Delegation of the European Union to Kazakhstan

Еуропалық Одақтың білім беру жобасы аясында ауған әйелдерінің алғашқы тобы Қазақстанға оқуға келді

21/10/2019 - 06:37
Actualités

Алматы, 18 қазан 2019 ж. – Бүгін Almaty Management University қабырғасында (бұдан әрі - Alma U) Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландыратын және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) жүзеге асыратын жобаға қатысушы отыз ауған әйелінің алғашқы тобы Қазақстанға оқуға келуі қарсаңында ресми қабылдау өтті.

Іс-шараға Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш және Қазақстандағы Ауғанстан Ислам Республикасының Елшісі Мохаммад Фархад Азими қатысты.

Ауған студенттері Alma U-да өткен бір апталық кіріспе курсы барысында алдағы оқу бағдарламасымен, кампустың орналасуы және университетте жасалған жағдайлармен, сондай-ақ Қазақстанның мәдени ерекшеліктерімен танысты. Енді олар сегіз айлық тереңдетілген ағылшын тілі курсын тәмамдағаннан кейін қазақстандық университеттердің бакалавриат, магистратура және техникалық бағдарламаларына оқуға түсуге мүмкіндік алады.

ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон: «Біз әйелдердің экономикалық өсім мен тұрақты дамуда елеулі рөл атқаратының және олардың экономикалық мүмкіндіктері әр елдің өркендеуі мен гүлденуі үшін маңызды деп санаймыз. Еуропалық Одақ, Ауғанстан және Орталық Азия арасындағы ортақ көзқарасқа негізделген нық сенімділік, ол үш елді – Ауғанстан, Қазақстан және Өзбекстанды білім саласына қаржы бөлу арқылы біріктіре отырып, олардың арасындағы әлеуметтік және экономикалық байланыстарды нығайтуға үлес қосу. Бұл ортақ қауіпсіздік мәселелерін шешуге және одан да бейбіт және гүлденген әлемді құруға септігін тигізеді», - деп атап өтті.

Еуропалық Одақ Қазақстан және Өзбекстанның жоғарғы оқу орындары мен мамандыққа даярлау орталықтарында ауған әйелдеріне білім алуға мүмкіндік беретін үшжақты ынтымақтастық жобасына 2 миллион еуро көлемінде грант бөлді.

«Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және білімге қолжетімділікті жеңілдету – БҰҰДБ-ның әлем бойынша жұмысының басымдықтары. Біз бұдан бұрын Қазақстан Үкіметімен әріптестік аясында, ауған әйелдерінің осында білім алуына мүмкіндік жасадық. Аталған жаңа бастаманың осы жинақталған тәжірибеге сүйенуі және оны іске асыру үшін Еуропалық Одақтың БҰҰДБ-ға сенім артқаны қуантарлық жайт. Біз бұл әріптестігімізді іс-қимыл ретінде қабылдап, оның тұрақтылығын арттыруға жұмыс жасауға дайынбыз», - деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш.

2025 жылға дейін Қазақстан мен Өзбекстанның оқу орындарында ауыл шаруашылығы, қолданбалы статистика және тау-кен өндірісі салаларында бакалавриат, магистратура және техникалық мамандықтар бойынша 50 студент білім алады. Жобаның серіктесі ретінде БҰҰ-Әйелдер жобаға қатысушылардың кәсіпкерлік және нетворкинг дағдыларын арттыру бойынша жазғы мектептерді ұйымдастырады, бұл олардың әрі қарай жұмысқа орналасуына және экономикалық құқықтар мен мүмкіндіктерінің кеңеюіне жол береді.

Аталған бастама әйелдер үшін кәсіпкерлік пен жұмысқа орналасу бойынша жаңа мүмкіндіктерді ашып, Ауғанстандағы олардың қауымдастықтарының дамуына үлес қосады деп күтілуде. БҰҰДБ-ның 2018 жылға арналған адам дамуы туралы есебіне сәйкес, барлық ересек ауған әйелдерінің 11 пайызы кем дегенде орта білім алған және олардың тек 19,5 пайызы ғана жұмыспен қамтылған, ал ерлер арасында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 37 және 87 пайызды құрайды. 2016-2017 жылдары Ауғанстан халқының жартысынан көбі кедейлік шегінде өмір сүрді.

Қосымша ақпарат бойынша:

Марат Раимханов,  Қазақстандағы БҰҰДБ-ның коммуникация бойынша  консультанты, marat.raimkhanov@undp.org; +7 (7172) 696544

Эльнара Байназарова, Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз хатшысы elnara.bainazarova@eeas.europa.eu, +7 7172 974567