Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Төмен көміртекті және жасыл технологияларға көшу тақырыбына арналған Қазақстан - ЕО Жоғары деңгейдегі экономикалық және іскерлік мәселелер жөніндегі диалог платформасының 7-ші отырысы

11/06/2021 - 13:50
News stories

Бүгін, маусым айының 11-ші жұлдызында Премьер-Министр Асқар Маминнің төралығымен Қазақстан-ЕО Жоғары деңгейдегі экономикалық және іскерлік мәселелер жөніндегі диалог платформасының (Іскерлік платформа) 7-ші отырысы өтті.

Аталған отырыс іскерлік қауымдастықтың өкілдері мен ЕО Қазақстан Республикасындағы Елшісі Свен-Олов Карлссон мырза бастаған ЕО мүше мемлекеттері елшілерінің басын қосты. Қазақстанға іс-сапармен келген ЕО Орталық Азия бойынша арнайы өкілі, Елші Петер Буриан да Іскерлік платформаның жұмысына қатысты.

Жоғары деңгейдегі Іскерлік платформа Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберіндегі ЕО пен Қазақстан арасындағы техникалық диалогқа, соның ішінде, 2020 жылы қазанда өткен Сауда конфигурациясы бойынша Ынтымақтастық Комитетінің жұмысына қосымша қызмет атқарады.

ЕО 2050 жылға қарай климаттық бейтараптыққа жету мақсатын алға қойып, Париж келісімін жүзеге асыру қағидаларын заңнамаға толығымен енгізуде. Еуроодақтыңөршіл мақсаты мен батыл әрекеттері оның жасыл экономикаға көшу үдерісіндегі әлемдік көшбасшысы екендігінәрі алдыңғы қатарда болып қалатындығының айқын көрсетеді. Климаттың өзгеруі -  жаһандық сын-қатер. Еуропалық Одақ бүкіл парниктік газдардың шамамен 10%-на ғана жауапты. Еуроодақ өз серіктестерінің климаттың өзгеруіне қарсы күресудегі амбициялары оның өршіл мақсаттарының деңгейінде болады деп сенеді.

ЕО Қазақстанмен осы саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге, оның ішінде сауда мен инвестициялаудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруға  дайын.

Жақында өткен Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы Ынтымақтастық кеңесі отырысында Премьер-Министр Маминнің төрағалығымен өтетін Іскерлік платформа шеңберіндегі жетістіктеріне жоғары баға берілді. Платформа жұмысы ЕО-ның Қазақстанның сыртқы саудасындағы маңыздылығын мойындайды, ал бірқатар мәселелер бойынша жүргізілетін талқылаулар Қазақстанға көп инвестиция тартуға ықпал етеді.

Анықтамалық ақпарат

2020 жылдың 1 наурызынан бастап толық күшіне енген ЕО мен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім (КӘЫК) қызметтерді сату, компанияларды құру және олардың қызметі, капитал қозғалысы, шикізат, энергетика, зияткерлік меншік құқығы және басқа да салаларда бизнес үшін қолайлы нормативтік ортаны құруға бағытталған. Бұл «ДСҰ плюс» шарттары, атап айтқанда мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан мен ЕО-тың нормативтік-заңдық жүйесін жақындастырудың құралы. 2020 жыл сияқты қиын кезеңнің өзінде ЕО Қазақстанның бірінші сауда серіктесі және бірінші шетелдік инвестор ретіндегі позициясын нығайтып, Қазақстан ЕО-ның Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі болып қалды. Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы жалпы сауда-саттық 2020 жылы 18,6 миллиард еуроға жетті, ЕО-ның импорты 12,6 миллиард еуроға, ал экспорты 5,9 миллиард еуроға жетті. ЕО жалпы қазақстандық экспорттың 41% құрап, Қазақстанның бірінші сауда серіктесі болып табылады.

Қосымша ақпарат алу үшін ЕО Қазақстандағы Өкілдігінің Коммуникациялар бойынша басқарушысы Эльнура Абаканова ханымға хабарласыңыз, e-mail: elnura.abakanova@eeas.europa.eu. @EUinKazakhstan