі.

Сауда мен инвестициялар туралы көбірек ақпарат:

  • 2015 ж. елдегі тауарлар саудасының жалпы көлемінде 33.7% бар ЕО Қазақстанның бірінші сауда әріптесі және оның ірі экспорттық нарығы (қазақстандық тауарлардың шамамен жартысы ЕО-ға экспортталады) болып табылатыны сөзсіз.

ЕО елдерінен Қазақстанға тауарлар экспортының көлемі сол жылы 6.8 миллиард евро, ал Қазақстаннан импорт  – 14.7 миллиард евро құрады.

  • Қазақстаннан Еуроодақ елдеріне, негізінен, энергетикалық (минералды шикізат, отын) өнімдер (2015 ж. 87.7%) енгізіледі.
  • ЕО елдерінен Қазақстанға экспорттың негізгі үлесін  машиналар мен көлік жабдықтары, басқа өнеркәсіп тауарлары мен химиялық өнімдер құрайды.  
  • 2014 ж. Қазақстанға экспортталатын ЕО қызметтерінің құны 2.3 миллиард евро, бұл ретте Қазақстаннан импорт– 1.2 миллиард евро құрады.
  • Еуропалық одақ Қазақстанда аса ірі инвестор болып табылады.
    • 2000-2014 жж. ЕО жалпы инвестициялары шамамен 106 миллиард АҚШ  долларын құрады.
    • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректері бойынша 2014 жылы Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы түсімі 23.9 миллиард АҚШ долларын құрады. ЕО үлесіне 45% (10.7 миллиард АҚШ доллары) келді.
    • 2014 ж. ЕО ТШИ көлемі 41.5 миллиард евро құрады.

Қазақстанның экономикасы негізінен мұнай секторынан, сондай-ақ көмір мен уранды және басқа маңызды шикізат материалдарды шығарудан тұрады.

  • Соңғы екі он жылдық ішінде Қазақстан мен ЕО арасында энергетика саласында орнықты және өзара тиімді қарым-қатынастар орнады. Ірі еуропалық энергетикалық компаниялар Қазақстанның мұнайгаз саласына айтарлықтай қаражат салды. Қазіргі уақытта экспортталатын қазақстандық мұнайдың жалпы көлемінің шамамен 70% Еуроодақ елдеріне келеді, бұл ЕО мұнай импортының жалпы көлемінің шамамен 6% сәйкес. Екінші жақтан, Қазақстандық Ұлттық мұнайгаз  компаниясы «ҚазМұнайГаз» мұнайды өңдеу үшін, Оңтүстік Шығыс Еуропа және Шығыс әріптестік елдерінде мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы үшін ЕО аумағындағы елеулі активтерді бақылайды.
  • Қазақстан уранның ірі қорларына ие және ЕО атом өнеркәсібі үшін (импорттың1/4) ірі жеткізуші болып, әлемде уран шикізаты өндірісі мен экспорты бойынша  бірінші орын алады.

Өндірістің және Еуропа елдеріне экспорт көлемінің көбеюі арқасында, Қазақстан осылайша Еуроодақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта отырып, ЕО үшін энергия көздерінің әртараптануына үлес қосады.

Энергетика саласындағы ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы   

ЕО энергетикалық ландшафтысында Қазақстанның нығайтушы рөлін энергетика саласында қалыптасқан құқықтық және институционалды екі жақты ынтымақтастық жүйесі дәлелдейді.

  • 2015 жылы қол қойылған Еуропалық одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы кеңейтілген әріптестік туралы келісімде ортақ мүдде, өзара кепілдік, ашықтық пен болжамдық қағидаттары негізінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін энергетика саласында кеңейтілген, тұрақты және тиімді ынтымақтастық қажеттілігі мойындалады. Келісімде өзара инвестициялар, ғылыми-техникалық ынтымақтастық пен энергиялық тиімділік және экологиялық тұрақты технологиялар, энергетика секторындағы бірлескен білім бағдарламалары мен басқа жөнінде ақпаратпен алмасу  туралы ережелер бар. Көмірсутек энергетика саласында Келісімде энергетикалық инфрақұрылымды және энергетикалық нарықтарды дамыту, сондай-ақ энергия тасушылар саудасын нығайту және қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейіне, соның ішінде теңіз барлауы мен көмірсутек шығару  кезінде көмектесу үшін жағдайлар қарастырылған.
  • 2006 жылы қол қойылған Энергетика саласындағы ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумда ЕО мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың практикалық аспектілері қарастырылады, олар энергетикалық қауіпсіздік пен инвестициялар; жеткізу қауіпсіздігін күшейту, сұранысты болжау; өзара мүдде болып табылатын көлік инфрақұрылымын салу/жаңғырту, өнеркәсіптік ынтымақтастықты (барлау және өндіру, өңдеу және іске асыру) жылжыту сияқты және т.б. мәселелерді қамтиды.
  • Сонымен қатар атомдық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды, оларда энергияның бұл түрін бейбіт мақсаттарда пайдалануға қатысты аспектілерден басқа, айрықша мәселелер, атап айтқанда ядролық қауіпсіздік пен ядролық синтез мәселелері де қарастырылды.

Тиісті келісімдерді іске асырумен байланысты мәселелерді талқылау үшін ЕО мен Қазақстанның лауазымды адамдарының қатысуымен кезеңдік кеңестер ұйымдастырылады.

ЕО қаржыландыратын энергетикалық бағдарламаларға және бастамаларға Қазақстанның қатысуы

  • Қазақстанның аумағында Халықаралық атом энергиясы агенттігіне тиесілі және оның бақылауында болатын, бұл ретте Банкті басқаруды ҚР заңнамасына, МАГАТЭ қауіпсіздігі жөніндегі стандарттары мен нұсқаулығына сәйкес  Қазақстан Үкіметі жүзеге асыратын төмен байытылған уран банкін  (ТБУБ) құруға ЕО жоғары деңгейде саяси қолдау және айтарлықтай қаржылық қолдау көрсетеді. Банк ядролық энергияны, ТБУ кепілді қорын коммерциялық нарықта немесе өзге тәсілмен оны алу мүмкін болмаған жағдайда, бейбіт пайдалану бағдарламасын іске асыратын елдерді қамтамасыз етуге арналған.
  • Энергетикалық хартияға Шарт шеңберінде  ЕО мен Қазақстан әріптес болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан бәсекеге қабілетті энергетикалық нарықтарды құру, жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту және оны тиімді пайдалану жөніндегі INOGATE техникалық көмек бағдарламасының бенефициары болып табылады.

Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан бірқатар құқықтық құралдар негізінде ЕО тарапынан қаржылық және техникалық көмек ала алады. 2014 жылдан бастап 2020 жыл бойы кезеңде мұндай құралдарға Даму мақсатындағы ынтымақтастық құралы (DCI), Демократияға және адам құқықтарына көмектесу еуропалық құралы (EIDHR), Тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге көмектесу құралы (IcSP), Ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық құралы, Әріптестік, сондай-ақ білім сапасын көтеруге көмектесу және "ERASMUS +" (бұрын қолданылған ERASMUS пен TEMPUS бағдарламаларын біріктіру нәтижесі) бағдарламасы шеңберінде студенттермен алмасу құралы жатады.

DCI Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың аса маңызды құралы болып табылады. Осы құрал шеңберінде Қазақстанға орта деңгейлі ел мәртебесіне жеткенге дейін екі жақты көмек көрсетілді. Осыған байланысты 2014 жылдан бастап Қазақстанда DCI шеңберінде жаңа екі жақты әрекет жүзеге асырылған жоқ, бірақ елдің DCI шеңберінде 2014-2020 жылдарға арналған Орталық Азия мемлекеттері үшін өңірлік бағдарламаға толық қатысу құқығына әлі де ие, бұл бағдарлама 245 млн. еуро мөлшеріндегі ұйғарымды ортақ бюджетімен Орталық Азияның бес елінде өңірлік іс-шараларды көздейді.

 

Азаматтық қоғам ұйымдарымен (АҚҰ) диалог тақырыптардың кең спектрі бойынша және әртүрлі форматтарда ЕО араласу басымдықтарымен қатар азаматтық қоғаммен әрекеттесу жөніндегі ЕО елдік картасына сәйкес жүзеге асырылады.

ЕО азаматтық қоғамды одан әрі шоғырландыру және келесі бағыттар бойынша дамытуға қолдау көрсетеді:

  • Құқықтар ұлықтылығын дамытуға және адам құқықтарын құрметтеуге көмектесу;
  • Тиісті мемлекеттік басқаруды, сот билігінің есеп беруі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге көмектесу; 
  • Әлеуметтік дамуды, халықтың маргиналды топтары үшін білімге қол жетімділікті кеңейтуді және қоршаған орта үшін зиянсыз инклюзивті дамуды қолдау.

Ағымдағы қолдау Демократияға және адам құқықтарына көмектесу еуропалық құралы (EIDHR) мен Мемлекеттік емес құрылымдарды қолдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағдарламасы негізінде (NSA-LA) Даму мақсатындағы ынтымақтастық құралы (DCI) шеңберінде жүзеге асырылады.

EIDHR – қаржылық-саяси құрал, оның мақсаты демократиялық қайта құрудың, құқық ұлықтығының және бүкіл әлемдегі адамдардың барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарының дамуына және шоғырлануына көмектесу болып табылады. Осы мақсатты көздей отырып, EIDHR азаматтық қоғам ұйымдарының рөліне үлкен назар аударады және ұлттық деңгейде АҚҰ-мен ынтымақтастықтың негізгі кезі болып табылатын әрекеттер тәуелсіздігін қарастырады. Сонымен, EIDHR күрделі саяси мәселелерді және инновациялық тәсілдерді қарауға бағытталған.

NSA-LA бағдарламасы 2007 жылдан бастап жүзеге асырылады. Бағдарламаның мақсаты мемлекеттік емес субъектілер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының инклюзивті және тұрақты өсуді жылжыту әрі әлеуметтік қызметтер ұсыну жөніндегі бастамаларын қолдау арқылы әлеует құру болып табылады.

Жақында Өкілдіктің қызметкерлері өткізген Қазақстандағы азаматтық қоғам ұйымдарын өңірлік зерттеу төрт тақырыптық бағытта (адам құқытары мен құқық ұлықтығы, әлеуметтік даму, тұрақты қоршаған орта мен тиісті мемлекеттік басқару) жұмыс істейтін негізгі АҚҰ-ларды айқындады және елде әрекет ететін АҚҰ-ларға кездесетін негізгі келелі мәселелерді атайды.

2017 жылы әлемдегі адам құқықтары мен демократия туралы жылдық есеп

2018 жылы әлемдегі адам құқықтары мен демократия туралы жылдық есеп

2018 жылы әлемдегі адам құқықтары мен демократия туралы жылдық есеп (елдік есеп)

Адам құқықтарын қорғаушылар туралы ЕО тұжырымдамасы

Қазақстан Орталық Азияның басқа елдеріне ұқсас болғандықтан, бұл жерде де әртүрлі табиғи апаттар соның ішінде жер сілкіністері мен су тасқындары болып тұрады. Қазақстанға төтенше маусымдық өзгерістер тән болғандықтан суық және ұзақ қыс пен ыстық жазы тіршілікке, ауыл және мал шаруашылығына теріс ықпал етеді. Соңғы жылдары климаттың өзгеруіне байланысты орташа температураның артуы климаттық апаттардың әсерін тереңдетті.

Шығыс Қазақстан, сонымен қатар Алматы қаласы таулы жерлер болғандықтан,  жер сілкінісі, қар көшкіні және су тасқыны сияқты апаттар көрсеткіші жоғары, қауіп-қатерлі аумақтар болып саналады. 2010-2015 жылдар аралығында Қазақстанның орталық және шығыс өңірлерінде 4 қиратушы су тасқынынан 50-ден астам  адам қаза тапты және 70000 сол аймақтың тұрғындары зардап шекті.

 Біз қалай қолдау көрсетеміз?

2007 жылдан бастап Еуропалық гуманитарлық көмек және азаматтық қорғау директораты (ECHO) белгілі DIPECHO атты апаттарға дайындық халықаралық бағдарлама шеңберінде Қазақстанды үздіксіз қолдап келеді. Ол  Ішкі Істер Министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетімен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарымен, БҰҰ агенттіктері мен Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесіп жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Бүгінгі күнде DIPECHO Қазақстанға жалпы 3,7 млн ​​еуро көлемінде қаржы бөлді.

DIPECHO бағдарламасы шеңберінде ECHO қауіп-қатерлерін азайту бағдарлама саласында жергілікті қауымдастықтар және мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастықта, сондай-ақ төтенше жағдайға шұғыл әрекеттену мақсатын республикалық және жергілікті билік органдарына хабардар болуына ықпал етуде.

DIPECHO-ның (2015-2016) ағымдағы кезең шеңберінде ECHO Қазақстандағы үш жобаны жалпы 267500 еуро қорымен қаржыландырды. Бұл жобалар қауіп-қатерді азайту саласындағы соңғы жетістіктерді шоғырландыруға және институттандыруға, тұрақты көзқарас сақтауға, сондай-ақ Қазақстанға ерекше назар аудара отырып, қауіп-қатерді азайту бағдарлама саласындағы Орталық Азия елдерінің үкімет әлеуетін нығайтуға бағытталған.
 

2016 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет жасап жатқан, Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар жөніндегі және апат тәуекелін төмендету ушін арналған Орталықтың құруына Қазақстан белсенді қатысқан. Бастапқы кезде ECHO осы Орталықтың құруын қолдаған және  әрі қарай көмек етуді жалғастырып, Орталық Азиядағы қауіп-қатерді  азайту саласында тиімді аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударды.

 2013 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңде, елдің әртүрлі аймақтарында ауа-райының жағымсыз жағдайынан  немесе су тасқынынан зардап шеккен қауымға жедел көмек көрсету ушін ECHO бірнеше рет табиғи апат болған жағдайда Төтенше Көмек Қорына, Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдарының Халықаралық Федерацияларына қаржы бөлген.

Editorial Sections: