Байқаудың мақсаты – балалармен өзара әрекеттестікті дамыту, оларға шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі білдіру алаңын ұсыну және олардың құқықтары туралы біліктілікті арттыру, сонымен қатар инклюзия мәселелеріне, отбасы институтының рөлі мен әр бала үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударту. Биыл Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітуінің 25 жылдығын атап өтуде. Бұл мерейтой халықаралық қоғамдастыққа балалардың өркендеуін қамтамасыз ету үшін күш-жігерді күшейтуге және адам құқықтарын қорғауға және ілгерлетуге деген міндеттемесін растауға мүмкіндік береді. Соңғы отыз жыл барысында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгеніне қарамастан, әсіресе қыз балалардың, мүгедек балалар мен қолайсыз және осал жағдайдағы балалардың өміріндегі елеулі қиындықтар орын табуда.
Байқауға Қазақстан Республикасында тұратын 6 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Қатысу үшін Бала құқықтары туралы конвенцияның бір бабының мазмұнына арналған суретті kids4rights@gmail.com мекен-жайына жіберу керек.
Жұмыстар 2019 ж. 31 қазанға дейін қабылданады. Байқаудың нәтижиелері 2019 ж. 15 қарашада анықталады, үш жеңімпаздың суреттері республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде жарияланып, арнайы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, ең үздік 30 жұмыс сайыс ұйымдастырушыларының веб-сайттарында және әлеуметтік парақшаларында жарияланады.
Байқау шарттарының толық тізімімен және техникалық талаптарымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады:
https://eeas.europa.eu/delegations/kazakhstan/67646/node/67646_en
Қосымша ақпарат бойынша Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова ханымға хабарласуыңызды өтінеміз: +7 7172 974567, elnara.bainazarova@eeas.europa.eu.