Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

ДДСҰ денсаулық сақтау қызметкерлерін COVID-19-тен қорғау үшін Қазақстанға Еуропалық Одақтың гуманитарлық көмегін жеткізіп отыр

26/01/2021 - 06:39
News

Нұр-Сұлтан – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қазақстанға Еуропалық Одақтың (ЕО) гуманитарлық көмегін жеткізді. Осы аптада Алматы қаласына COVID-19 пандемиясымен күресте Қазақстан үкіметін қолдау шаралары шеңберінде медициналық маскалармен, халаттармен және зертханалық зерттеулерге арналған бұйымдармен 8317 кг жүк келіп түсті. Жүк елдің медициналық ұйымдарына басымдық және қажеттілік бойынша одан әрі бөлу үшін "Фармация" СК-ға жіберілетін болады.

"Осы қиын - қыстау кезеңде барлық елдерде медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету және ынтымақ таныту өте маңызды",- дейді ДДCҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің жетекшісі доктор Каролин Кларинваль. "Біз Еуропалық Одаққа гуманитарлық көмектің ең  ірі доноры ретінде Қазақстан Республикасына медициналық бұйымдардың жуырдағы жеткізілімін қамтамасыз еткені үшін тағы да алғыс білдіреміз. Қазіргі уақытта қазақстандық алдыңғы қатардағы медицина қызметкерлерінің денсаулығы бірінші кезекте", - деп атап өтті доктор Кларинваль. 

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Свен-Олов Карлссон: "ДДCҰ-мен әріптестігіміздің арқасында Қазақстанға жеткізген гуманитарлық жүк - Еуропалық Одақ Қазақстанға пандемиямен күресу үшін ұсынатын жаһандық көмек бағдарламасының бір бөлігі. Өзара көмектің, ашықтықтың және тиімді халықаралық ынтымақтастықтың арқасында ғана, бұл дағдарысты жеңіп қана қоймай, болашақта осындай қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі туындай алатын қауіп-қатерлердің алдын аламыз деп сенемін".

Бұл жеткізу гуманитарлық көмектің жалпы жоспарланған көлемінің бір бөлігі болып табылады - 2020 жылғы шілдеде Еуропалық Одақ Қазақстанға басты назар аударылатын Орталық Азия елдерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеті 3 млн еуро (1.4 млрд теңге) болатын "Орталық Азия елдеріндегі COVID-19: дағдарысқа ден қою шаралары"(CACCR) ортақ көмек көрсету пакетін іске қосты.

CACCR бағдарламасы қазіргі COVID-19 пандемиясының салдарын жеңілдету ісіне қолдау көрсетеді. Сондай-ақ бағдарлама болашақта осындай қауіп-қатерлер пайда болған жағдайда халық денсаулығына осындай қауіп-қатерлерге ден қою әлеуетін арттыру арқылы ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің ұзақ мерзімді орнықтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Анықтамалық:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) БҰҰ жүйесі аясында Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық жұмысты басқаратын және үйлестіретін орган болып саналады. Ұйымның қызметі туралы толығырақ мына жерден танысуға болады https://www.who.int/ru. Instagram, Facebook беттерімізге жазылыңыз.

Еуропалық Одақ 27 мүше мемлекеттен тұрады, олар біртіндеп ноу-хауды, ресурстар мен тағдырларды біріктіруге шешім қабылдады. Бірге, 60 жылдық кеңейту кезеңінде олар мәдени айырмашылықтарды, толеранттылық пен азаматтық бостандықтарды сақтай отырып, тұрақтылық, демократия және тұрақты даму аймағын құрды. ЕО әлемдегі ең ірі гуманитарлық көмек доноры болып табылады. Instagram, Facebook және Twitter-дегі әлеуметтік желілердегі парақшаларды Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің веб-сайтына кіріп, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін қараңыз.

БАҚ үшін байланыс мәліметтері:
Әсел Ғаббасова
Қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші
ДДCҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесі
Тел.: +7 701 705 04 16
Email: gabbassovaa@who.org

Еркежан Амриева
Қоғаммен байланыс  жөніндегі маман
Қазақстандағы ЕО Өкілдігі
Тел.:+7(7172)974566
Email: yerkezhan.amriyeva@eeas.europa.eu