Delegation of the European Union to Kazakhstan

«Азаматтық қоғам ұйымдары және жергілікті билік органдары» атты тақырыптық бағдарлама аясындағы жобалық өтінім байқауы туралы жарияланым

16/04/2021 - 09:02
Grants

«Азаматтық қоғам ұйымдары және жергілікті билік органдары» ̶ Азаматтық қоғам ұйымдары (АҚҰ) жергілікті басқару мен даму субъектілері ретінде атты тақырыптық бағдарлама аясындағы жобалық өтінім байқауы.Тіркеу нөмірі: EuropeAid/171611/DD/ACT/KZ

Еуропалық Комиссия Азаматтық қоғам ұйымдарының (АҚҰ) Қазақстан Республикасының ішкі саяси өміріне елеулі әрі құрылымды қатысуына септігін тигізуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшін жобалық өтінім байқауын жариялайды. Қаржылық көмек «Азаматтық қоғам ұйымдары және жергілікті билік органдары» атты тақырыптық бағдарлама аясында көрсетіледі. Өтінім берушілер келесі сілтеме арқылы өтіп, толық нұсқаулықпен таныса алады: https://webgate.ec.europa.eu/europeaid/online-services/index.cfm?do=publ...

Тұжырымдамалық жазбахатты ұсынудың соңғы мерзімі: 2021 жылғы 03 маусым, сағат 12:00 (күні мен сағаты Брюссель уақыты бойынша көрсетілген).

Аталған үшін жобалық өтінім байқауы бойынша ақпараттық сессия 2021 жылғы 04 мамырда сағат 10:00 «WEBEX» платформасында өткізіледі (күні мен сағаты Брюссель уақыты бойынша көрсетілген).