Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

#EU4GreenKZ: Экоселфи конкурсы

05/10/2020 - 06:08
News stories

 «Экоселфи» конкурсы туралы қағида

  1. 1. Жалпы қағидалар
  2. 1.1 «Экоселфи» конкурсын (бұдан әрі – конкурс) ЕО климаттық дипломатиясын және #EU4GreenKZ науқанын өткізу аясында Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстандағы ЕО Өкілдігі ұйымдастырады және өткізеді.
  3. 1.2 «Экоселфи» конкурсы туралы Қағидада (бұдан әрі – Қағида) конкурстың мақсаттары, тапсырмалары мен оны өткізу тәртібі, сондай-ақ қатысушылардың санаттары, қатысушылар мен жеңімпаздарды іріктеу және анықтау тәртібі анықталады.
  4. 1.3 Конкурс экологиялық мәдениетті қалыптастыру және адамның табиғатқа ұқыпты болуы, экологиялық инновациялар мен идеяларды ынталандыру, климаттың өзгеру мәселелеріне назар аудару, тұрақты даму құндылықтары мен қағидаларын дәріптеу мақсатында өткізіледі.
  5. 1.4 Қағидада мынадай анықтамалар пайдаланылады:
    • Әлеуметтік желі – Ғаламторда әлеуметтік қарым-қатынастарды құруға, бейнелеуге және ұйымдастыруға арналған тұғырнама, онлайн-сервис және веб-сайт.
    • Селфи (ағылш. selfie) – өзін және өз достарын фотокамераға түсіріп алуға негізделетін фотосуреттерді (фототүсірімдерді, автопортреттің әртүрлілігін) жасау тәсілі, сондай-ақ мобильді құрылғының фронтальдық камерасына фотосурет түсірілетін композициялық сипаттама.
    • Хэштег (белгі) (ағылш. hashtag, hash – «тор» символы және tag – құлақша) – бұл фотосуреттің (түсірімнің) қандай да бір тақырыптық, идеологиялық бағытын белгілеу үшін пайдаланылатын «#» символы алдына қойылатын сөз немесе сөйлемше.
    • Дауыс беру –комментарийлерде қатысушының нөмірін қою, яғни конкурстың сайтында жарияланған ұнаған фотосуретті мақұлдауды білдіру.

        1.5 Ұйымдастырушылар Ғаламтор желісінде Конкурс туралы барлық ресми ақпаратты жариялайды: 

  1. 2. Конкурсқа қатысушылар
  2.  
  3. 2.1 Конкурсқа қатысуға жас, гендерлік және кез-келген басқа әлеуметтік белгілеріне қарамастан, қазіргі сәтте Қазақстан Республикасының аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары шақыртылады.
  4.  
  5. 3. Конкурсты өткізу мерзімдері
  6.  
  7. 3.1 Конкурсты өткізу туралы ақпарат әлеуметтік желілерде және ұйымдастырушының сайтында 2020 жылғы 5 қазанда жарияланады.
  8. 3.2  1-ші кезең – 2020 жылғы 5 қазаннан бастап 22 қазан аралығында. Қатысушылар өздерінің конкурстық жұмыстарын – (жеке немесе топтық) селфиін Instagram желісіндегі өз аккаунтында ұйымдастырушының @euinkazakhstan аккаунтын #EU4GreenKZ хэштегімен белгілеп, қатысушының фото және эко-ұстанымен қысқаша сипаттау арқылы жариялайды.
  9. 3.3  2-ші кезең – 2020 жылғы 23 қазаннан бастап 27 қазан аралығында. Қазылар алқасының мүшелері үздік селфи үшін дауыс береді және ТОП-10 – он үздік селфиді анықтайды.
  10. 3.3  3-ші кезең – 2020 жылғы 28 қазаннан бастап 30 қазан аралығында. Instagram желісіндегі @euinkazakhstan парақшасында ТОП-10 арасынан қатысушылар үшін дауыс беру арқылы жеңімпаздар анықталады.
  11. 3.4  Әлеуметтік желілерде және Қазақстандағы ЕО Өкілдігі сайтында конкурстың қорытындылары туралы 2020 жылғы 31 қазанда жарияланады.
  1. 4.Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі
  2.  
  3. 4.1 Конкурсқа жеке және топтық селфилер қатысады.
  4. 4.2 Фотосурет адамның қоршаған ортаға енгізетін үлесін және/немесе табиғатты қорғау бойынша оның эко-идеясын және табиғи ресурстарға деген ұқыптылықты бейнелеуі тиіс.
  5. 4.3 Фотосуретт(-ерд)ің авторы ұсынатын материалдың жалғыз құқық иесі болуы тиіс. Конкурсқа жұмыстарды жіберген кезде автор конкурсты және алдағы көрмелерді өткізумен байланысты кез-келген мақсаттарда ол ұсынатын материалды пайдалану үшін ұйымдастыруға рұқсат береді.  
  6. 4.4 Фотосурет қатысушының Instagram желісіндегі аккаунтына осы Қағиданың 3.2 т. көрсетілген мерзімдерде жариялануы тиіс. Конкурс өткізілетін уақытта аккаунт ашық болуы тиіс, жеке мақсаттар үшін пайдаланылуы тиіс, бизнес-аккаунттар мен конкурсқа қатысу үшін жасалған аккаунттар конкурсқа қатыспайды.
  7. 4.5 Әр фотосурет мынадай жазбамен толықтырылады: фотосуреттің сипаттамасы, қатысушының қысқаша сипаттамасы немесе идеялары, @euinkazakhstan аккаунты белгіленуі тиіс. Сондай-ақ әр фотосурет #EU4GreenKZ хештегімен белгіленеді. Қатысушы ұйымдастырушының Instagram желісіндегі @euinkazakhstan парақшасына жазылуына тиіс.
  8. 4.6 Әр қатысушының селфилерінің саны 5 данадан аспауы тиіс, алайда, бір жерде, бір сюжетте және бірдей адамдармен жасалған селфи бір конкурстық жұмыс ретінде есептелуі тиіс. 
  9. 4.7 Қатысушылардың фотосуреттерін жариялау мерзімі аяқталған кезде экоселфи қазылар алқасына жолданады, қазылар алқасының қатарына Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің қызметкерлері кіреді. Қазылар алқасы ТОП-10 кірген селфилерді іріктеп алады, одан әрі бұл фотосуреттер дауыс беру үшін @euinkazakhstan аккаунтына жарияланады. Қазылар алқасы жұмыстарды мынадай санаттар: 1) композициясы; 2) бейненің сапасы; 3) экологиялық маңыздылығы; 4) түпнұсқалылығы бойынша іріктейді.
  10. 4.8 ТОП-10 селфи арасындағы фотосуреттерды жариялаған кезде қатысушының әр фотосуретіне реттік нөмір беріледі. Instagram желісін пайдаланушылар өздеріне ұнаған фотосуреттін реттік нөмірін көрсетіп, комментарий қалдыру арқылы фотосурет үшін дауыс береді. Бір адам бір фотосурет үшін дауыс бере алады. I, II және III дәрежелі жеңімпаздар комментарийлерде көрсетілген селфи үшін берілген дауыстарды есептеу арқылы анықталады.
  11. 4.9 Ұйымдастырушылар осы Қағидаға және конкурстың мақсаттарына сәйкес келмейтін жұмыстарды қарастырмауға құқылы.
  12. 4.10 Комментарийлердің және дауыстардың санын жалған көбейту үшін қандай-да бір әрекеттер жасау фактілері анықталған жағдайда, Ұйымдастырушылар алдын-ала ескертусіз және себебін көрсетпестен осы қатысушының конкурсқа қатысуын тоқтатуға құқылы.
  13. 4.11 Конкурска қатысу үшін ашылған аккаунттар, фейктер мен боттардың дауыстары есепке алынбайды.
  14. 4.12 Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар алады, жеңімпаздар анықталғаннан кейін сыйлықтар поштамен жіберіледі.
  1. 5. Конкурсты қаржыландыру
  1. 5.1 Конкурсты ұйымдастыру мен өткізуді қаржыландыру, лауреаттар мен жеңімпаздарды анықтау, марапаттау Еуропалық Одақ Өкілдігінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  1. 6. Дербес деректер
  1. 6.1 Конкурсқа қатысушылар ұйымдастырушыларға дербес деректерді өңдеуге, пайдалануға және таратуға, сондай-ақ кез-келген материалдарды жариялауға, оларды Ғаламторға және электрондық ресурстарға жариялауға келісім береді.
  2. 6.2 Осы Қағиданың 6.1 т. көрсетілген дербес деректерге қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тұрғылықты елді мекені, жұмыс орны немесе оқу орны.
  3. 6.3 Фотосуреттер Instagram әлеуметтік желісінде @euinkazakhstan аккаунтын және #EU4GreenKZ хештегін белгілеу арқылы жарияланады және дербес деректерді өңдеуге, пайдалануға және таратуға келісім беру болып табылады.
  4. 6.4 Қатысушы фотосуретте басқа тұлғалар тұлғалармен бірге жарияланған жағдайда ол осы фотосуреттерді Instagram желісіне қатысу үшін және осы конкурсқа қатысу үшін осы тұлғалардан келісім алуға міндеттеледі.
  5. 6.5 Конкурсты ұйымдастырушылар жұмыстарын фотоконкурсты ұйымдастырушылардың және қатысушылардың ресми сайттарының кез-келгеніне жариялауға; жұмыстарды басып шығарылған немесе цифрлық түрде қазылар алқасына бағалау үшін ұсынуға; финалға қатысушылардың жұмыстарын басып шығарылған немесе циярлық түрде конкурстың көрмелерінде көрсетуге; финалға қатысушылардың жұмыстарын конурстың өткізілгені туралы және оның қорытындылары туралы жұртшылыққа хабарлау үшін кез-келген баспа және электрондық БАҚ-тарда жариялау үшін пайдалануға; финалға қатысушылардың жұмыстарын фотоальбомдарды, ақпараттық бүктемелерді, цифрлық тасығыштарды дайындау үшін пайдалануға; конкурс пен көрмелерге ілесетін және оларды өткізудің ажырамас бөлігі болып табылатын басқа өнімдерді дайындауға; финалға қатысушылардың жұмыстарын конкурсты дәріптеуге арналған мамандандырылған іс-шараларды және зерттеу қызметін жүргізу үшін пайдалануға құқылы.  
  6. 6.6 Конкурстың құрылтайшылары жұмыстарды кез-келген түрде пайдаланған кезде оның авторын көрсетуге міндетті. Жұмыстардың түпнұсқаларын ұсыну жоғарыда келтірілген шарттармен автоматты түрде келісу дегенді білдіреді.
  7. 6.7 Конкурсқа қатысушылар өздерінің авторлық құқықтары бұзылғанын анықтаған (бөгде фотосуреттерді және т.с.с. жариялаған) жағдайда mvilyaeva@ezs.kz немесе rnabiyev@ezs.kz мекен-жайына хат жазуды сұраймыз. Хаттың тақырыбында «Авторлық құқықтың бұзылуы_конкурс_экоселфи» деп көрсетіп, мәтінде авторлық жұмыстың материалдары мен дәлелдеріне сілтемелерді көрсету қажет.
  1. 7. Қорытынды қағидалар
  2.  
  3. 7.1 Конкурсты өткізу нәтижелері кесімді болып табылады және қайта қарастырылмайды.  
  4. 7.2 Ұйымдастырушылар конкурсты өткізу барысында осы Қағиданы өзгертуге және толықтыруға құқылы.
  5. 7.3 Жұмыс күндері (дүйс. - жм.) Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00 дейінгі уақытта хабарласу үшін конкурсты үйлестірушілердің байланыс деректері:
  • Виляева Марина: mvilyaeva@ezs.kz «Экоселфи конкурсы» белгісін қою қажет

+7 777 286 76 02

  • Набиев Рамиз: rnabiyev@ezs.kz «Экоселфи конкурсы» белгісін қою қажет

+77078152012

Languages: