Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Инвесторды түсіну: ЕО мен Орталық Азия жасыл және климаттық қаржыландыруды талқылады

13/02/2018 - 07:49
News stories

6-7 ақпан күндері барлық Орталық Азия елдерінің өкілдері, Еуропалық Одақ (ЕО), халықаралық қаржы мекемелері (ХҚМ), халықаралық және аймақтық ұйымдардың, және ҮЕҰ өкілдері Брюссельде Италияның Қоршаған орта министрлігі төрағалық еткен Қоршаған ортаны қорғау және климат өзгеруі жөніндегі ЕО-ОА жұмыс тобының жетінші отырысына жиналып, Орталық Азиядағы аймақтық және ұлттық деңгейдегі саясаттағы соңғы өзгерістерді талқылады.

БРЮССЕЛЬ – 6-7 ақпан күндері барлық Орталық Азия елдерінің өкілдері, Еуропалық Одақ (ЕО), халықаралық қаржы мекемелері (ХҚМ), халықаралық және аймақтық ұйымдардың, және ҮЕҰ өкілдері Брюссельде Италияның Қоршаған орта министрлігі төрағалық еткен Қоршаған ортаны қорғау және климат өзгеруі жөніндегі ЕО-ОА жұмыс тобының жетінші отырысына жиналып, Орталық Азиядағы аймақтық және ұлттық деңгейдегі саясаттағы соңғы өзгерістерді талқылады.

Аймақта ЕО-Орталық Азия ынтымақтастығы бойынша стратегияны жүзеге асыруға үлес қосу үшін және қолдағы тәжірибе негізінде 2018 жыл Орталық Азияда нақты іс-әрекеттерді ынталандыру үшін аса маңызды. Су, энергетика және қалдықтарды басқару мәселелерін тұрақты шешу барлық Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық даму бағдарламаларының басымдығы болып табылады.

2017 жылдың шілде айында Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің Италия павильонында өткен жұмыс тобының 6-шы отырысында қабылданған шешіміне сәйкес, Еуропалық Одақ қаржыландыратын WECOOP2 жобасы «Инвесторлар бойынша басшылықтың» қорытынды жобасын және «Аймақтық білім орталығы» веб-порталын ұсынды. Бұл екі құралдың мақсаты – банк қаржыландыруы үшін сапалы жоба ұсыныстарын дайында бойынша басшылық беру және озық тәжірибемен бөлісу. Бұл ақпарат жобаны бағалау мен іске асырудың тиісті циклдарын, сондай-ақ қолданыстағы экологиялық және әлеуметтік өлшемдерді қамтиды.

Кездесуге қатысқандар Орталық Азияда мемлекеттері үшін қоршаған орта, энергетика, қалдықтарды басқару мен су секторы саласына инвестиция үшін ХҚМ мен донорлардың, оған қоса Орталық Азия үшін Инвестициялық қор арқылы, қаржысына қол жеткізуін арттыруды талқылады.Орталық Азияның барлық мемлекеттері осы қорға өтініш беруге құқылы. Қатысушылар, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары және климаттың өзгеруі саласында жұмыс істейтін Орталық Азия аймақтық ұйымдарын одан әрі нығайтудың негізгі бағыттарын талқылады.

Италияның қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған орта мен су бойынша ЕО-CA платформасы шеңберінде аймақтық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар, сондай-ақ, 2018 жылдың маусымында Ташкентте өтетін ЕО-Орталық Азия жұмыс тобының 8-ші отырысына дайындық бойынша ұсыныстарды талқылады.

Жалпы ақпарат

Еуропалық Одақтың “ЕО-Орталық Азия арасында қоршаған ортаны қорғау, климат өзгерісі мен су ресурстары бойынша аймақтық ынтымақтастықты нығайту жобасы (WECOOP2)” 2016 жылдың тамыз айында басталды. Жобаның мақсаты – Орталық Азиялық мемлекеттері арасында диалогты күшейту және олардың Еуропалық Одақпен қоршаған ортаны қорғау мен климат өзгерісі мәселелрі бойынша ынтымақтастығын нығайту.

Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын басқару жөніндегі Платформа ЕО-ның Орталық Азияға арналған Стратегиясы негізінде 2009 жылы Римде (Италия) өткен ЕО-ОА Жоғары деңгейдегі (министрлік) конференцияда құрылды. Қоршаған ортаны қорғау және климат өзгерісі жөніндегі ЕО-ОА Жұмыс тобы аймақтық ынтымақстастықтың басымдықтарын анықтайды және аймақтық деңгейде диалог пен ынтымақтастықты нығайту арқылы Платформаны қолдайды. 2010 жылдан бастап,

Қосымша сұрақтар бойынша WECOOP2 жобасының шараларды ұйымдастырушы сарапшысы Нургуль Смагуловаға, +7 (7172) 550 762, эл.пошта: nurgul.smagulova@mwhglobal.com, немесе Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің бас хатшысы Эльнара Байназароваға, эл.пошта: elnara.bainazarova@eeas.europa.eu,  хабарласыңыз.

Editorial Sections: