Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

EEAS RSS Feeds

Displaying 1 - 10 of 151

НҰР-СҰЛТАН – Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі Erasmus+ бағдарламасының ұлттық кеңсесімен бірлесе отырып, Erasmus Mundus бірлескен магистрлік бағдарламасы бойынша шәкіртақы иеленген 44 қазақстандық студентпен онлайн ақпараттық кездесу өткізді. Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон мырза мен Erasmus+ ұлттық кеңсесі директоры Шайзада Тасболатова ханым жақын арада ЕО-ның ең ірі білім беру бағдарламасына қосылуға дайын студенттерге қолдау көрсетіп, тілектерін айтты.

Бүгін Еуропалық Одақ құны 3 млн евро (1.4 млрд теңге) құрайтын "COVID-19 Орталық Азия мемлекеттерінде: дағдарысқа жауап беру шаралары" (CACCR) атты жан-жақты ортақ көмек көрсету пакетін іске қосты. Оның мақсаты – Қазақстанға басты назар аудара отырып, Орталық Азия мемлекеттерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүзеге асыратын CACCR бағдарламасы аясында қазіргі COVID-19 індетінің салдарын жеңілдету ісіне қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, болашақта халық денсаулығына осындай қауіп төндіретін жағдай туындайтын болса, Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық денсаулық сақтау жүйелерінің оған жауап беру әлеуетін арттыру арқылы сол жүйелердің ұзақ мерзімді төзімділігін қамтамасыз етуге бағдарлама үлесін қосады.

НҰР-СҰЛТАН – Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі тұңғыш рет "Еуропа әлемінде" атты ертегілер жинағын қазақ тілінде жарыққа шығарды. Кітап Еуропаның мәдени мұрасының бірыңғай топтамасы ретінде Еуропалық Одақ елдерінің аңыздары мен басқа да дәстүрлі ертегілерінің жинағы болып табылады. Кітаптың мақсаты – Еуропа халықтарының таңғажайып халық дәстүрлерінің ортақ негізін табу, сонымен бірге Ескі құрлықтың құндылықтарының бірлігін көрсету.

Бүгін біз гомофобия, бифобия және трансфобияға қарсы (IDAHOBiT) күрестің жыл сайынғы Халықаралық күнін атап өтеміз. Бұл маңызды күні біз Қазақстандағы лесбиянкалар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер мен интерсексуалдардың (ЛГБТИ) қауымдастықтарымен біздің ынтымақтастығымызды білдіреміз.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі COVID-19 жағдайына байланысты жұмыс тәртібіндегі келесі өзгерістер туралы хабарлайды:

  • Өкілдік кеңсесі уақытша жабық;
  • Қабылдау бөлімі дүйсенбі және жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді;
  • Жұмыс сағаттарынан тыс уақытында барлық сұрақтар бойынша Delegation-Kazakhstan@eeas.europa.eu электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.

2020 ж. 2-5 наурыз жұлдызында Қазақстандағы Еуропалық Одақ Елшісі Свен-Олов Карлссон жетекшілігімен ЕО-ға мүше мемлекеттер Елшілерінің делегациясы Шымкент және Түркістан қалаларына кластерлік сапармен келді.

Наурыздың 1 жұлдызында Еуропалық Одақтың барлық мүше мемлекеттері және Еуропалық Парламент ратификациялаған Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім күшіне еніп, 25 жылдан астам тарихы бар ЕО мен Қазақстан қарым-қатынасының маңызды кезеңін белгілейді.

Наурыздың 1 жұлдызында Еуропалық Одақтың барлық мүше мемлекеттері және Еуропалық Парламент ратификациялаған Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім күшіне еніп, 25 жылдан астам тарихы бар ЕО мен Қазақстан қарым-қатынасының маңызды кезеңін белгілейді.

НҰР-СҰЛТАН – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Шығыс және Орталық Қазақстанның жергілікті деңгейіндегі мүдделі тараптардың белсене қатысуы» және «Ауылды бірлесе дамыту» жобалары бірлескен қорытынды конференциясын өткізді. Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан екі жоба Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының ауылдарында жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа механизмдерін енгізу мен жұртшылықты шешім қабылдау процесіне қатыстыруға бағытталған.

Languages:

Pages