Delegation of the European Union to Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Еуропалық Одақ Ресми өкілінің мәлімдемесі

Bruxelles, 20/12/2016 - 05:15, UNIQUE ID: 161220_11
Statements by the Spokesperson

Еуропалық Одақ Қазақстан Республикасын мемлекеттік тәуелсіздікті жариялаудың 25 жылдығымен құттықтайды.

Еуропалық Одақ Қазақстанда трансформация үдерістерін қолдайды және Қазақстан халқының игілігі үшін осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады. Біз Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім және Орталық Азия бойынша ЕО стратегиясы негізінде елдің дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі жолында ұзақ мерзімді қатынастарға мүдделіміз. Келесі жылы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу аясында Қазақстанға барынша табыс тілейміз.

Брюссельде 4 қазанда өткізілген ЕО-Қазақстан Ынтымақтастық кеңесі жаңа Келісімге қол қойылғаннан кейін орын алған алғашқы басқосу болып,  Келісімнің уақытша қолданылуын, сондай-ақ барлық салалардағы біздің екіжақты қарым-қатынастардың нығаюын қарастыруға мүмкіндік берді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның алдағы мүшелігі біздің өзара ынтымақтастығымызды көпжақты форумдар шеңберінде одан әрі нығайтуға, сондай-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара ықпалдастықты жандандыруға жол ашады.

Author