Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың қатысуымен өткен «ЕО-Қазақстан» ресми түскі ас

14/02/2019 - 10:17
News

14 ақпан күні Астанада Еуроодақ Елшісі Свен-Олов Карлссон мен ЕО елдерінің елшілері Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен кезекті ресми түскі ас форматында кездесуін өткізді. Кездесу барысында тараптар ЕО мен Қазақстан арасындағы қарқынды сауда-экономикалық ынтымақтастықтың болашақ даму бағыттарын талқылап, саяси, қауіпсіздік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара әрекеттесу мәселелерін пысықтады.

Айта кетейік, ЕО барлық сыртқы сауда айналымының үштен бірінен астамын және тікелей шетелдік инвестициялардың жартысынан астамын иеленетін Қазақстанның сауда және инвестиция саласындағы жетекші серіктесі болып табылады. Өткен жылы екі жақты сауданың көлемі 22,7 млрд. еуроны құрады. ЕО елдерінің Қазақстанға бағыттаған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі шамамен 60% құрайды.

Қосымша қараңыз