Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Қазақстан мен Еуропада әйелдер құқықтарын ілгерілету мүмкіндіктері: COVID-19 пандемиясы кезінде алынған сабақтар

10/12/2020 - 12:38
News

Нұр-Сұлтан - COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемдегі әйелдерге әркелкі әсер етуде. Адам құқықтарының толыққанды пайдалануы және iске асырылуы, әсіресе дағдарыс кезеңінде, этикалық парыз ғана бола тұрмай, сонымен бірге, экономика мен қоғамымызды тез қалпына келтірудің маңызды шарты болып табылады.

2020 жылғы 10 желтоқсандағы Халықаралық адам құқтары күнін атап өтуге арналған 16 күндік белсенділік науқанының аясында Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі мен Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшілігі әйелдердің экономикалық және әлеуметтік құқықтарына арналған интерактивті пікірталас өткізді.

Екі бөлімнен тұратын дискуссия пандемияның әйелдердің экономикалық жағдайына әсерін анықтады. Карантиннен кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы мен қиындықтарына, сонымен қатар әйелдер үшін пандемия кезіндегі мүмкіндіктерге басты назар аударылды. Екінші бөлім Қазақстан мен Еуропадағы азаматтық қоғам бастамалары мен озық тәжірибелерінің бетін ашты. Іскер және азаматтық қоғамның табысты әйелдері жеке тәжірибелерімен және пандемия кезінде әйелдердің экономикалық өмірге қатысуын арттырудағы жетістіктерімен бөлісті.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Свен-Олов Карлссон мырза: «COVID-19 пандемиясы әйелдер мен қыздарға елеулі әлеуметтік-экономикалық әсерін тигізетін жаңа қиындықтарды тудырды.Әйелдерге тиімді мүмкіндіктер бере отырып, адамның негізгі құқықтарының тең қорғалуын қамтамасыз ету және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату арқылы ғана қоғамымыздың COVID-19 пандемиясынан тез арада қалпына келе алатындығы және солай бола алатындығы анық».

Доктор Тило Клиннер, Германияның Қазақстандағы Елшісі: «Бүкіл әлемде дәстүрлі рөлдік пен мінез-құлық үлгілері көбінесе әйелдерді олардың экономикалық, мәдени және әлеуметтік құқықтары тұрғысынан қолайсыз жағдайға қалдырады. Осы пандемия сол теңсіздіктерге қоса әйелдердің экономикалық және әлеуметтік құқықтарына қайтадан әркелкі  емес әсер етті. Сондықтан айқын айтайын: әйелдер құқықтары - бұл адам құқықтары. Ал тең құқықты қоғамдар  тек әділетті  ғана болмай,  неғұрлым мықты болады».

ЕО және оған мүше мемлекеттер өздерінің сыртқы қызмет пен  жалпы сыртқы және қауіпсіздік саясатының негізгі саяси мақсаты ретінде гендерлік теңдікті ілгерілетудің жаһандық көшбасшысы болып табылады. 2020 жылдың қарашасында ЕО жаңа өршіл Гендерлік теңдік бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады, оған сәйкес 2050 жылға қарай ЕО-ның барлық жаңа сыртқы қызмет бастамаларының 85% -ы әлемдегі гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге үлес қосады.

Ақпараттық анықтама:
Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік - бұл Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні, 25 қарашада басталатын және Адам құқықтары күніне дейін 10 желтоқсанға дейін жалғасатын жыл сайынғы халықаралық науқан. Науқанның басталуына орай Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар бірлескен мәлімдеме жасады, онда олар «Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастық, Орталық Азия елдерімен аймақтық ынтымақтастық және халықаралық ұйымдармен көпжақты қолдау көрсету арқылы гендерлік зорлық-зомбылықты тоқтатуға ұмтылады».