Delegation of the European Union to Liberia

Еуроодақтың Жоғарғы Өкілі Федерика Могерини жыл сайынғы министрлер басқосуына Орталық Азияға сапармен келуде

Bruxelles, 05/07/2019 - 13:45, UNIQUE ID: 190705_8
Press releases

ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы Өкілі / Еурокомиссияның Вице-президенті Федерика Могерини 6-7 шілде аралығында Түрікменстан мен Қырғызстанға сапар шегеді.

Сапардың негізгі мақсаты – 7 шілдеде Бішкекте өтетін Еуроодақ пен Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері деңгейіндегі 15-ші кездесу, бұл өз кезегінде Орталық Азия бойынша жаңа ЕО Стратегиясының орындалуын талқылау мүмкіндігін береді. Стратегия 15 мамырда Еуропалық Комиссиямен қабылданып, 17 маусымда ЕО Сыртқы істер министрлері Кеңесімен бекітілді.

 

2007 жылғы Орталық Азия бойынша алғаш ЕО стратегиясын жаңартатын ағымдағы Стратегия соңғы жылдары өңірдегі жаңа динамиканы көрсетеді, сондай-ақ өзара ынтымақтастыққа және өңірдегі Еуропа мен Азияны байланыстыруға бағытталған бастамалардың қарқынды дамуына жаңа серпін береді.

 

6 шілдеде министрлер кездесуі қарсаңында Федерика Могерини Ашхабадқа барады, онда Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездеседі және Түркіменстанда ЕО Өкілдігін ашу туралы келісімге қол қояды. Могерини ханым сондай-ақ Түрікменстан Меджлисінің спикері Гүлшат Мамедовамен кездеседі.

 

Бішкекте Федерика Могерини Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездеседі. Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен бірлесе отырып, Федерика Могерини Еуроодақ пен Қырғызстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қояды. Ол сондай-ақ Орталық Азия мен Еуропаның азаматтық қоғам өкілдерін өзара серіктестікті дамытуға мүмкіндік беру үшін біріктіретін ЕО-Орталық Азия форумының қорытынды отырысында сөз жолдайды.

 

7 шілдеде Федерика Могерини ЕО-Орталық Азия министрлерінің кездесуіне өңірдің бес сыртқы істер министрінің қатысуымен тең төрағалық етеді. Аталған басқосу Еуроодақтың өңірге деген ұстанымын көрсету мүмкіндігін береді. Орталық Азияның маңыздылығы арта түсуде, және соңғы оқиғалар ЕО-мен өзара іс-қимыл жасау үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Сонымен қатар Федерика Могерини Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен екіжақты кездесу өткізеді. Министрлер кездесуінің қорытындысында ЕО Жоғарғы Өкілі/Вице-президент Федерика Могерини мен Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков қатысуымен бірлескен баспасөз мәслихаты өтеді. Сондай-ақ Могерини ханым Бішкекте Дипломатиялық академия қабырғасында Парламенттің әйел мүшелері мен дипломаттармен кездеседі.

 

Анықтама

ЕО еліміздің сыртқы сауданың үштен бір бөлігін құрайтын және Қазақстандағы барлық тікелей инвестициялардың жартысынан астамын құрайтын Қазақстанның алғашқы сауда әріптесі болып табылады. 2015 жылы 21 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қол қойылған және 2016 жылдың 1 мамырында уақытша қолданысқа енгізілген Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім сауда сияқты салаларда, қызметтер, компанияларды құруға және қолдануға жәрдемдесуге, капитал ағынын, шикізат пен энергия ресурстарын, зияткерлік меншік құқықтарын және т.б. қоса алғанда бизнес үшін неғұрлым озық нормативтік ортаны құруға бағытталған. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың 2019 ж. 2 шілдедегі жарлығымен Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы жан-жақты қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Еуропалық Одақтың Жоғарғы Өкілі / Вице-президент Федерика Могерини I дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

 

Бүкіл сапар бойынша фото және бейнематериалдар Europe by Satellite арқылы қолжетімді болады.

Орталық Азия, жекелеген елдер және нақты ЕО жобалары туралы бейнематериалдарды онлайн жүктеп  алуға болады.

 

Қосымша ақпарат бойынша:

Майя Косиянчич - тел: +32 229 86570; Адам Казновски - тел .: +32 229 89359; Эльнара Байназарова - тел: +7 701 9400086