Delegation of the European Union to Kazakhstan

Астанада Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы сауда және кәсіпкерлік ынтымақтастығы талқыланды

Astana, 29/03/2017 - 00:00, UNIQUE ID: 170403_2
Press releases

АСТАНА – Бүгін Астанада "Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық келісімінің іске асырылуы: Қазақстан мен Еуроодақтың сауда және кәсіпкерлік салаларындағы мәселелері мен мүмкіндіктері" атты семинар өтті. Семинар жұмысына Еуроодақтың сауда бойынша Бас Директораты өкілдері, қазақстандық мемлекеттік қызметшілер, еуропалық және қазақстандық бизнестің, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

 

Іс-шара "Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық келісімінің (бұдан әрі – Келісім) сауда және кәсіпкерлік туралы баптары, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі бойынша хабардарлықты арттыруды іске асыру" Еуроодақ қаржыландырған жоба (бұдан әрі -Жоба) аясында ұйымдастырылды. Бұл жоба Келісімнің қажетті ережелерін тиімді іске асыру үшін заңнамалық-нормативтік базасының ерекше салаларында қамтылатын сауда және кәсіпкерлік баптары бойынша атап айтқанда, қызметтер көрсету саудасы, компаниялар құру және олардың жұмыс істеуі, мемлекеттік сатып алу, капитал қозғалысы, зияткерлік меншік құқықтары, кеден, санитарлық және фитосанитарлық шаралар мен стандарттар, сондай-ақ шараларды әзірлеу бойынша сәйкессіздіктерді анықтауға бағытталған.

 

Семинар барысында қатысушыларға Келісімде қамтылған салалар бойынша соңғы заңнамалық және практикалық бастамалар, олардың сауданы жеңілдету мақсаты, сондай-ақ Қазақстаның Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүшелігі және ДСҰ-ға кіру кезінде қабылданған міндеттемелері, Еуроодақ пен Қазақстан бизнесінің пайдаларына шоғырландырылған  Келісімнің тиімді іске асырылуы туралы ақпарат берілді.

 

Зерттеу жұмысы 2018 жылдың ақпан айына дейін жалғасады және Еуроодақпен Әріптестік Құралы шеңберінде, "Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық Келісімінің сауда және кәсіпкерлік туралы баптары,  сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі бойынша хабардарлықты арттыруды іске асыру" Еуроодақ қаржыландырған жобасына сәйкес жүзеге асырылады. Екінші семинар 2017 жылғы маусымда Алматы қаласында өткізу жоспарланған.

 

Анықтамалық ақпарат

Астанада Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге 2015 жылы 21 желтоқсанда қол қойылды және 2016 жылғы 1 мамырдан бастап уақытша орындалуы енгізілді. Келісім ДСҰ-дың іргелі ережелері мен қағидаттарын қолдануды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесімен Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы  екіжақты сауда ынтымақтастығын нығайтады. Бұл қызметтер көрсету саудасы, компаниялар құру және олардың жұмыс істеуі, капитал қозғалысы, сатып алу және зияткерлік меншік құқығы сияқты салалардағы экономикалық операторлар үшін реттеуіш ортаны неғұрлым тиімді қамтамасыз етеді. Соңғы он жыл ішінде Еуроодақ Қазақстанның сыртқы сауда айналымында 40% үлесімен бірінші сауда әріптесі және тікелей шетелдік инвестициялардың  жартысынан астамы өзіне тиесілі бірінші шетелдік инвестор. Екіжақты сауда көлемі 31 млрд. еуро құрайды.

Editorial Sections:

Author