Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Еуроодақ пен БҰҰДБ Қазақстанда жергілікті деңгейде зорлықшыл экстремизмді ерте алдын алу желісін құруда

29/10/2020 - 07:52
News stories

Ақтөбе және Қарағанды облысының полиция, мектеп әкімшілігі, бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті билік және жастар ресурстық орталықтарының 30-дан астам көпсалалы мамандары БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) STRIVE Asia (Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы тұру бастамасы: ЕО мен БҰҰ-ның бірлескен серіктестігі) бастамасы аясында ұйымдастырылған тренингке қатысты.

STRIVE бастамасы Еуроодақтың қаржылануымен радикалдану мен зорлықшыл экстремизмнің алғашқы белгілерін алдын алуға және оларға қарсы тұруға бағытталған. Бұл бастаманы БҰҰ-ның Терроризмге қарсы Басқармасы (ТҚБ), БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі Басқармасы (БҰҰЕҚБ) және БҰҰДБ-сы жүзеге асыруда.

Бұл бастама жергілікті қоғамдастық пен бірінші шеп қызметкерлерінің зорлықшыл экстремизмнің алдын алудағы рөліне ерекше назар аударады. Олардың жергілікті деңгейде зорлықшыл экстремизмді ерте алдын алудағы маңызы зор. Өйткені олар көбінесе жастардан тұратын жергілікті халықпен тікелей жұмыс істеп, радикалданудың ерте белгілерін анықтай алады.

Екі күндік тренингтер барысында қатысушыларға зорлықшыл экстремизмнің қаупі, оның себептері мен жағдайлары, алдын алу құралдары мен шаралары, сондай-ақ жастардың қажеттіліктері мен мүдделері саласында жұмыс жасайтын тиісті мекемелер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
STRIVE Asia жобасы радикалдануды шегудегі үкіметтер, қауіпсіздік агенттіктері, азаматтық қоғам және жеке секторды қамтитын көптеген мүдделі тараптардың көзқарасын ескеретін ұстанымды құптайды. Атап айтқанда, ол мүмкіндігінше инклюзивті және жергілікті қажеттіліктерді ескеретін іс-шараларды жоспарлап, жүзеге асыру үшін жергілікті басқару органдары, жергілікті азаматтық қоғам мен қауымдастықтар арасындағы байланысты қолдайды.