Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Еуропалық одақ Қазақстандағы жергілікті дамудың аумақтық тәсілін қолдайды

23/01/2020 - 12:26
News stories

НҰР-СҰЛТАН – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Шығыс және Орталық Қазақстанның жергілікті деңгейіндегі мүдделі тараптардың белсене қатысуы» және «Ауылды бірлесе дамыту» жобалары бірлескен қорытынды конференциясын өткізді. Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан екі жоба Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының ауылдарында жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа механизмдерін енгізу мен жұртшылықты шешім қабылдау процесіне қатыстыруға бағытталған.

Конференцияда жобалардың негізгі нәтижелері ұсынылып, инклюзивті даму жоспарларын жүзеге асыру және ауыл кәсіпкерлеріне қаржылай қолдау беру барысындағы алған сабақтар талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқару және орталықсыздандыру мәселелеріндегі соңғы жаңалықтарды талқылап, қажеттіліктер мен өзекті сұрақтартарға зерттеу жасады.  Олар сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың даму бағыттарын, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатыстыру, жергілікті бюджетті жасақтау жолдарын анықтап, сонымен қатар ауыл әкімдері мен жергілікті қоғамдастықтың әлеуеттерін де қарастырды. Үкіметке жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамның қатысуы және ауыл әкімдерінің рөлі сияқты маңызды сұрақтар бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Йоханнес Стенбаек Мэдсен, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Ынтымақтастық бөлімінің басшысы: «Біз осы жобалар арқылы Қазақстандағы азаматтық қоғам мүмкіндіктерін арттыру бағытындағы үлесімізді мақтан тұтамыз. Аталған жобалар  жергілікті билік пен қоғамдастыққа  өзара даму басымдықтарын бірлесе айқындауға және,өмір сапасын жақсарту бойынша ортақ жұмыс жүргізуге себептеседі».

2015 жылы «100 нақты қадам» ұлт жоспары Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың қарқынды дамуына жол ашты. 2019  жылдың желтоқсан айында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билік азаматтық қоғаммен сындарлы сұхбат құруға мүдделі екенін айтты. Қоғамның қатысу процесін дұрыс жүргізген жағдайда барлық тараптарға нақты пайда әкелетіні сөзсіз.  

Бахтияр Қалабаев, Аймақтарды талдау және бағалау Департаменті директорының орынбасары, Ұлттық экономика Министрлігі: «2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық аудан маңызы бар қалаларда, ауылдар мен ауылдық округтерінде өзінің дербес бюджеті енгізілді. Ол тұрғындарды ауылды басқаруға қатыстыруға  және жергілікті өзін-  өзі басқарудың қаржылық-экономикалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді».

Жобалардың негізгі нәтижелері: 23 пилоттық ауылдардың инклюзивті жоспарлары жасақталды және жүзеге асырыла бастады, жергілікті маңызды мәселелерді шешу бойынша 90 қоғамдық талқылаулар өткізілді, 23 ауыл кәсіпкеріне жалпы соммасы 32 млн.теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. Қаржылай қолдау алған кәсіпкерлер ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті бюджетті толықтырып, өз кәсіптерін сәтті жүргізіп отыр.

Жобалар Еуропалық Одақтың  қаржыландыруымен «АРГО» Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы»,   «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» ЗТБ, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау қоры», «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» ҚҚ және «ЭКОЦЕНТР» Қарағанды облыстық экологиялық орталығымен жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы бюджеті -  928 412 евро (ЕО үлесі  - 832 570 евро).

Қосымша ақпарат алу үшін Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы жоба координаторы Мөлдір Амангельдиеваға gamo_aktau@mail.ru , camokz.05@gmail.com  тел./факс +7 (7292) 30 37 84; +7 7026942330, «АРГО» Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы, жоба директоры Асқар Калиевке askar@argonet.org, тел.+7 7172 51 69 64, Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің хатшысы Эльнара Байназароваға, e-mail: elnara.bainazarova@eeas.europa.eu +7 7172 97 45 67 хабарласыңыз.

Languages: