Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

EEAS RSS Feeds

Displaying 1 - 10 of 140

НҰР-СҰЛТАН – Бүгін елордада «Нұр-Сұлтаннан хат» жобасының тұсаукесері өтті. Іс-шара ЕО-Қазақстан және ЕО-Орталық Азия ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі және Еуропалық Карнеги орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Аталған хат Еуропалық Карнеги орталығының "Астаналар сериясы" арнайы жарияланымдар топтамасына кіріп, Орталық Азия аймағынан шыққан алғашқы басылым болып табылады. Хаттың авторы – белгілі қазақстандық сарапшы, саясаттанушы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, саясат ғылымдарының докторы Мұрат Лаумулин.

НҰР-СҰЛТАН – Бүгін Нұр-Сұлтанда «Орталық Азиядағы өркендеу үшін кеңейтілген интеграция» тақырыбындағы аймақтық конференция басталды. Еуропалық Одақ ұйымдастырған екі күндік іс-шара Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы аймақтық интеграцияны және 2019 жылғы маусымда қабылданған Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа стратегиясын ілгерілетуге бағытталған.

Дорогие друзья! Сегодня, 20 ноября, отмечается Всемирный день ребенка, как день мирового братства и взаимопонимания детей, посвященного деятельности, направленной на обеспечение благополучия детей во всем мире.

И мы рады объявить о результатах конкурса детского рисунка #Kids4Rights, организованного Представительством ЕС, ЮНИСЕФ, а также посольствами Бельгии и Швейцарии в Казахстане.

Нұр-Сұлтан –18-19 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы Әділсот және ішкі істер мәселелері бойынша кіші комитетінің 17-ші отырысын және Адам құқықтары бойынша 11-ші диалог басқосуын өткізді. Биыл қос кездесу Қазақстандағы саяси өзгерістер мезеті мен Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (КӘЫК) ЕО-ға мүше мемлекеттермен толық бекітілуі аясында ЕО-Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызды кезеңімен тұспа-тұс келді. Талқылаулар сындарлы және ашық диалог жағдайында өтті.

АЛМАТЫ – Бүгін Алматыда Chaplin Mega Park кинотеатрында Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі ұйымдастырған IV Еуропа кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті. Фестиваль 5-7 қараша аралығында көрермендер назарына Еуропалық Одаққа мүше елдердің 16 фильмін, сондай-ақ еуропалық режиссерлердің эксклюзивті мастер-класстарын ұсынады. Фестивальдің мақсаты – Еуропа мәдени мұрасының үздік жаңа фильмдерін ұсыну, көпшілік бұқараның кинемотографиялық өнерге қызығушылығын арттыру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

5-7 қараша аралығында Қазақстанның мәдени ордасы Алматы қаласында жыл сайынғы Еуропа кинофестивалі өтеді!

Сізді ғажайып премьералар, еуропалық режиссерлер Ренарс Вимба (Латвия) және Каролин Тирион (Бельгия) атынан арнайы мастер-класс пен баспасөз кездесулері күтеді!

Алматы, 18 қазан 2019 ж. – Бүгін Almaty Management University қабырғасында (бұдан әрі - Alma U) Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландыратын және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) жүзеге асыратын жобаға қатысушы отыз ауған әйелінің алғашқы тобы Қазақстанға оқуға келуі қарсаңында ресми қабылдау өтті.

НҰР-СҰЛТАН – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин мырзаның төралығымен ЕО мен Қазақстан арасындағы экономика және бизнес жөніндегі жоғарғы деңгейлі диалог платформасының екінші отырысы өтті. Басқосуда Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон бастаған Еуропаның алдыңғы қатарлы компаниялары мен ЕО-ға мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары қатысты.

Елші Свен-Олов Карлссонның жаңартылатын энергия көздері бойынша үшінші саммитіндегі құттықтау сөзі (Kazakhstan Energy Week), 25 қыркүйек 2019 ж., Nazarbayev Center, Нұр-Сұлтан.

НҰР-СҰЛТАН – Бүгін елордада БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенцияның 30 жылдығына орай #Kids4Rights балалар сурет байқауы жарияланды. Байқауды Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі Қазақстандағы ЮНИСЕФ, Бельгия және Швейцария елшіліктерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Pages