Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Еуропалық Одақ пен БҰҰДБ ауған әйелдерінің мүмкіндіктерін арттыруға арналған бастаманың даму мүмкіндіктерін талқылады

25/01/2021 - 12:04
News stories

2021 ж. 22 қаңтар - Еуропалық Одақтың (ЕО) Қазақстандағы Елшісі Свен-Олов Карлссон, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілі Якуп Бериш және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Талғат Қалиев, ауған әйелдерінің мүмкіндіктерін арттыру және оларға білім беру бойынша трансшекаралық бастаманы талқылау мақсатында кездесті. Жобаның жыл сайынғы басқарушы комитетінің онлайн-кездесуіне Еуропалық Одақтың Өзбекстандағы Өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің бастығы Франсуа Бежо, Қазақстандағы БҰҰ Әйелдер-інің тұрақты өкілі Мария Доценко, Өзбекстан мен Ауғанстандағы БҰҰДБ-ның өкілдері қатысты. Сонымен қатар, кездесуге Қазақстандағы Ауғанстан мен Өзбекстан елшіліктері де қатысты.

Тараптар өткен жылғы жетістіктер мен сын-қатерлер туралы қорытынды шығарып, 2021 жылға арналған жоспарларды белгіледі. Пандемия қиындықтарына, мысалы, қатысушы елдерде шекаралардың жабық болуы мен локдаундарға қарамастан, жоба еш кедергісіз алға жылжып, маңызды белестерден өтті: Ауғанстан әйелдерінің екі жаңа тобы 2020 ж. қараша және желтоқсан айларында қарқынды тілдік курстардан өту мақсатында Қазақстан мен Өзбекстанға келген; алғашқы әйелдер тобы AlmaU тіл мектебінен сәтті тәмамдап, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы үш жоғары оқу орнында оқиды.

2021 жылы бағдарламаның алғашқы түлектері Қазақстанның оқу бағдарламаларын аяқтап, Ауғанстанға оралатын болады. 2021 жылы жүзеге асырылатын жобаның тағы бір маңызды кезеңі - жаңа топ 20 ауғандық әйелдерінің тілдік дайындығын аяқтауы. Қазақстандағы он студент тау-кен ісі бағдарламасы бойынша, ал Өзбекстандағы 10 ауған әйелі ауылшаруашылық бағдарламасында оқитын болады. Оқуды бітіргеннен кейін екі топ қатысушыларына TVET сертификаттары берілетін болады.

Кездесу кезінде жобаның Өзбекстандағы серіктесі Жоғары және орта арнайы білім министрлігі Ауғанстан әйелдерін оқыту бағдарламасын Ташкент мемлекеттік аграрлық университетіне ауыстыру туралы шешім мақұлдағаны белгілі болды. Алғашқы кезеңде бағдарлама Термез қаласындағы Ауғанстан азаматтарын оқытуға арналған білім беру орталығында жүргізіледі деп күтілген.

БҰҰ Әйелдері жуырда Алматы қаласында ұйымдастырылған қысқы мектеп тренингтері туралы презентациясын ұсынды. Бұл бастама негізгі академиялық білім беруге қосымша ретінде ауғандық студенттерге қысқы немесе жазғы демалыс кезінде аталған дайындықтан өтуге мүмкіндік береді. Бұл тренингтер ауған әйелдеріне көшбасшылық қабілеттерін арттыруға, гендерлік теңдік, әйелдердің құқықтары және бейбітшілікті нығайту мен экономикалық дамудағы әйелдердің рөлі туралы біліктіліктерін арттыруға бағытталған.

Ауған әйелдері ер адамдармен салыстырғанда білім алу және жұмысқа орналасу жолында пропорционалды емес кедергілерге тап болатынын атап өткен жөн. Бастаманың басты мақсаты - ауған әйелдерінің мүмкіндіктерін арттыру және әйелдерге академиялық қолдау көрсету арқылы алда тұрған кедергілер мен теңсіздіктерді жою. Өзбекстандағы ауған әйелдері 2021 жылдың ақпанын айында осындай қысқы мектеп тренингтеріне қатысатын болады.

Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландыратын және БҰҰДБ жүзеге асыратын бұл трансшекаралық бастама ауған әйелдеріне Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік береді. Бастама Ауғанстандағы білім беру мен жұмысқа орналасу жолындағы кедергілерге тап болған әйелдерге білім беру мүмкіндіктерін ұсынуды мақсат етеді. Жалпы алғанда Ауғанстаннан 50 әйел 2025 жылға дейін Орталық Азия университеттерінде білім алатын болады.