Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Еуропалық Одақта оқу және саяхаттау

12/05/2016 - 11:31
Travel to the EU

Осында ЕО және Қазақстан арасында саяхаттау, сонымен қатар оқу сапарлары мен ЕО туралы ақпаратқа қол жеткізу бойынша ақпарат берілген.

ЕО-ға бару үшін Қазақстан азаматтары виза рәсімдеуі қажет. Баратын жеріне байланысты Шенген немесе ұлттық виза қажет болады.

ШЕНГЕН ВИЗАСЫ ҚАНДАЙ ЕЛДЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

Бүгін Шенген келісімінің ережелері толыққанды түрде Шенгенаймағының 26 елінде (Шенген ел) :Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Дания, Греция, Исландия  Италия  Латвия, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция жәнеЭстонияда қолданылады. Бұл елдерқысқа мерзімдівизағақатыстыбірыңғай саясатты ұстанады. Шенген визасын алып, Сіз Шенген аймағының бүкіл аумағында  кедергісіз жүре аласыз.

ҰЛТТЫҚ ВИЗА ҚАНДАЙ ЕЛДЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

Кипр, Болгария, Румыния, Ұлыбритания мен Ирландия бұрынғыдай ұлттық виза ресімдеуде. Осындай визалар қысқа уақыт ішінде және оларды берген мемлекеттер аумағында ғана қолданылатынын білдіреді.

ВИЗА АЛУ ҮШІН ҚАЙДА БАРУ КЕРЕК?

Егер Сіз Шенген аймағына кіретін тек бір мемлекетке баратын болсаңыз, онда осы мемлекеттің елшілігіне немесе консулдығына өтінішпен баруыңыз керек. Егер Сіз Шенген аймағына кіретін бірнеше мемлекетке баратын болсаңыз, онда Сіздің барып тұратын негізгі орныңыз болатын елдің елшілігіне немесе консулдығына өтінішпен баруыңыз керек. Егер Сіз Шенген аймағына кіретін бірнеше мемлекетке баратын болсаңыз, бірақ негізгі бағытыңыз болмаса, онда визаға өтінішті бірінші кезекте баратын елдің елшілігіне немесе консулдығына тапсыруыңыз қажет.  

Қосымша ақпарат үшін жиі қойылатын сұрақтарды

"Шекарасыз Еуропа: Шенген аймағы" кітапшасы

ЕО визалық саясаты туралы қосымша ақпаратты Сіз Бостандық, қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бас басқармасының сайтынан ала аласыз.

Визаға өтініш беру рәсімі туралы қосымша ақпарат алу үшін ЕО мүше-мемлекеттер елшілігіне немесе консулдығына хабарласуыңызды өтінеміз (Елшіліктер бөлімін қараңыз).

Австрия

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Шұбар шағын ауданы,
Космонавтов көшесі, 62, РЕНКО үйі, 9 қабат
Тел.: +7 (7172) 97 78 69  
+7 (7172) 97 78 78 
Факс: +7 (7172) 97 78 50 
E-mail: astana-ob@bmeia.gv.at

Бельгия

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Шұбар шағын ауданы,
Космонавтов көшесі, 62, РЕНКО үйі, 3 қабат
Тел.: +7 (7172) 97 44 85 
+7 (7172) 97 44 86 
Факс: +7 (7172) 97 78 49 
E-mail: embassy.astana@diplobel.fed.be 
Web site: www.diplomatie.be/astana

Болгария

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Сары Арқа көшесі, 15
"Іскер" бизнес-үйі 
Тел.: +7 (7172) 90 15 15 
Факс: +7 (7172) 90 18 19 
E-mail: astanabulemb@mail.ru , astanabulemb@mail.bg 

Чех Республикасы

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Сары Арқа көшесі, 6
"Арман" бизнес-үйі, 13 қабат
Тел.: +7 (7172) 66 04 72  
+7 (7172) 66 04 77 
Факс: +7 (7172) 66 01 42 
E-mail: astana@embassy.mzv.cz 
Сайт: www.mzv.cz/astana

Дания

Дания сауда комиссия және консулдық 

Қазақстан Республикасы 050051
Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 130
Тел..: +7 727 291 77 54 
Факс: +7 727 293 82 62 
E-mail: alahkt@um.dk   
Сайт: www.dtcalmaty.um.dk

РФ-да орналасқан Дания елшілігі 

Ресей 119034
Мәскеу қаласы, Пречистеский тас көшесі, 9
Тел.: +7 (495) 642 68 00 
Факс: +7 (495) 775 01 91
E-mail: mowamb@um.dk 
Сайт : www.ambmoskva.um.dk

 

Эстония

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай Батыр даңғылы, 28  
Тел.: +7 (7172) 24 02 80 
Факс +7 (7172) 24 02 81 
E-mail: embassy.astana@mfa.ee

Финляндия

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Самал шағын ауданы, 12 
"Astana Tower", 17 қабат 
Тел.: +7 (7172) 22 39 39 
Факс: +7 (7172) 22 39 69 
E-mail: sanomat.ast@formin.fi

Франция

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Шұбар шағын ауданы,
Космонавтов көшесі, 62, РЕНКО үйі, 4 қабат 
Тел.: +7 (7172) 79 51 00 
Факс: +7 (7172) 79 51 01 
E-mail: ambafrance@mail.ru 
Сайт: http://www.ambafrance-kz.org

Алматы қаласы Франция елшіліктің өкілдігі 

Қазақстан Республикасы  050000 
Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 99 
Тел.: + 7 (7273) 96 98 00 
Факс: + 7 (7273) 96 98 20

Германия

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Шұбар шағын ауданы,
Космонавтов көшесі, 62, РЕНКО үйі,  2 қабат 
Тел.: +7 (7172) 79 12 00 
Факс: +7 (7172) 79 12 13 
E-mail: info@astana.diplo.de 
Сайт: http://www.astana.diplo.de

Алматы қаласы бас консулдық 

Қазақстан Республикасы 050051 
Алматы қаласы,Иванилов көшесі, 2 
Тел.: + 7 (7272) 62 83 41/46/49; 
+ 7 (7272) 71 69 28 (Visa section) 
E-mail: info@almaty.diplo.de

Греция

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Қараөткел-2 шағын ауданы, 109 
Тел.: + 7 (7172) 56 37 14 
+ 7 (7172) 56 37 84 
Факс: + 7 (7172) 56 38 26 
E-mail: gremb.ast@mfa.gr

Венгрия

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Шұбар шағын ауданы,
Космонавтов көшесі, 62, РЕНКО үйі, 9 қабат
Тел.:: +7 (7172) 55 03 23 
Факс: + 7 (7172) 55 03 24 
E-mail: mission.ast@mfa.gov.hu

Алматы қаласы бас консулдық 

Қазақстан Республикасы 050000 
Алматы қаласы, Мусабаев көшесі, 4 
Тел.: +7 (7272) 55 13 08, 55 12 06, 
Факс: +7 (7272) 58 18 37   
E-mail: mission.ala@mfa.gov.hu

 

Ирландия

Ресей 129010 
Мәскеу қаласы, Грохольский тас көшесі, 5  
Тел.: +7 (495) 937 59 11 
Факс: +7 (495) 680 06 23 
E-mail: moscowembassy@dfa.ie

Италия

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Шұбар шағын ауданы,
Космонавтов көшесі, 62, РЕНКО үйі, 1 қабат
Тел.: +7 (7172) 24 33 90, 
+7 (7172) 24 38 68 
Факс: +7 (7172) 24 36 86 
E-mail: ambasciata.astana@esteri.it 
Сайт: www.ambastana.esteri.it

 

Алматы қаласы бас консулдық 

Қазақстан Республикасы 050051 
Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 41 b 
Тел.: +7 (7272) 66 36 09 
Факс: +7 (7272) 34 11 15 
E-mail: info@adalaconsulting.com

 

Латвия

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1 
"Каскад" бизнес-орталығы, 122  офисі
Тел.: +7 (7172) 92 53 16 
+7 (7172) 92 53 17 
Факс: +7 (7172) 92 53 19 
E-mail: embassy.kazakhstan@mfa.gov.lv

Литва

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1 
"Каскад" бизнес-орталығы
Тел.: +7 (7172) 925 850 
Факс +7 (7172) 925 853 
E-mail: amb.kz@urm.lt

Люксембург

Ресей 119034 
Мәскеу қаласы, Хрущовский тас көшесі, 3 
Тел.: +7 (495) 786 66 63 
Факс: +7 495 786 66 69 
E-mail: moscou.consulat@mae.etat.ln 
Сайт: www.luxembourgbusiness.ru

Мальта

Ресей 
Мәскеу қаласы, Коровий вал 7, 219 офисі 
Тел.: +7 (495) 237 19 39/81
Факс: +7 (495) 237 21 58 
E-mail: maltaembassy.moscow@gov.mt

 

Нидерланды

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Шұбар шағын ауданы,
Космонавтов көшесі, 62, РЕНКО үйі, 3 қабат
Тел.: +7 (7172) 55 54 50 
Факс: +7 (7172) 55 54 74
E-mail: ast@minbuza.nl

Алматы қаласы офисі 


Қазақстан Республикасы 050000 
Алматы қаласы, Наурызбай Батыр көшесі, 103 
Тел.: +7 (7272) 50 37 73 
Факс: +7 (7272) 50 37 72 
E-mail: alm@minbuza.nl

 

Польша

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Сары Арқа көшесі, 15
"Іскер" бизнес-үйі 
Тел.: +7 (7172) 90 10 11, 90 10 14 (консулдық бөлімі) 
Факс: +7 (7172) 90 10 12, 90 10 16 
E-mail: astana.amb.sekretariat@msz.gov.pl 

Бас консулдық 

Қазақстан Республикасы 050059 
Алматы қаласы, Горный Гигант ауданы
Джаркентская/Искандеров көшесі, 9-11/13 
Тел.: +7 (7272) 58 16 17 
Факс: +7 (7272) 58 90 10 
E-mail: astana.amb.wk@msz.gov.pl

Португалия

Ресей 119034 
Мәскеу қаласы, Ботаническая аллея көшесі, 1 
Тел.: +7 (495) 981 34 10 
Факс: +7 (495) 981 34 16 
E-mail: embptrus@moscovo.dgaccp.pt

Румыния

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 28 
Тел.: +7 (7172) 28 62 01 
Факс: +7 (7172) 28 62 03 
E-mail: amb@romania.kz

Словакия

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев к-сі 1, Блок С, 11 үй 
Тел.: +7 (7172) 79 06 88
Факс: +7 (7172) 79 06 88
Website: www.mzv.sk/astana

Словения

Ресей 127006 
Мәскеу қаласы, Малая Дмитровка көшесі, 14/1 
Тел.: + 7 (495) 737 63 55/98 
Факс: +7 (495) 694 15 68 
E-mail: vmo@gov.si

Испания

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Кеңесары даңғылы, 47 үйі, 25 пәтер 
Тел.: +7 (7172) 20 15 35, 20 15 36 
Факс: +7 (7172) 20 03 17 
E-mail: emb.astana@maec.es

Швеция

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Самал шағын ауданы, 12
Астана Тауэр 17 қабат
Тел.: +7 (7172) 59 18 05
Факс: +7 (7172)59 18 06 
E-mail: manne.wangborg@foreign.ministry.se

 

Біріккен Корольдік

Қазақстан Республикасы 010000
Нұр-Сұлтан қаласы, Шұбар шағын ауданы,
Космонавтов көшесі, 62, РЕНКО үйі, 6 қабат
Тел.: +7 (7172) 55 62 00 
Факс: +7 (7172) 55 62 11 
E-mail: britishembassy@mail.online.kz 
Сайт: www.ukinkz.fco.gov.uk

Алматы қаласы Біріккен Корольдік елшіліктің өкілдігі 

Қазақстан Республикасы 050051 
Алматы қаласы, Самал 2 шағын ауданы, 
Жолдасбеков көшесі, 97, "Samal Towers" 
A2 блогі, 9 қабат 
Тел.: +7 (7272) 50 61 91 
Факс: +7 (7272) 50 71 12
Виза беру орталығы 
Самал 1 шағын ауданы, № 34 үйі

Erasmus+

Erasmus+ – Еуропалық Одақтың оқуға, жаттығуға, жастарға және спортқа арналған бағдарламасы. 2014 және 2020 жылдар аралығында ол миллиондаған адамдарға оқу, жаттығу және шет елдік өмір тәжірибесін алу мүмкіндігін береді.

Erasmus+ бағдарламасы Erasmus Mundus деп аталатын халықаралық алмасу бағдарламасын қоса бірнеше ескі бағдарламаның орнын басады.

Erasmus Mundus бағдарламасы 2013 жылы желтоқсанда аяқталды, бірақ ағымдағы жобалар келісімдердің мерзімі аяқталғанша жалғаса береді.

Лингвистикалық қолдау, өтініш берушілерге арналған құжаттар және ұсыныстарды өңдеу туралы қосымша ақпаратты Erasmus+ веб порталының Ресурстар бөлімінен көріңіз.

Еуропалық Одаққа келіп кетушілер бағдарламасы

Қазақстанның жас кәсіби мамандары Еуропаға Еуропалық Одаққа келіп кетушілер бағдарламасы (EUVP) арқылы оқу курстарына бара алады. Бұл бағдарлама ЕО құндылықтары, қызметтері, іс-шаралары және саясаттары туралы білу мүмкіндігін береді.

EUVP бағдарламасы мемлекет өкілдері, журналисттер, мұғалімдер және қайырымдылық қорлары мен мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері үшін ашық.

Өтініштер мына мекенжайға жіберілуі керек:

EUVP координаторы
Еуропалық Одақ делегациясы
62, Космонавттар көшесі
Нұр-Сұлтан, Қазақстан 010000

Хат қысқа, ағылшын тілінде болуы және мынаны қамтуы керек:

  1. Өтініш берушінің ағымдағы лауазымы;
  2. Өтініш берушінің қызмет саласы;
  3. Еуропада оқитын сала туралы ақпаратты, әсіресе оның өтініш беруші қызметінің мақсаттарына не қатысы бар екенін көрсетіңіз;
  4. Толтырылған өтініш формасы;
  5. Егжей-тегжейлі түйіндеме.

Өтініш қабылдаудың соңғы мерзімі – әр жылдың 1 наурызы.

Өтініштер 1 наурызға ДЕЙІН делегация кеңсесіне ағылшын тілінде (түпнұсқалардың қағаз көшірмелері қажет).

Еуропалық Одақтың тарихына және ағымдағы оқиғаларына, оның стратегиялары мен интеграциялық үдерістерінің болшағына жұртшылықтың қолжетімдігін кеңейту мақсатында, ЕО бүкіл әлемде қоғамдық Ақпараттық Орталықтар ашуда. Қазіргі уақытта Қазақстанда осындай екi орталық қызмет етуде.

Бірінші Ақпараттық Орталық 1998 жылы Қазақстанда, Алматы қаласында ашылды.  2007 жылы Нұр-Сұлтанда Ақпараттық Орталық құрылды. Ақпараттық Орталық Орталық Азия елдерінің ірі университеттерінің жанында жұмыс істейді.

Орталықтардың міндеттері:

  • Еуропалық Одақ, оның саясаты мен қызметі туралы ақпаратты кеңінен тарату;
  • Еуропалық интеграция саласында сабақ беруді және зерттеу қызметін таратуға және жандандыруға көмектесу;
  • Еуропалық Одақпен, соның ішінде басқа ақпараттық орталықтармен және қажет болса, білім беру желілерімен байланысты мәселелер жөніндегі талқылауларға қатысу;
  • Еуропалық Одақтың және Еуропалық Комиссия Өкілдігінің Орталық Азиядағы қызметі мен саясаты туралы ақпарат беру болып табылады.

Басқа сөздермен айтқанда, Еуропалық Ақпараттық Орталықтар университеттердің студенттері мен оқытушыларын Еуропалық Одақ жөніндегі барлық қолжетімді ақпараттық материалдармен (негізінен - әдебиетпен) қамтамасыз етеді. Ақпараттық Орталықтар Еуропалық Бірлестіктің оларға берген жарияланымдарын өңдейді, каталогтайды және индекстейді. Сондай-ақ, бұл Орталықтар  келушілерге Интернет арқылы Еуропалық Одақ туралы ақпаратты іздеуге мүмкіндік береді.

Байланыстар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕО АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ

Нұр-Сұлтан
Еуразиялық Ұлттық Университет
Янушкевич көш., 6, 226-офис
Тел.: 7 7172 372-429

Алматы 
Қазақ Ұлттық Университеті
Халықаралық Қатынастар Факультеті
Әл Фараби даңғ. 71, №8-ғимарат 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕО БҰРЫШТАРЫ

Еуропалық Одақ пен Қазақстанның өзара әрекеттестігі туралы қоғамның хабардарлығын көтеру мақсатында, Еуропалық Одақ Өкілдігі университет кітапханаларының иелігіне «ЕО бұрышы» атауымен ақпараттық пакетті береді. Қазақстанда жобаның эксперименттік кезеңі 2008 жылы басталды. Қазіргі уақытта ЕО 15 тұрақты Бұрыштары  Қазақстанның өңірлеріндегі университеттік кітапханаларды Еуроодақ туралы барлық ақпарат көздерімен, негізінен әдебиетпен, брошюралармен, аудиокөру, жарнамалық және басқа материалдармен жабдықтайды.

Қосымша қараңыз

Editorial Sections: