Delegation of the European Union to Kazakhstan

Еуропалық Одақпен қаржыландырылатын пилоттық сот қызметіне сарапшылық бағалау Қазақстандағы сот басқаруы механизмін жетілдіру ісіне үлес қосуда

Bruxelles, 25/01/2017 - 11:17, UNIQUE ID: 170125_11
Press releases

AСТАНА – 26 қаңтар 2017 ж. Қазақстан Жоғарғы соты, өзінің жыл сайынғы пленарлық отырысының шеңберінде, «ЕО - Орталық Азия» құқық үстемдігі платформасы» жобасының қолдауымен Қазақстанның пилоттық сот инстанциясының қызметін сарапшылық бағалауға арналған презентация өткізеді.

«ЕО – Орталық Азия» құқық үстемдігі платформасының» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен бірлесе отырып, Қазақстанның пилоттық сот инстанциясы қызметіне талдау жүргізді. Ақмола облысы Целиноград аудандық сотын (жалпы сот құзыретіндегі пилоттық сот ретінде қаралатын) бағалау бойынша миссия 2016 жылдың қыркүйек-қазан айында Ақмола ауылында өтті. Зерттеуді жүргізу бойынша сарапшылық топтың құрамында Фор-де-Франс қ. Апелляциялық сотының бұрынғы Президенті Эрве Экспер мырза, және Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының судьясы Елена Ақмолдаева ханым бар. Міндетке мына іс-шаралар кірді: сот қызметкерлерімен, Бас прокуратураның жергілікті органдарымен, Адвокаттар алқасы, сот орындаушылары және ілеспе мамандықтардың басқа да өкілдерімен екіжақты байланыстар орнату және сұхбаттар жүргізу; қолданыстағы заңнаманы, нормативтік-құқықтық актілер және сот тәжірибесін талдау, сондай-ақ зерттеуді өткізу орнына бару. Сот басқаруына, оны ұйымдастыру және процессуалдық нормаларға ерекше назар аудара отырып, миссиямен қолданыстағы стандарттар, сондай-ақ кемшіліктер, дұрыс істелмеген әрекеттер мен бұзушылықтар анықталды; талаптарға сәйкес ресурстардың болуы бағаланды (осы факторлардың бағалау нәтижелері мен сот беделіне ықпалы аталды), және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына есеп тапсырылды. Қызметті бағалау бойынша есеп пилоттық сотты толық талдау негізінде әзірленген ұсыныстарды қамтыды.  

2017 жылдың 26 қаңтарында Жоғарғы Соттың 2016 жылдағы сот қызметін бағалауға арналған жыл сайынғы пленарлық отырысының шеңберінде Платформаның сарапшылар тобы кейіннен Қазақстанның сот жүйесіне енгізу үшін озық сот нормалары мен процедураларына негізделетін өз қорытындылары мен пікірлерін ұсынады. Мәжілісте Жоғарғы Соттың барлық судьялары, Қазақстанның облыстық соттардың барлық төрағалары, сондай-ақ Еуропалық Одақ, Франция және Германияның дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысатын болады.

Өткізілген зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Орталық аппаратының Қазақстандағы сот басқаруын және сот қызметтерін жетілдіру бойынша кейінгі қадамдарды жоспарлау мүмкіндігі пайда болады. Өз кезегінде, сот жүйесінің сапасы мен тиімділігі Қазақстандағы құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға көмектеседі. ЕО жоғарғы өкілі/Вице-президент Федерика Могеринидің айтуы бойынша, «терең және толық ауқымды сот реформасы […] халықтың басым бөлігінің жауапты, тәуелсіз және ашық сот әділдігіне деген көп уақыттан бергі қажеттілігін көрсетеді».

«ЕО - Орталық Азия» құқық үстемдігі платформасының» жобасы Орталық Азия елдерінің әрбіреуінде саяси диалогқа жәрдемдесуге және құқықтық реформалауға мүмкіндік беретін шараларды қамтамасыз етудің қолдау механизмі ретінде әрекет етеді. Платформаның қызметі 1,8 млн. еуро мөлшерінде Еуропалық Одақ есебінен қаржыландырылады және IBF консалтингтік компаниясымен іске асырылады.

 

Нақтырақ ақпаратты алу үшін Сіз Жоба жетекшісі Ксавье Барре мырзаға + (33) 661 207 074 телефоны бойынша, электрондық пошта: barre@ruleoflaw.eu, немесе ЕО-ның ҚР-дағы Өкілдігінің ақпарат мәселелері бойынша үйлестірушісі Эльнара Байназарова ханымға + 7 (7172) 97 45 67 телефоны бойынша, электрондық пошта elnara.bainazarova@eeas.europa.eu жүгіне аласыз.

Editorial Sections:

Author