Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі "Еуропа дәмін сезін" кітабының тұсауын кесті

06/05/2019 - 13:05
News stories

НҰР-СҰЛТАН – 2 мамыр 2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі тұңғыш рет "Еуропа дәмін сезін" атты кітаптың тұсауын кесті. Кітап Еуропа Күні аясында жарық көріп, еуропалықтардың сүйікті тағамдарын бірге даярлап, дәмін көруге шақырады. Ғасырлар бойы Еуропа таңғажайып аспаздық әсерлердің лабораториясына айналды. Еуропаның аспаздық мұрасы – мәдени сан-алуандылықтың бірегейлігі мен байлығын түсінудің кілті.

Аталмыш кітап Еуропалық Одаққа 28 мүше-мемлекеттің дәстүрлі тағамдарынан тұрады. Басылым бойынша Қазақстандағы Еуропалық Одақтың қызметкерлер тобы мен "Магия кухни" телеарнасының бас аспазшысы мен тележүргізушісі Талғат Ақбергенов, сондай-ақ дарынды иллюстратор Аля Шарипова жұмыс жасады. Кітаптың мазмұны әлемнің кез келген түкпірінде әртүрлі мәдениет өкілдері әзірлей алатындай бейімделіп жасалған. Сондай-ақ, оқырмандар кітапта кейбір ингредиенттерді қалай алмастыруға және тағамды түрлендіру бойынша қосымша кеңестерді таба алады.

Ресми тұсаукесер барасында ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон: "Расында, еуропалықтар мен қазақстандықтар үшін ас өмірдің маңызды бір бөлігін анықтайтын, бәрімізді бірге біріктіретін компонент. Дұрыс жазылған кітап – тарих оқулығы, жөнсілтер, немесе отбасылық альбомға да айналады. Аталмыш кітап Қазақстан халқына көрсетілген қонақжайлығы  үшін алғыс  ретінде, сондай-ақ еуропалық көршілері туралы жаңа мағұлмат алуға шақыру ретінде қабылданады", - деп атап өтті.

Кітап бойынша жұмыстан алған әсерімен Бас аспазшы Талғат Ақбергеновта бөлісті: "Еуразияның дәл жүрегінде орналасқан Қазақстан әрдайым түрлі аспаздық дәстүрлер ықпалының қиылысында болды. Біздің гастрономиялық мәдениет жаңа дәмдер мен үйлесімдерге ашық. Меніңше, "Еуропа дәмі" Еуропалық Одаққа 28 мүше-мемлекеттің бәріне жасалған аспаздық саяхатқа тең".

Кітап бойынша жұмыс жарты жыл мезгілінде жүргізілді. Барлық рецепттер Еуропалық Одаққа мүше-мемлекеттермен ұсынылды.

Кітаптың электрондық нұсқасы:

Қосымша ақпарат бойынша Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова ханымға хабарласуыңызды өтінеміз: +7 7172 974567, elnara.bainazarova@eeas.europa.eu .