Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Нұр-Cұлтанда балаға достық бөлмелер көші-қон үдерістердегі балаларға ашылды

01/06/2021 - 14:03
News stories

НҰР-СҰЛТАН, 2021 жылғы 1 маусым – Бүгін, Халықаралық балаларды қорғау күнінде, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Өкілі көш-қон үдерістердегі балаларға арналған балаға достық бөлмелерді ашты. Жөнделген бөлмелерде балаларға Нұр-Сұлтан қаласындағы балаларды қолдау орталығында уақытша болған кезде оларға қамқорлық пен қолдау қамтамасыз етіледі, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерімен байланыстарын орнатуға көтермелейді.

Балаға достық бөлмелер Еуропалық Одақ қаржыландыратын және Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) жүзеге асыратын бағдарлама аясында құрылды. Бағдарлама кейс-менеджмент қызметтері – көші-қон үдерістердегі балаларға кешенді әлеуметтік, психологиялық және заңгерлік көмек арқылы тиімді қорғау жүйесін күшейтуге бағытталған. Бұл қызметтер балалардың Қазақстанда болу барысында ең жақсы мүдделерінің сақталуына кепілдік береді.

"Көші-қон үдерістердегі көптеген балалар, әсіресе олар жалғыз жолға шыққан кезде, елеулі тәуекелдерге тап болады. Достық атмосфераны құру өте маңызды және осындай – бөлмелер  балаларға олардың қорғалғандығын және бұл уақытша болу үшін қауіпсіз орын екенін көрсету үшін арналған",- деп белгіледі Свен-Олов Карлссон ЕО Қазақстандағы Елшісі.

Қазақстанда бағдарлама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын және Түркістан облысын қамтыды. Көші-қон үдерістердегібалаларға арналған кейс-менеджменттің кәсіби қызметтері ҚҚ «Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро», ҚҚ «Родник» және ҚҚ «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының Құқықтық орталығы» сияқты азаматтық қоғам ұйымдарымен балаларды қолдау және бейімдеу өңірлік орталықтарымен бірлесіп сынақтан өткізілді. 250-ден астам бала жоғарыда аталған өңірлерде бағдарлама шеңберінде даярлықтан өткен мамандар көрсеткен қызметтерді пайдаланды.

 Балаға арналған бөлмелердің ашылуы ЮНИСЕФ пен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бірлесіп ұйымдастырған Жобаның Координациялық кеңестің (ЖКК) отырысымен тұспа-тұс келді. ЖКК отырысының күн тәртібінде бағдарламаның нәтижелері мен олардың тұрақтылығы, көші-қон үдерістердегі  балаларды қорғау саласындағы халықаралық стандарттармен Қазақстан заңнамасына салыстырмалы құқықтық шолудың негізгі тұжырымдары мен ұсынымдары талқыланды.

«Әр бала отбасыда өмір сүру үшін туылған. Алайда, қиын жағдайда ол осы құқығынан айырылса, біз оған жаңа үміт пен жылулық сыйлауға міндеттіміз»,- деді Эльвира Әзімова, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

«Елімізде мигрант және босқын балалардың құқықтары мен жағдайларына үлкен көңіл бөлінуде, осы санаттағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Біздің ортақ мақсатымыз - көші-қон үрдістердегі осал балаларды қорғау, оларға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ мигрант балалармен өзара әрекеттесудің барлық кезеңдерінде жайлы және достық орта құру», - деді Бибігүл Асылова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің вице министрі.

Қазақстан Парламенті мен Үкіметінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Еуропалық Одақтың, Орталық Азиядағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның (КХҰ), БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Агенттігінің (БҰҰ БЖКБ) өңірлік өкілдігінің, Орталық Азия елдері мен Ресей Федерациясының елшіліктерінің өкілдері, балаларды қолдау орталықтары, академиялық ұйымдардың, азаматтық қоғам мен ЮНИСЕФ қол жеткізілген нәтижелерді белгілеп өту және көші-қон процестерінде әлі де бар қиындықтарды жою және балаларды қолдау үшін қажетті алдағы қадамдарды келісу үшін онлайн-отырыс өткізді.

«Көші-қонға тап болған балалар басқалар сияқты құқығы бар. Көші – қон үдерістердегі балалар, ең алдымен бала, ол үйден не үшін кететініне, қайдан шыққанына, қайда болғанына немесе ол жерге қалай келгеніне қарамастан, бала болып қалады. Әрбір бала қауіпсіз ортада өмір сүруге лайық және біздің басты міндетіміз – соны қамтамасыз ету. Мен 1 маусымда балаға достық бөлмелерді ашып, баланың ең осал тұстарына біз қолдау көрсету арқылы кепілдікті беруімізге қуаныштымын», - деді Артур ван Дизен, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі.

Қосымша ақпарат:

Көші-қон үдерістеріндегі балаларды қорғау көп мемлекеттік бағдарламасы Еуропалық Одақпен қаржыландырылады және ЮНИСЕФ-пен жеті елде Бангладеш, Мьянма, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Таиланд үкіметтерімен серіктестікте іске асырылады. Бағдарлама мақсаты - көші-қон үдерістердегі балаларды тиімді қорғау жүйесін нығайту болып табылады. Іске асыру мерзімі: 2017-2021 жылдар.

Редакцияға арналған ескертпелер:

Еуропалық Одақ 27 мүше-мемлекеттен құралған, олар өздерінің ноу-хауларын, ресурстары мен тағдырларын бірте-бірте ажырамас етіп байланыстыруды көздейді. Олар 60 жылдан бері бірігіп тұрақтылық, жариялылық пен тұрақты даму аймағын қалыптастырды және бұл ретте  мәдени алуандылықты, төзім мен жеке бостандықты сақтай алғандарын баса айту қажет. ЕО гуманитарлық көмектің дүниежүзіндегі ірі доноры болып табылады. Жыл сайын ол қақтығыстар мен дүлей апаттардың миллиондаған құрбандарына көмек беруде. ЕО Қазақстандағы қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін ЕО Қазақстандағы Өкілдігінің веб-сайтына кіріңіз және олардың Instagram, Facebook,Twitter әлеуметтік желілердегі парақшалары.

ЮНИСЕФ атқаратын барлық істерде әрбір баланың құқығы мен амандығын қолдайды. Осы міндеттемелерді іс жүзінде әрекетке айналдыру үшін біз өз серіктестерімізбен бірге  190 ел мен аймақта, әлемнің түкпір-түкпірінде ең осал және оқшауланған жағдайда қалған балаларға ерекше күш жұмсай отырып, жұмыс жасаймыз. ЮНИСЕФ туралы және оның бала мүддесіне арналған қызметі туралы  қосымша ақпарат алу үшін www.unicef.org/kazakhstan/en. Қазақстандағы ЮНИСЕФ туралы жаңалықтарды бақылап отырыңыз Instagram, Facebook, Twitter.

БАҚ байланыс

Эльвира Яушева

Байланыс жөніндегі бөлім басшысы

ЮНИСЕФ

Тел: +7 707 109 8553

Электрондық почта: eyausheva@unicef.org

Эльнура Абаканова

Байланыс жөніндегі координатор

ЕО Қазақстандағы өкілділігі

elnura.abakanova@eeas.europa.eu