Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

ЕО және Қазақстан экономика және бизнес жөніндегі жоғарғы деңгейлі диалог платформасын құрды

02/07/2019 - 05:41
News stories

НҰР-СҰЛТАН – 2019 ж. 1 шілде жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин мырзаның төралығымен ЕО мен Қазақстан арасындағы экономика және бизнес жөніндегі жоғарғы деңгейлі диалог платформасының бірінші отырысы өтті. Басқосуда Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон бастаған еуропаның алдыңғы қатарлы компаниялары мен ЕО-ға мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары қатысты.

ЕО – Қазақстанның жетекші сауда әріптесі, оның үлесі Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жартысынан астамын құрайды. Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (КӘІК) ЕО мен Қазақстан арасындағы сауда және экономикалық қарым-қатынастардың әрі қарай нығайудың негізін қалады. Сондай-ақ, ЕО Қазақстандағы өршіл реформалар мен жаңғырту үрдісін, соның ішінде  бизнес климатты жақсартуға бағытталған іс-қимылдарды қолдайды.  

Бірінші отырыс шеңберінде тараптар еуропалық пен қазақстандық бизнес өкілдерінің  ортақ мүдделеріне жауап беретін мәселелерді талқылады, соның ішінде саудадағы техникалық кедергілерді азайту, агро азық-түлік секторындағы ынтымақтастық. Сонымен қатар,  салық заңнамасы, атап айтқанда салық бойынша құқық бұзушылықтардың қылмыс деп танымау мәселесі қарастырылды.

ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон өзінің құттықтау сөзінде Еуропалық Одақ, еуропалық бизнес және Қазақстан Үкіметі арасындағы ой-пікірлерді тұрақты алмасуға мүмкіндік беретін жоғарғы деңгейлі платформаның маңыздылығын атап өтті.

Жоғары деңгейлі платформа ЕО мен Қазақстан арасындағы КӘЫК шеңберіндегі техникалық диалогты, оның ішінде сауда кескіндемесі бойынша ынтымақтастық комитетінінің жұмысына толықтырады. Платформаның кезекті отырысы осы жылдың күз мезгіліне жоспарланған.  

Анықтамалық ақпарат
ЕО - Қазақстанның ең бірінші сауда әріптесі, оның үлесіне Қазақстан саудасының үштен бір бөлігі келеді. Қазақстан мұнай өнімдерінің 75% ЕО елдеріне (ЕО-ның жалпы импортының 6 %) экспортқа жібереді, және  Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына (МЭЕҰ) мүше емес мемлекеттердің қатарынан ЕО-ның үшінші ірі жеткізушісі болып табылады. Қазақстанның ЕО-ға экспорты түгелге жуық мұнайгаз секторының өнімдері, пайдалы қазбалар, химия өнеркәсібінің өнімдері мен азық-түлік тауарларынан тұрады. Нұр-Сұлтан қаласында

2015 жылы 21 желтоқсанда қол қойылған және 2016 жылдың 1 мамырынан бастап уақытша күшке енген КӘЫК бизнес үшін қызметтерді сату, компаниялардың құрылуы мен қызметіне ықпалдасу, капитал қозғалысы, шикізат және энергетика ресуртары, зияткерлік меншік құқықтары және тағы басқа салаларда жетілдірілген реттеуші ортаны құруға бағытталған. Бұл Қазақстан мен ЕО арасындағы реттеуші конвергенцияның құралы, ол әсіресе мемлекеттік сатып алу саласында "ДСҰ плюс"-тің  бірқатар ережелерін есепке алады.